26 Қыркүйек, 2017

ТАРИХ

Мамырдың 31-і жақындап келеді. Қуғын-сүргін құрбандарын аза тұту күні бұл. Қазақты қынадай қырған зұлмат жылдар, аштықтың шындығын шырылдап айтқан қайраткерлерді ату-асу.

Қуғын- сүргін құрбандарын еске алу дегендегіміз осы еді. Сонымен «Голощекиндік геноцид», «Қызыл қырғын» аталып кеткен зобалаң қалай жүріп еді? Журналистік зерттеуімізді ортаға жайдық.

 

 

Қазақты жою жобасы – 1932 жыл. Тек жалғасы...

Қазақты ұлт ретінде жою - әу бастағы жоспар бола-тұғын. Түбін қуаласаң, империалистік Ресейге бір-ақ кетесің. Столыпин реформасы. Бұл жоба бойынша, қазақты шөлейт далаға қуып, орнына шұрайлы жерлерге ішкі Ресейден орыс шаруаларын алып келу, қоныстандыру еді. Авторы - Петр Столыпин. Патшалық өкіметтің министрлер кабинетін басқарған кісі. Иә, орыстың жер тартып алу тірліктері бұған дейін де жүргізіліп жатқан. Ал Петрдің бұл істі тездетуінің басқа себебі болды.

Ол кезең орыс мұжықтарының жаппай бас көтеріп жатқан тұсы еді. Ресейді революция елесі кезді. Болары анық апаттан Ресейді сақтау үшін наразы кедейді, революциялық пейілді байшыкештерді сыртқа қарай қоныстандырмақ болды. Ынталандырудың бар амалы қарастырылды. Көшсең, ақша төленді, 10 жылға салық алынбады. Діттеген ой орындала бастады. Мәселен, 1906-1913 жылдар аралығында Ақмола, Торғай, Орал және Семей облыстарына 430 мың отбасы көшіп келді. Патша әкімшілігі мұжықтардың қолына мылтық та берді. «Қорғануың үшін», - деп. Қолға қару тигесін орыс ойранды бастады. 1916 жылғы қазақтың бас көтеруіне мұжықтардың бассыздығы себеп болған еді. (Қилы заман, Ақбілек  романдарын қараңыз)

 

                  Теңдік әперем деп, тепе-теңдікті  бұзған бәлшебектер.

 1918 жыл. «Теңдік» ұранын ұстаным еткен бәлшебектер билікке көтерілді. Қылмысты жолмен. Төңкеріспен. Патшаны күшпен құлатса, ел - екіге бөлініп азамат соғысы басталарын білді. Біле тұра барды. Құлатты. Міне, осы тұстан бастап қазақ үшін қасірет дәуірі басталды. Тұран топырағы «қызыл» мен «ақ» болып қырқысқандардың майдан даласына айналды. Ақ болыспадың деп бопсалады. Қызыл да қырғын жасады. Дәл осы соғыс жылдары бәлшебектер «әскери коммунизм» саясатын түзді. Ол бойынша басы артық мүлік мемлекетке өткізілу керек делінді. Алайда артық өнім емес, соңғы үнемге дейін күшпен тартып алу жүріп жатқан еді. Әрі қуаңшылық, қыстың ұзаққа тұруы да жағдайды қиындатты. Мұның соңы: 1 700 мың қазақтың қырылып қалуына сеп болды.

Коммунистер әскери коммунизмінің түбі құрдым екенін тек 1921 жылы ғана түсінді. Содан кейін «Жаңа экономикалық саясат» бағдарын түзді. Бірақ бұл тыныс та ұзаққа созылған жоқ еді. 1925 жылдың күзінде Қазақстанға қызыл жендет Филипп Голощекин жіберілді. Келе сала, «қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет» деп лепірді. Социализм құрбандық қажет етеді, сондықтан бұл науқан азаматтық соғысқа ұласуы да заңды деп көкіді.

Дәл осы тұста І бесжылдық жоспары түзілді. Партия КСРО-ны «аграрлы елден индустриялды мемлекетке» айналдырмаққа ниеттенді. Сырттан техника сатып алына бастады. Зауыт-фабрикалар бой көтерді. Алайда қаржы тапшы еді. Оған қоса, индустриялды орталықтарда 12 миллионға жуық жұмысшы жиналып қалған-ды. Яғни 12 миллион ауыз бар. Оларға азық керек. Нан керек! Қайтпек керек? 1928 жыл. Байлардың мүлкін тәркілеп, жыртық қалтаны сонымен толтырмақ болды.  Қаулы бойынша, мал басы 150-ден асса бітті, талапайға түсуі тиіс делінді. Не керек, сол заманда мыңға тарта дәулетті кісі бай-құлақ аталып қудаланды. Атылды, жер аударылды.

Бірақ, тартып алған мал-мүлік – жұмысшыға жұқанақ болмады. Бюджеттің де бүйірі бүлкілдемеді. Жиналған мал 2 миллионнан сәл-ақ асатын. 40 миллион қойы бар қазақ үшін бұл түк емес. Қаланы асыраудың басқа амалы керек.

 

             ҰЖЫМДАСТЫРУ – немесе босаған жерге орысты отырғызу

Енді кеңесшіл  көсемдер индустриялды қалаларды асыраудың бір-ақ амалы – ауылды реформалау деп шешті. Ол үшін – тұрмыс қолайына қарай, жайылым-қыстауына орай қоныстанған елді, бір жерге ұжымдастыру керек екен. (Дәстүрлі қазақтың ауылы – ортада үлкен шаңырақ, ал енші алысқаны айналаға шашырап отыратын. Сөйтіп, даланың бір пұшпағы да бос қалмайтын.) Бұл әрине, бәлшебектерге ұнамады. Сөйтті де, социализм құуршы ұлтқа жер аршу саясатын бастады (дұрысы, жалғастырды).

Жаппай ұжымдастыру былай жүрді. Айналасы 200-300 шақырымдағы түгел ауылды бір жерге иіріп жинады. Кілең киіз үйден құралған, жапан даладағы бұл «қала» – «Жолдас Голощекин» аталды. Мыңғырған малды алаңқай сызып, арқан тартып сонда сақтамақ болды. Колхоздастыру күшпен әрі өте асығыс жүргізілді. Оны мынау санайғақтан білуге де болады:

1928–1931 жыл­дардағы ұжым­дасты­ру ба­рысы:

Рес­публи­ка ша­ру­ашы­лығының

1928 жы­лы 2% -ы,

1930 жы­лы сәуірде 56,4%-ы,

1931 жы­лы қазан­да 69%-ы ұжым­дасты­рыл­ды.

Шашырай қонған қазақтың қоныстарын бір жерге жинаудың арқасында, дала аршылды. Бос жер көбейді. Ресейден мұжықтарды әкелу басталды. Ұжымдастыруға көмек деген желеумен. Не керек, қазақтан қауқар кетті.

Бұрынғы мал енді мемлекеттің мүлігі. Енді Кеңес үкіметі ет дайындау науқанына кірісті. Қазақтың даласында, «Союзмясопродукт», «Казживотноводсоюз», «Скотовод», «Овцевод», «Ленинградмясо», «Москвамясо» сынды қасапханалар салынды. 1930-1931 жылдары бұл мөлшер  екі есе ұлғайтылып, 7 750 мың пұт ет дайындалды. Сойып алынған соғым ішкі Ресейге ағылды. Ал, қазақ қараптан қарап ашыға бастады. Себебі, қорасындағы қойы енді өзінікі емес, өкіметтікі. Өлтіреді, тиссе. Міне, ашығу осыдан басталды. Оның үстіне «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандатқан шолақ белсенді деген тағы қосылды. «Қайдан тапсаң, оннан тап. Қаптың түбін қақ» деп дегбірді алды. Бұл бассыздықтар Бейімбет Майлиннің шығармасында былай деп баяндалады: «Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі...».

Құл-құтаннан құралған «комсомол», «белсенділер» көзге түсудің бар қамын жасады. Тек малмен күнелткен елге бидай салығын салды, қазақы ауылдардан етке шошқа өткізуді жүктеді. Орылып алынған егін даласынан масақ жинағанды түрмеге отырғызды, өз қойын сойып алғанды сотқа сүйреді. Бұл қазақты қорлау еді.

 

                              Қазақтың соңғы тұяқ серпуі

 Шыдамның да шегі бар. «Малым жанымның садағасы» дейтін қазақ төрт түлігін тартып алғанда сабыр деді. Соңынан жан дүниесіне дүрбелең салғанда, қауқары бары қолға қару алды. 1928-30 жылдары республиканың түгел аумағын қамтыған 372 көтеріліс болып өтті. Оған 80 мың адам қатысты. Коммунистер пулемет, ұшақ, атты әскерді қарсы қолданды. Алайда, әбден ашынған халық ажалға тура шапты. Іс насырға шапқасын, бәлшебектер келісімге келуге мәжбүр болды. Араға адам салып, «қаруын тапсырсын, талабын орындаймыз, жазалау болмайды»- деп сендіріп бақты. Екі тарапты табыстыру Елтай Ерназаров, Әліби Жангелдиндерге жүктелді. Бас көтерген қазақтардың талабы мынау еді:

1. Дін бостандығын беру, мешіттерді қайтару, діни салттар мен шараларға кедіргі жасамау;

2. Ірі байлар тәркіленгеннен кейін, енді тәркілеу болмайтындығы жөнінде декрет шыққан еді, бірақ бұл іс орта шаруаға қарсы әлі жасалуда;

3. Колхоздарға зорлап кіргізу тоқтатылсын. Олар тек ерікті негізде кіргізілсін;

4. Қазақ даласында тапқа бөліп, жіктеуді қою керек. Істі шешуге комсомолдарды жібермеу, оны ауылдың жалпы жиналысында шешу қажет;

5. Салықтарды мал-мүліктің санына қарай салу керек. Егін екпейтіндерге астық салығы салынбасын…»

Алайда, бұл алдаусырату еді. Мылтығын тапсырып болысымен, қызыл армия «басмашы» деп жаппай атып-асуды бастады. Ауылдарды шапты. Малын айдап кетті. Қазақтың соңғы демі үзілді. Соңғы рет тұяқ серпіді.

 

Аштық жайлады

 «Ұжымдасып ең­бек етуге» кірісер алдында қазақ қожалықтарында 40 миллион қой бар еді, аштық салдарынан 1933 жылы 4-ақ миллионға әзер жетті. Малды қойшы. Қазақ ше?! «Әлхамдулилла, 6 миллион қазақпыз»,- деген еді бір кездері Ахаң. Ал аштық кезінде миллиондар мерт болды.

«Қазақстанда орын алып отырған адам төзгісіз ашар­шы­лық­тан қазақ халқы түгелдей қы­рылып қалудың аз-ақ алдында тұр­ғанын айтып ек, ол: «Бұл сары пәлекет­тер­ден тек сондай жолмен ғана құ­тылуға болады»,-деп жауап берді».

Никита Хрущев. 1956 жылғы КПСС-тің ХХ съезі. «Сталин және жеке басқа табыну» баяндамасынан үзінді.

Аштық. Дәл осы жолдарға дейін жазып келдім де, ары қарай саусақ батпайды. Пернетақтаны емес, өлген кісілерді таптап жатқандайсың. Ауыр. Дәл осы зұлматты ұлт зиялылары жаны ауыра жазды, жеткізуге тырысты. «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» дегендер соған дәлел. Міне, 1937 ж­ы­лы «халық жауы» деп қамауға алынып, сот­тал­­ған, кейін ату жазасына кесілген Мансур Ға­­таул­лин «бесеудің» бірі еді. Сотталғандар орын­дығын­да отырғанда өз жолдастарын көр­сетіп бы­лай депті:

«...Мыналар – халық жаулары емес. Жау – менмін. Сондықтан да мені сот­таң­дар. Бірақ мен де – халық жауы емеспін, ха­лық жау­ларының жауымын. Ал ондай жау бо­луым 1932 жылы командировкамен Кент­ке кел­­ге­­нім­де басталды.

....Жан-жағыма көз салсам, бір ошақта үл­­кен қазан қайнап отта тұр. Бірдеңе пісіп жа­­тыр. Қақ­пағын ашсам – қайнап жатқан су­­дың іші­н­ен жас баланың бірде аяғы, бір­де қо­лы, бірде өкшесі көрінеді.
Міне, сол кезден бастап мен халық жау­­ларының жауы болдым
»

1932 жылы шілдеде «Известия» га­зетінің редакциясына жіберілген, жа­рияланбаған, соңына «Қосынбек қа­зақ» деп қол қойылған хаттан үзінділер кел­тірейік: «Бізде неге ашаршылық болып жатқандығын түсіндіріп беруді сұ­рай­мын? Адамдар бірін-бірі сойып, адам етімен сауда жасауға көшті. Қоныс аударушы қырғыздар, қа­зақ­тар қоқыс төгетін шұң­қыр­лардан қалдық теріп жүр».

Бірақ ешкім түсіндірген жоқ. Сөйтіп қазақ сұрауы жоқтай қырылған үстіне қырыла берді. 1930-33 жылдар аралығында 2 миллион 300 мың қырылыпты. 1921 жылғы алғашқы аштық пен соңғы 32-дегі қырғынды қоссаңыз, қазақ 4 миллион азаматынан айырылыпты. Дәл осы зұлмат демографиямызды демікпе етті.

1897 жылғы халық санағында өзбек 700 мыңды әрең еңсерсе, қазақ 5 миллион кей дерек, 8 миллионға жетті дейді. Ал қазіргі ала шапанды ағайын 28-30 миллион, ал алаш баласы 15-ке жетпейді.

 

Соңғы түйін

Неге қазақ ашаршылыққа ұрынды?! Атам айтпақшы бұл да Алланың қалауы ғой! Кез-келген дүние бекер болмайды ғой.

ХХ ғасырдың басы. Қырдағы қазаққа орыстан жаманды-жақсы салт жұқты. Бірақ «жақсысын үйреніп, жаманынан жиренген» біз болмадық. Қабылдай бердік. Одан қалса, шекара білмей шатасуға да бардық. Оң теріске, дұрыс бұрысқа айналып жатқан кер заман еді. Сол кездері, қыз ойнақ, сал-серілік, барымташылық дегеннің дәурені жүрді. Сол барымташыны батыр санадық. Қызға қылмаңдауды сал-серілік деп таныдық.

Тарихына тоқталайықшы: Әу баста сал-сері әскердің авангарды еді. Соғысқа сауытсыз шығатын болған. Арттағы, қаннан шошып тұрған жас ұландардың рухын көтеру үшін. Әрине, көп жағдайда сал-серілер тұтастай қырылатын болған. Ұрыстан әлдеқалай аман шық­қан сері ел шетіне жығылған бойы: «Қылышымның майын бер»,-деп ауылға қолқа салады екен. Бүкіл ел серіні кілемге салып, басына көтеріп ардақтайтын болған. Серінің тілегін беріп, оған ләззат сыйлау қандай ұрғашы үшін де үлкен абырой саналыпты.

Ал ХХ ғасырда сал-сері біткен қылышын қабырғаға іліп қойып, қаңғыма әртіске айналды. Бірақ халықтың құрметтеуі бәсеңсу орнына ұлғайып кетті. Серінің көзі түссе қызға мақтаныш болды. Ауылға палуан я батыр келсе ұрығы мықты, ұрпақ алайық,- деп, қойнына қыз салған.Сондай-ақ, бай-бағлан біткен 3-4 қатыннан алды. Бірақ... Бірағы сол, 60-тан асқан шалдың шамасы қайдан болсын? Жатыры құтырған тоқалдар қойшыға, жылқышыға ойнас болды. Некесіз бала жетесіз деген. Осы құл-құтаннан туылғандар 1920-30 жылдары қылпылдаған жігітке айналды. Бірден белсенді болды, комсомолға өтті. (Расында да, ОГПУ-дің деректерін қарап отырсаң түгелдей шолақ белсендінің шежіресі өзінен басталады. Әкесі жоқ.)

Айтпағым, қасіретті дер кезінде қырқып түсірмедік. Тоқтам жасамадық. Аяғы ауыр аштық, азапқа апарып соқты. Бүгінде сол. Жақсы мен жаманды айыра алмай отырмыз. Алла сақтансаң сақтаймын деген. Ұмытпайықшы...

Пікірлер

user profile image
8 Қыркүйек, 2012

Жылма-жыл кайталанып келет!н курбандар кун!не , косылар не еске алар Жангыра берет!н мурагаттардагы басылымдардын ашылганы тарих бет!н куа берер! белг!л! . жеке агайыннын да ортасында сакталган еск!л!кт!н кагаздары табыла жатары абден мумк!н !

user profile image
18 Қыркүйек, 2012

сал серини жаксылардын катарында санайтынмын... сойтсем бузыктын ози екен гой, акыннын коленкеси десе де болад екен!

user profile image
18 Қыркүйек, 2012

сал серини жаксылардын катарында санайтынмын... сойтсем бузыктын ози екен гой, акыннын коленкеси десе де болад екен!

user profile image
8 Қазан, 2012

Ақиқатын айтқанда көзіме жас келіп, көкірегімді кек кернеп жатыр. жақсы жазылғанб ащы жазылған. қазір өз қолымыз өз аузымызға жеткенде, өткен тарихтан сабақ алсақ жарар еді...

user profile image
22 Қаңтар, 2013

Осы 1929-1932 жылдары Мені бабаларымның шаңырағы қаты шайқалған екен.соған енді көзім жетіп,шежіремді енді түгендедім.

user profile image
4 Наурыз, 2013

Дәл өзі

user profile image
4 Наурыз, 2013

Қүдай аясын

user profile image
24 Наурыз, 2013

Ашаршылық сияқты зұлматтардан жақсы сабақ алуымыз керек.

user profile image
5 Сәуір, 2014

Біз 2015 жылы Рессей және т.б. мемлекеттермен Еуразиялық экономикалық одақ құрмақшымыз, бірақ біліңіздер Рессей әсте-әсте бізді қайтадан өзінің құрамына қосып алмақ болып отыр. Экономикалық одақ сосын әскери одақ әрмен қарай кете беремізде соңында "қазақ" деген атта өшіп кетіп "центрально-азиатский федеральный округ" боламызда шығамыз. Балаларымыз, немерелеріміз саны басым орыстардың арасында тек орысша сөйлеп ақырында орыстардың арасында жұтылып кетеді. Тәуелсіздігімізді бүгіннен бастап мықтап ұстап алайық. Осы сөздерді оқыған адамдарға өтініш басқа адамдарға жеткізіңіздер.

user profile image
9 Қазан, 2014

Жигиттер кыздар балигат жаска жетсендер отиниш, казактын санын кобейтиндерши, коп коркытады терен батырады дейдигой, тез арада кобейиумиз кажет

user profile image
9 Қазан, 2014

Жигиттер кыздар балигат жаска жетсендер отиниш, казактын санын кобейтиндерши, коп коркытады терен батырады дейдигой, тез арада кобейиумиз кажет

Пікір қалдыру