25 Қараша, 2017

ЖАДНАМА

1. Қазақстан Республикасының Конституциясынан (30.08. 1995 ж.)

үзінді:

7-баптан:

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

 

14-баптан:

2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,

нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

19-баптан:

2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

 

20-баптан:

1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.

 

41-баптан:

2. Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

 

58-баптан:

1. Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады...

 

93-бап.

Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арнаулы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеру үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті.

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік

терминология  комиссиясы (мемтерминком) туралы Ережеден (ҚР Үкіметінің 21.04.1998 жылғы № 367 қаулысымен бекітілген)

үзінді:

1. Қазақстан     Республикасы    Үкіметінің     жанындағы     Мемлекеттік терминология  комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттің барлық салалары бойынша ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық кеңес органы болып табылады.

4. Комиссия өз қызметінде:

қазақ тілінің байырғы лексикалық байлығын (кәсіби лексика, көнерген

сөздер, диалектизмдер, ауызекі тіл үлгілері, т.б.) термин жасау ісіне сарқа пайдалану;

термин жасауда түркі тілдерінің озық тәжірибесін пайдалану;

халықаралық экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық қарым-қатынастарды жеңілдетуге қажетті шетел терминдерін қазақ тілінің емлесіне бағындырып, қабылдау ұстанымдарын басшылыққа алады;

мағына мен тұлғасы жағынан бір текті терминдердің ғылым мен техниканың салалық және салааралық жүйелерінде қолдануын үйлестіріп, ұлттық және халықаралық термин-атаулардың табиғи арасалмағының бұзылмауын қадағалап отырады.

5.     Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттігі:

талқыланып, әзірленген терминдер мен атауларды мәжілісінде қарап,

бекітеді;

экономиканың,   ғылымның,   техниканың   және   мәдениеттің   әр  түрлі

салалары бойынша Комиссия бекіткен терминдердің бюллетендері мен салалық сөздіктерін шығаруға, сондай-ақ терминдерді республикалық ақпарат құралдарын жариялауға ұсыныстар дайындайды;...

терминдер мен атаулардың қолданылуын және дұрыстығын анықтау мақсатында, қазақ тілі терминологиясын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ғалымдарды, газет пен жорнал, теледидар мен радио, кітап баспаларының, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлерін қажет жағдайда қатыстырып жиындар өткізеді;

экономиканың, ғылымның, техника мен мәдениеттің тиісті салалары бойынша терминологиялық секциялар құрады.

 

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік

ономастика комиссиясы (мемономком) туралы Ережеден

(ҚР Үкіметінің 21.04. 1998 жылғы № 368 қаулысымен бекітілген)

үзінді:

1.     Қазақстан     Республикасы    Үкіметінің     жанындағы     Мемлекеттік

ономастика комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) географиялық объектілердің атауына бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды  қолдану мен олардың есебін жүргізуді реттеу, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика... саласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық кеңесу органы болып табылады.

4. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

7. Комиссияның негізгі міндеттері:

географиялық атауларды жинақтау, жүйелендіру және зерделеу, ономастика жөніндегі ғылыми негізделген сөздіктер құрастыру;

бұрын жоғалтылған тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстар енгізу;

жаңа географиялық объектілер үшін атаулар әзірлеуге қатысу;

ономастика географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретінде қолдау көрсету болып табылады.

Ескертулер:

1. Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңда пайданалынған ұғым бойынша «Ономастика» - тіл білімінің жалқы есімдерді, олардың пайда болуы мен өзгеруінің тарихын зерттейтін бөлімі;

2. «Топонимика» - ономастиканың географиялық объектілердің атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі.

 

4. «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынан (02.04.1996 ж.) үзінді:

1. Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге  хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуға тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып, бірге жазылады.

3. Азаматтың тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгертуі оның құқықтық субъектілігін қозғамайды, яғни тегі мен әкесінің атының бұрынғы жазылуында алған құқықтары мен міндеттерін доғаруға немесе өзгертуге негіз бола алмайды.

 

5. Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы Қазқстан Республикасы Үкіметінің қаулысынан (31.08.1999 ж. № 1274) үзінді:

1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттың болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын:

1) тауардың атауы мен шыққан елі туралы;

2) дайындаушы туралы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі туралы;

3) сақтау жағдайлары туралы, қолдану тәсілі мен тағамдық құндылығы туралы ақпараттар болмаса.

4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті:

1) тауарларды сату кезінде сәйкестік сертификаттарының болуын бақылауды күшейтсін;...

2) тауарларды сатудың белгіленген тәртібінің бұзылуына кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдансын;...

 

6. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының Заңынан (11.07.1997 ж. № 151-I) үзінді

2-бап.

Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтін мәселе болып табылады.

Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және діни бірлестіктерде тілдердің қолданылуын реттемейді.

 

3-баптан:

...Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

 

4-бап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

 

 

 

5-бап.

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

 

9-бап.

Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.

 

11-бап.

Мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.

 

13-бап.

Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

 

19-бап.

Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс.

Мемлекеттік ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі. Бірлескен, шетелдік ұйымдардың атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде транслитерация арқылы беріледі.

Ескерту.

Заңда пайданалынған ұғым бойынша «Транслитерация» - бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен жекелеген сөздерді басқа графикалық жүйенің құралдарымен әріппе-әріп арқылы беру болып танылады.

 

21-баптан:

Мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртаңбаларының мәтінінде олардың атаулары мемлекеттік тілде жазылады.

Меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерінің, мөртаңбаларының мәтіні мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады.

Бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады....

Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағында немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс.

 

27-баптан:

...Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі.

 

 

7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Тіл комитеті туралы (ҚР Үкіметінің 04.02.2005 ж. № 103 қаулысымен бекітілген) Ережесінен үзінді

1. ... Комитеттің негізгі міндеттері тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

10. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады:

1) тілдерді қолдау мен дамыту бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;

тілдерді дамыту саласындағы біртұтас мемлекеттік саясат қызметін ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

терминология және ономастика комиссияларының қызметін қамтамасыз ету;...

тіл туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беру, тіл туралы заңнаманы бұзуға кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазалар шараларын қолдану туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізу жөніндегі тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолдануға;

6) жеке және заңды тұлғалар тілдер туралы заңнаманың талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа шағымдануға;

8) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тіл саясаты мәселелері бойынша тыңдауға құқығы бар.

8. Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы Ережеден (ҚР Үкіметінің 08.01.1999 ж. № 16

қаулысымен бекітілген) үзінді

2.     Тілдер   туралы   заңдардың   сақталуына   бақылау   жасаудың  негізгі

мақсаты - мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңдарды тиісінше орындауын қамтамасыз ету.

3.     Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз құзіретінің

шегінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) жүзеге асырады.

5. Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасау мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және ұйымдардың қызметін тексеру жолымен жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда тілдердің қолданылуының жай-күйін Уәкілетті органның шешімі бойынша, өз бастамшылығы бойынша немесе жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.

8.  Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және ұйымдарда тілдердің қолданылуының жай-күйін тексеру олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

9. Тілдер туралы заңдар нормаларының сақталуын тексерудің нәтижелері бойынша акт жасалады.

 

ТІЛДЕР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАЛАРДЫҢ НОРМАЛАРЫН БҰЗУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

9. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінен (30.01.2001 ж. № 155-II) үзінді

11-бап.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.

 

14-бап.

Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды.

 

21-баптан:

1. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда іс жүргізуде орыс тілі немесе басқа да тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

3. Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе жеткілікті дәрежеде білмейтін іске қатысушы адамдарға ана тілінде немесе өзі білетін тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтініштер жасау, шағым беру, істің материалдарымен танысу, оны қарау кезінде сөз сөйлеу, аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған заңға байланысты қажетті іс материалдарын іс жүргізілетін тілге тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.

5. Құқық бұзушы мен жәбірленушіге тапсырылуға тиісті іс жүргізу құжаттары олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аударылып берілуге тиіс.

6. Аударма жөніндегі шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметі мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.

 

81-бап.

Лауазымды адамның тіл білмеймін деген сылтаумен құжаттарды, сауал салуды, өтініштерді немесе шағымдарды қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәні бойынша қарамауы,-

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

82-бап.

Жеке тұлғалардың тіл таңдау құқықтарын шектеу, тілге байланысты себептер бойынша кемсіту,-

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

342-баптан:

2. Мемлекеттік тілдегі хабарларды уақыты жағынан телерадио-хабарлар арналарында басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен аз тарату,-

баспа немесе өзге де өнімі тәркілене отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтатып, лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне, заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Республика прокуратурасының құзыры мен қызмет тәртібі

Қазақстан Республикасы Конституциясының

83-бабынан:

1. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де  нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

 

«Ұлт тағдыры» қозғалысы

Пікір қалдыру