25 Қараша, 2017

біз туралы

Өркен Дарханұлы Кенжебек

Қайта құру деп ұран тасталған 1985 жылдың 19 қазанында “құрастырылған”. Жамбыл өңірі, Талас ауданы, Ойық ауылының тумасы. Дархан деген әкесі, Зәбира деген анасы, Бану деген қарындасы бар деседі мұрағат деректері… Сегіз жыл информатика саласын оқып тауысса да, нанын журналистикадан тауып жүрген жайы бар. . Вьетнамсидао, джиуджитсу, кунг-фу секілді спорт түрлерінің… аттарын жатқа соғады. Қызығатын дүниесі ой қисапсыз: үнді киносы, автокөлік журналдарын жинау, сурет жинау, обшм қолына түскенді жинай береді. Құлақта бар дерекке сенсек, өзінің “Өркен-2030″ деген стратегиялық бағдарламасына сай үйленуді, ағылшын тілін жете меңгеруді, домбыраның құлағында ойнап, шетелге шығуды жоспарлап қойыпты (шытыс!).