28 Шілде, 2017

ЕЛ ІШІ

Төрт жұлдызды қонақүйдің төрт қабатынан кемі 5 нөмір сатып алу мүмкіндігін ескерту еді мақсат. Қысқасы, Астана қаласында, ЭКСПО қалашыққа өте жақын маңда қонақүй салынып жатыр. Он бір қабаттан тұратын қонақүй құрылысының қазір 80 пайызы аяқталып, 2017 жылдың сәуірінде толық бітеді деп отыр.

Қазір не көп, Астанада қонақүй көп дерсіз. Жақсы аргумент. Бірақ, Астана 90-шы жылдардағы 280 мың тұрғынынан бір миллионға дейін артты, сол жылдардағы 5 мың туристтен 273 мыңға дейін көбейгенін білесіз. Осының бәріне қаладағы 163 қонақүйді шағыңыз – аздау. Келер жылы ЭКСПО деп қанша қонақтың келетінін ескерсеңіз, осы маңнан төрт жұлдызды отельдің тұрғаны артықтық етпейді. Клиент табылады делік.

Жарайды, көп қонақүйдің бірі болар, бопты десеңіз, енді басты ерекшелігін айтайын. Shaheen Invest компаниясы қаржыландыратын қонақүй осы саладағы жаңа инвестицияның түріне арналған. Ол қалай? Дәл осы қонақүйде алғаш рет бай жабдықталып, бәрі қамтылған нөмірлері бар қабаттарды жекеменшігіңізге сатып алуға болады. Білуімше, бұл Қазақстанда алғашқы практика – әйтпесе сол Дубайда, не Лондонда басқа тұрмақ, біздің қазекемдер жұлдызын бес саусақпен санар отельдердің қабат-қабаттап сатып алғанын білемін.

Бірақ, жекеменшігіңізге сатып алғанмен, қонақүйдің бөлмелерін басқару мен қызмет етуді басқарушы компанияға бересіз. Қонақүйді басқару бойынша шашыңызды ағартпайсыз – кәсіби басқарушылар сіз үшін бәрін жасайды, клиенттерді тартады, маркетингін қатырады. Сіздің нөмірлерді пайдаланудан түскен жалпы табыстан келісім-шартта көрсетілген табысыңызды аласыз да, тұрасыз. Демек, бұл әбден сақтандырылған пассивті инвестиция – пәтерді жалға беруден гөрі салған ақшасын тезірек қайтарып алады.

Басқарушы компания туралы айта кетсем, «Shaheen Invest» компаниясы жүз пайызға отандық, инвестициялық-құрылыс нарығында сегіз жылдан бері табысты келе жатыр. Сондықтан, ақшаңыз шетелге кетпейді.

Тұран даңғылы мен 24-ші көшенің қиылысында орналасқан қонақүй басында жүзден аса жұмыскер аянбай еңбек етіп жүр. Он бір қабатты отельдің жертөлесінен бастап, 131 нөмір жайғасқан қабаттармен көтеріле отырып, ең жоғарғы қабатындағы болашақ мейрамханаға дейін жеттік. Құрылыстың бар үлескесінде қыбырсыз жатқан адам жоқ – паркингі құйылып, бөлмелерді бөлуші гипсокартондар жабыстырғалы жатыр.

Айтпақшы, қабат-қабат дегенде негізінен 6-9 қабат аралығында, яғни тек төрт қабаттан кемі 5 нөмір сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. 5 нөмірден кем сатып алуға болмайды, қысқасы. Айтпақшы, Астананың әдемі көрінісіне көз сала отырып, ас сіңіретін он бірінші қабаттағы мейрамхана түгел сатылуға қойылады. Демек, оны басқарушы компанияның ырқынсыз өзіңіз толық басқарасыз. Пайдаға батсаңыз да, шығынға батсаңыз да - жауапты өзіңіз.

© Өркен КЕНЖЕБЕК

Пікір қалдыру