25 Қараша, 2017

СӨЗ ӨНЕРІ

– Туған жерің?

– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

– Туған жылың?

– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

– Жынысың кім?

– Еркекпін ғой, еркекпін!

Және-дағы тәуірмін...

– Партияда барсың ба?

– Жоқпын.

Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

– Шыққан тегің?

– Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

– Білімің ше?

– Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

 

– Ана тілің?

– Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

– Қайда істедің?

– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

 

– Міндеттісің бе әскерге?

– Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

 

– Сөгіс алып көрдің бе?

– Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

 

– Шетелдерде болдың ба?

– Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,

Осы отырған орнымда-ақ.

– Мекен-жәйің?

– Мекен-жәйім – жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

 

Отыз бесінші көктемім

 

35 жыл.

Отыз бесінші көктемім,

35 жыл.

Уақыт қой көп-көрім.

35 жыл қуарып,

35 жыл көктедім.

35 күз, 35 қыс, 35 жас,

Осал өмір емес қой отыз бес жас...

 

35 жыл.

Өмірді кезіп келем.

Және 35 бола ма?

Сезіктенем...

Әкем менің есімде, шам түбінде

ВКП (б) тарихын ежіктеген.

 

Және бір сәт есімде ақпандағы,

Әкем отыр майданға аттанғалы.

Бәрі есімде

Дала, егіс, ауыл, мектеп,

Ұстаздар, интернаттың қатқан наны...

Бәрі есімде – далам да, тұрағым да,

Тек есте жоқ, күлдім бе, жыладым ба...

 

Балалық шақ жарбиып жүретұғын

Өгіз жеккен соқаның құлағында.

Шаруаның баласы болғасын ба,

Шаруамен айналдым он жасымда.

Майдандағы әкеме оқ жібердім,

Айырбастап күлшемді қорғасынға.

 

Әжем есімде.

Әрнеге қозбайтұғын,

Әріден көп әңгіме қозғайтұғын.

Темір керней есімде...

Боран үрсе,

Азалы үнін аңыратып, боздайтұғын.

 

Есімде жоқ.

Бала боп өсіп пе едім?!

Болсам неге жылы сөз есітпедім?!

Есімде тек,

Білемін жеңіс-құстың

Біздің жаққа бір апта кешіккенін.

Осылай өскемін.

Мен – солдаттың жандырып кеткен жалыны,

Сөнбедім де өшпедім,

Мен отыз бестемін.

 

Мені жұрт:

«Жақсыдан қалған көз» дейді,

«Жақсыдан қалған сөз» дейді,

Ақымақ болсам төзбейді:

Хайуан дейді, ез дейді,

Хақым жоқ жаман болуға,

Мені жақсыдан қалған көз дейді.

 

35 жыл.

Бітпеген істерім көп.

(Өткен өмір тәтті бір түс көрінбек)

Арым аппақ.

Айта алман, өкінбен де,

Өзгелерге қиянат істедім деп.

 

Биік болса болғаны болашағым,

Мен аласамын.

Өмір сахнасына алған заңды билетім бар.

Заңды орныма таласамын!!!

 

35 жыл.

Отыз бесінші шуағым.

35 жыл күлдім,

35 жыл жыладым.

Кім біледі,

35 көктем,

Енді қанша тұрамын?...

35 күз, 35 қыс, 35 жаз

Осал өмір емес-ау отыз бес жас...

Пікірлер

user profile image
3 Желтоксан, 2012

кара өлеңін қазағына щекпен жауып кайтарган кайран Муқаң

user profile image
5 Ақпан, 2013

мұқағали мәңгілік жырдың қайталанбас қара нары

user profile image
2 Ақпан, 2013

серігітетін,
жүрекке ойсалатын

user profile image

Қарасаз топырағынан нәр алған ардақты ақынның жазып қалдырған байлығын ұрпаққа мұрағат етіп қалдыру әр пенденің иіндеті.Рухани байлық сыйлаған рухты, отты,нәзік, мөлдір жырлардан өткен жамағат, ақынға, өлеңге, өнерге дегеніміз құрметіміз,сүйіспеншілігіміз ерекше екеніне мен кәміл сенімдімін.

user profile image
8 Ақпан, 2013

Қасиетті Қарасаз жерінен шыққан ақиық ақын Мұқағали атамыздың ертең яғни 9-ақпан туылған күні! Мұқағали Мақатаев мәңгі өлмейді,өлмейтіндей артынан сөз қалдырған.

user profile image
10 Ақпан, 2013

өте тамаша жазылған

user profile image
15 Ақпан, 2013

Мұқағали менің сүйікті ақындарымның бірі

user profile image

Мұқағали Мақатаев қазақтын ақиық ақыны.Ақынның бізге қалдырған асыл мұрасын жатқа оқып жүрмін.Онын жүректен жарып шыққан әрбір сөзінің мағынасы,мәні ерекше.М.Мақатаевтың "Райымбек,Райымбек !" "Аққулар ұйқтағанда" сияқты поэмалары бар.М.Мақатаетың "Отан туралы"деген өлеңінде: Отан! Отан!
Бәрiнен биік екен
Мен оны меңгілікке сүйіп өтем,-деп жырлаған.

user profile image
15 Наурыз, 2013

керемет.Шикарно

user profile image
15 Наурыз, 2013

керемет.Шикарно

user profile image
15 Наурыз, 2013

керемет.Шикарно

user profile image
15 Наурыз, 2013

қандай тамаша!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

user profile image
23 Наурыз, 2013

Менің музам - Мақатаев!

user profile image
5 Мамыр, 2013

Мұзбалақ ақын МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ бұл өлеңінде өзінің түйіндемесін көрсете білген

user profile image
5 Мамыр, 2013

Мұзбалақ ақын МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ бұл өлеңінде өзінің түйіндемесін көрсете білген

user profile image
15 Мамыр, 2013

Қарасаздан ұшып шыққан қарлығаш

user profile image
23 Мамыр, 2013



М.Мақатаев өз өмірінің ақыиық ақыны
Ол менің сүйікті ақыным ол ақынды танығаннан бері өз өмірім күрт өзгерді оның өлеңдерімен шығармалары менің жан дүниемді жаулап алды

user profile image
23 Мамыр, 2013



М.Мақатаев өз өмірінің ақыиық ақыны
Ол менің сүйікті ақыным ол ақынды танығаннан бері өз өмірім күрт өзгерді оның өлеңдерімен шығармалары менің жан дүниемді жаулап алды

user profile image
23 Мамыр, 2013



М.Мақатаев өз өмірінің ақыиық ақыны
Ол менің сүйікті ақыным ол ақынды танығаннан бері өз өмірім күрт өзгерді оның өлеңдерімен шығармалары менің жан дүниемді жаулап алды

user profile image
23 Мамыр, 2013



М.Мақатаев өз өмірінің ақыиық ақыны
Ол менің сүйікті ақыным ол ақынды танығаннан бері өз өмірім күрт өзгерді оның өлеңдерімен шығармалары менің жан дүниемді жаулап алды

user profile image
25 Қазан, 2013

Қара өлеңнің шыңына шыққан Мұзбалақ ақын Мұқағали атамыздың есімі ешқашан өшпек емес..

user profile image
2 Қараша, 2013

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ МЕНІН СҮЙІКТІ АҚЫНЫМ МЕН АҒАМЫЗДЫН 60 ӨЛЕНІН ЖАТҚА БІЛЕМІН

user profile image
18 Қараша, 2013

Мұқағали қазақтың өте керемет ақиық ақыны.өлендери де өте ерекше

user profile image
19 Қараша, 2013

Ғалымның өзі өлгенімен, заты(сөзі) өлмейді...ата-бабамыз Маұқағали Мақатаев осы бізге келешек жастарға көптеген асыл да, өнеге де,мән-мағыналы сөздерін, нақылдарын қалдырды..Біздің мәдениетіміз - қазақтың біртуар,,ақиық,ақындар...Мен Мұқағали өлеңдерінен нәр аламын...

user profile image
22 Қараша, 2013

МЕНІҢ АНКЕТАМ...
-Туған жерің?
-Ұланымын
Сыр дария бойындағы ауылдың
Бәрі осында, бәрі осында
Замандастар, бауырдың.

-Туған жылың?
-Құрдасымын
Жан досымын
95-тер қауымының

-Жынысың ше?
-Ер жігітпін
Мақсат қойған алдыма
Ерітемін
Шыңда тұрған қардыда

-Шыққан тегің?
-Шаруамын,
Нағашы жұрт қамқорынан боламын
Анашымның ақ сүтінің күшімен
Нағашымның шырақ шамын жағамын

-Білімің ше?
-Орташа ғой, орташа
Жас ұланның қатарында болғанмын

-Ана тілің?
-Қазақ тілі
Әр сөзімен жылытады тоңғанын
Шешендікпен жырлаған
Осы тілді қазағым

-Міндеттісіңбе әскерге?
-Әскерге міндеттімін
Ата-бабам жанын қиған
«Қазақ» үшін жаным құрбан

-Партияда барсыңба?
-Оған жаспын
Партияға кірмегенмен
Ешкімнен кем қалмаспын

-Шетелдерде болдыңба?
-Болғаным жоқ
Бірақ шіркін!
Таусылмас арманым көп

-Ғашық болып көрдіңбе?
-Әрине
Ғашық болмау мүмкін емес
Мынау жалған фәниде!!!

-Тілегіңді айт?
-Қазақпызғой
Той болсыншы әр үйде

-Мекен жайың?
-Мекен жайым
Бекарыстан би ауылы
Ауылымның жылы әрқашан бауыры
Тамаша ғой, таза ауасы тамаша
Батпақ болып сіркіресе жауыны
Шаң бұрқырап, сортаң тартып тұрсада
Керемет қой сыр бойының бауыры.

(Мұқағалиға еліктеп жазылған)

автор: Құдайберген Есжан

user profile image
22 Қараша, 2013

Ақынсымақ балаңмын ...
Табиғат, көктеммен сырласып.
Қартайған қайыңмен мұңдасып.
Ақпарақ, қаламға сүйеніп,
Лирика тілінде ән жазып.

Асқар таулармен алысып.
Ағылған өзенмен жарысып.
Махаббат талшығын өрнектеп,
Ұштасқан сезімнен нәр ішіп.

Өлең, жыр, шумақты бағалап.
Поэзия бақшасын аралап.
Бақшада өскен әр бір ағашты,
Ұйқасыңа қостың ау даралап.

Поэзиядан туып шыққандай.
Жырыңды жазасың тоқталмай.
Оқыса, сол жырды мұңданар
Ішкі бір сырыңды ұққандай.

Шымылдығын ашып сырлардың.
Пілтесін жағып жырлардың.
Өлеңмен жаулап жүректі,
Қалды ғой елде кең даңқың.

Ақыны көп қазақ деген даламның
Мұқағали сенен, сенен нәр алдым.
Менде сені өзгелердей дәріптер,
Ақынсымақ, ақынсымақ балаңмын!!!

автор: Құдайберген Есжан

user profile image
14 Қаңтар, 2014

dsaf

user profile image
22 Қаңтар, 2014

Арнау (Мұқағали Мақатаевқа)

О, Жасаған! Жаратқан ием, Тәңірім!
Поэзияң-қуаныш, бақыт әрі мұң.
Сол жанрдан маздаған отын лаулатқан
Мұқандай ерге етпеймін қалай мен тағзым.

Тағзым етем, Мұқандай ірі ақынға,
Қанша сыр жатыр!
Әр жазған шумақ хатыңда.
Сол Мұқаң айтқан кей сөзге досым мұңайып,
Сол Мұқаң айтқан кей сөзге оттай лапылда!

Ақыны-сенсің, қазақтың нағыз ақ иық,
Сен салған ойды тыңдайтын елің жат ұйып.
Құдіретті Алла сый еткен саған дариға,
Жүреді халқың тәу етіп, әр кез бас иіп.

Кетсеңде бізден, өзіңмен бірге өз елің,
Бүршік қып жардың өндіріп өлең өзегін.
Өзіңді қолдар қазақтай бауырың тұрғанда,
Өзіңдей ақын келеді деп мен сенемін!

user profile image
27 Қаңтар, 2014

user profile image
28 Қаңтар, 2014

Өнерің өрге өрлесін, Есжан! Мұқағали ақынымызға жетер ешкім жоқ.

user profile image
2 Ақпан, 2014

user profile image
18 Ақпан, 2014

АҚЫННЫҢ ӨЛЕҢДЕРИІ ӨТЕ КЕРЕМЕТ

user profile image
18 Ақпан, 2014

Жүректен шыққан, жүрекке жеткен.
Сөздерін сенің керемет неткен.

user profile image
18 Ақпан, 2014

Құдайым барша мұсылманды бақытты етегөр.

user profile image
24 Ақпан, 2014

Қандай тамаша!!!!М.Мақатаев өте керемет әндерді жазған!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

user profile image
11 Сәуір, 2014

Поезия пайғамбары Мұқағали, Мағжан, соңғысы Есенқұл.

user profile image
16 Мамыр, 2014

Кайран Мукан жан битирген оленге! Тилге жумсак магынасы теренде

user profile image
16 Қыркүйек, 2014

Мұқағали поэзиясы мәңгілік
МҰҚАҒАЛИ КІМ ДЕСЕҢІЗ?...
Дарыны бар сөзге қуат беретін,
Ағыны бар нөсерлетіп төгетін.
Ешбір адам анық зерттеп біле алмас,
Түпсіз терең Мұқағали дүниесін.

Ол бір бұлақ аққан сайын өнетін,
Ол бір қуат-өз-өзіне сенетін.
Ол бір суат-тоқтамайтын, тынбайтын,
Шөлдегенге кәусар суын беретін.

Ол бір дарын-өмірге бір келетін,
Ол бір ғалым-тереңнен сыр теретін.
Шалқар-шабыт, шындық сырын, ақиқат,
Мұқағали жырларында көресің.

Қайран ақын елуге де келген жоқ,
Бірақ ажал бәрібір оны жеңген жоқ.
Өзі өлгенмен Мұқағали ақынның,
Жырларында жаққан оты сөнген жоқ.

Жұртым сүйіп оқып жырларын,
Ақынмен бөліседі сырларын.
Талай Салдың, талай Нардың қасында,
Аңғарады Мұқағали тұрғанын.

Зұлымдыққа асау ақын көнген жоқ,
Өте шықты жүз жылда бір келген боп.
Бар байлығы кейінгіге мұра боп,
Өзі өлгенмен жырлары оның өлгені жоқ.

Мұқағали кім десеңіз?
Осылай,
Ел-жұртының айналған ол досына ай.
Әр бір жырын сырға толы ақынның,
Айтамыз біз әнімізге қосып ай.
Мұқағали кім десеңіз?
Осылай!
Шәміл Әбдісаматов, Өзбекстан Республикасы, Навои облысы, Тамды ауданы

user profile image
16 Қыркүйек, 2014

Мына шумағы қате жазылып кетіпті, үзір!
Жұртым оның сүйіп оқып жырларын,
Ақынмен бөліседі сырларын.
Талай Салдың, талай Нардың қасында,
Аңғарады Мұқағали тұрғанын.

user profile image
12 Қараша, 2014

пигнр

user profile image
1 Ақпан, 2015

жаксы

user profile image
1 Ақпан, 2015

жаксы

user profile image
5 Ақпан, 2015

Онша емес маган баска олендери унайды

user profile image
5 Ақпан, 2015

Mukali Makataev menin en suyikti akinim. Menin anketam olenin. 8 klasimda Mukagalidin tugan kun kewinde aytkanem.

user profile image
8 Ақпан, 2015

биік тұлға

user profile image
1 Сәуір, 2015

Супер

user profile image
1 Сәуір, 2015

Супер

user profile image
4 Мамыр, 2015

Өте керемет

user profile image
4 Мамыр, 2015

Өте керемет

user profile image
4 Мамыр, 2015

Өте керемет

user profile image
19 Қыркүйек, 2015

Мен Мукагали атамыздын бираз олендерине созжумбак жазганмын.Биреуи жарык корди.Казакстан айелдери журналында.

user profile image
6 Қазан, 2015

Керемет созим жок

user profile image
6 Қазан, 2015

Керемет созим жок

user profile image
6 Қазан, 2015

Керемет созим жок

user profile image
6 Қазан, 2015

Керемет созим жок

user profile image
6 Қазан, 2015

Керемет созим жок

user profile image
6 Қазан, 2015

Керемет созим жок

user profile image
6 Қазан, 2015

Керемет созим жок

user profile image
6 Қазан, 2015

Керемет созим жок

user profile image
6 Қазан, 2015

Керемет созим жок

user profile image
14 Қазан, 2015

Ұнады класс

user profile image
3 Желтоксан, 2015

Менің анкетам
(Мұқағалидың ізімен)

– Аты-жөнің?
– Ерманов Наурызбек Талғат ұлымын.
– Туған жылың?
– 1990. Жылқы жылымын.
– Бойдақпысың?
– Үйленгенмін.
Қарлығаштай бар жарым,
Және де бар Рамазандай құлыным.

– Туған жерің?
– Білемісің Маңғыстауда Жыңғылдыдай селоны,
Бұрынырақ «Куйбышев» деп те атаған ел оны.
– Ұлтың қандай?
– Мен қазақпын!
Қазақ болып туғаныма қуанам!
Және өзгеге мақтан етем мен оны.

– Білімің ше?
– Бітіргенмін дарындылар мектебін.
Жоғарғы оқу орнында да білім алдым, көктедім.
– Білер тілің?
– Қазақша ғой.
Және де бар нан табарлық орысшам,
Бірақ ешбір өзге тілдің кие алмадым шекпенін.

– Істеріңді айт әуестеніп қызығар?
– Әуестік пе?!
Менде ондайдың айта берсең жүзі бар.
Кітап оқу.
Өлең жазу.
Сурет жинау.
Ән тыңдау...
Осылардан керектісін сызып ал.

– Мақсатың не?
– Биік менің мақсаттарым, болсам да өзім аласа.
Арман да көп, қиялдайтын кейде ойлап балаша.
«Шүкір!», – деймін.
Мақсатымның орындалды кейбірі,
Басқасы да болар құдай қаласа!

© Наурызбек Ерманов

user profile image
3 Желтоксан, 2015

Менің анкетам
(Мұқағалидың ізімен)

– Аты-жөнің?
– Ерманов Наурызбек Талғат ұлымын.
– Туған жылың?
– 1990. Жылқы жылымын.
– Бойдақпысың?
– Үйленгенмін.
Қарлығаштай бар жарым,
Және де бар Рамазандай құлыным.

– Туған жерің?
– Білемісің Маңғыстауда Жыңғылдыдай селоны,
Бұрынырақ «Куйбышев» деп те атаған ел оны.
– Ұлтың қандай?
– Мен қазақпын!
Қазақ болып туғаныма қуанам!
Және өзгеге мақтан етем мен оны.

– Білімің ше?
– Бітіргенмін дарындылар мектебін.
Жоғарғы оқу орнында да білім алдым, көктедім.
– Білер тілің?
– Қазақша ғой.
Және де бар нан табарлық орысшам,
Бірақ ешбір өзге тілдің кие алмадым шекпенін.

– Істеріңді айт әуестеніп қызығар?
– Әуестік пе?!
Менде ондайдың айта берсең жүзі бар.
Кітап оқу, өлең жазу, сурет жинау, ән тыңдау...
Осылардан керектісін сызып ал.

– Мақсатың не?
– Биік менің мақсаттарым, болсам да өзім аласа.
Арман да көп, қиялдайтын кейде ойлап балаша.
«Шүкір!», – деймін.
Мақсатымның орындалды кейбірі,
Басқасы да болар құдай қаласа!

​​​​​​​

user profile image
19 Қаңтар, 2016

Мұқағали біртуар, дара ақын ғой. Өлеңдеріне жас күнімнен ғашық болдым. Көп өлеңін жатқа білемін. Содан да болар шығармашылыққа жақын болып, тілші болып жүргенім.

user profile image
19 Қаңтар, 2016

Мұқағали біртуар, дара ақын ғой. Өлеңдеріне жас күнімнен ғашық болдым. Көп өлеңін жатқа білемін. Содан да болар шығармашылыққа жақын болып, тілші болып жүргенім.

user profile image
27 Қаңтар, 2016

маган мына менын анкетамды жатта деды енды киналып жатырмын мыиыма кырмеи жатыр

user profile image
7 Ақпан, 2016

Өте жақсы жазылған

user profile image
7 Ақпан, 2016

Өте жақсы жазылған

user profile image
2 Наурыз, 2016

Өте тамаша!!!!

user profile image
7 Сәуір, 2016

өте тамаша күшті

user profile image
27 Маусым, 2016

М.Мақатаев сөз жоқ ақындардың ақиығы. Көзі тірісінде мақтамаса да Мұхтар Шаханов, Ұлықбек Есдаулетовтер де лирикамен жүрегіңді қопарады.

user profile image
29 Қыркүйек, 2016

Вам нужен быстрый кредит? Мы можем помочь вам с кредита вам нужно.
Мы предлагаем персональные кредиты и кредиты на развитие бизнеса.
Личные кредиты (от $1000 - $50 000)
Бизнес-кредиты (от $5000 - $10 000 000)
Годовая процентная ставка составляет 3%.

Ниже приведена форма заявки на кредит. Заполните его правильно и отправить его нам.
Ваши Полные имена .....
Ваш Текущий домашний адрес .....
Твоя страна.....
Ваш город .....
Номер твоего мобильного.....
Ваш возраст.....
Мужчина или женщина.....
Ваше семейное положение .....
Твоя профессия.....
Ваш ежемесячный доход .....
Сумма кредита Обязательный, как .....
Цель займа .....
Срок кредита / Продолжительность .....

Как только мы получим эти детали от вас, мы начнем процесс вашего кредита сразу.

E-MAIL: preeminent.loans@gmail.com

спасибо

user profile image
13 Қазан, 2016

– Мақсатың не?
– Биік менің мақсаттарым, болсам да өзім аласа.
Арман да көп, қиялдайтын кейде ойлап балаша.
«Шүкір!», – деймін.
Мақсатымның орындалды кейбірі,
Басқасы да болар құдай қаласа!

user profile image
13 Қазан, 2016

– Мақсатың не?
– Биік менің мақсаттарым, болсам да өзім аласа.
Арман да көп, қиялдайтын кейде ойлап балаша.
«Шүкір!», – деймін.
Мақсатымның орындалды кейбірі,
Басқасы да болар құдай қаласа!

user profile image
13 Қазан, 2016

– Мақсатың не?
– Биік менің мақсаттарым, болсам да өзім аласа.
Арман да көп, қиялдайтын кейде ойлап балаша.
«Шүкір!», – деймін.
Мақсатымның орындалды кейбірі,
Басқасы да болар құдай қаласа!

Пікір қалдыру