26 Қыркүйек, 2017

ҚАРЫМТА

бар дау «шетелдіктерге жер сатылмасын!» деп басталған еді, заң бойынша оның мүмкін емес екенін білгенде, «сатылады» мен «жалға беріледі» дегеннің айырмасы жоқ» деген кейстің денесі су бетіне қалқып шықты. Бұны пікірсайысқа түскен азаматтар жақсы білуі тиіс, бұл тәсілді «подмена понятий», болмаса «ұғымдарды алмастыру» дейді. Бұл қисынға салсақ, онда кез-келген ұғымдардың арасына теңдік белгісін қойып, қоғамды да, өзімізді де қатты шатастырып алуымыз ғажап емес! Ғажап болды да, бәріміз шатасып кеттік.

         Ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру бұл саланың дамуына үлкен серпін беруі тиіс деп күтіп отыр. Қазір біз Жер кодексі мен оған енген түзетулердің бәрін түсіндіріп отыруды мойнымызға алмай ақ қояйық. Бірақ, жер мен шетелдікке қатысты деген негізгі 13 сұраққа  тоқтала кетейік. 

-         Жерді шетелдік сатып алуы мүмкін бе?

Бірде-бір шетелдік Қазақстан жерінің бір миллиметрін де сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандық қана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар. Оны не жеңілдетілген бағамен, болмаса жалға берілген жерді он жылға ақысын бөліп төлеумен, я аукцион арқылы сатып алады. Шетелдіктер мұның бәрінен шет қалады.

Негізі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100,8 млн га жердің 1,3 млн га жері біздің азаматтардың жеке меншігінде, ал 99,5 млн га жер жалға берілген. Сол 99,5 млн га жердің шетелдіктерге 65 мың га жері ғана берілген – бұл дегенің, шамамен 0,06%. Атап өткен жөн, оның ең көп  бөлігі (45 мың га) бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген, ал олардың үлесіне қазақстандықтар тікелей иелік етеді.

Мысалы, Ақмола облысында американдық Global Beef компаниясымен бірлескен «KazBeef Ltd» ЖШС-ы бар. Ангус және герефорд тұқымындағы ірі қара малын асырайтын кәсіпорында 85 - ге жуық адам жұмыс істейді, олардың ішінде бірде бір шетелдік жоқ. Болмаса, Солтүстік Қазақстан облысында қытай инвесторларының қатысуымен май дақылдары өндірісі мен қайта ұқсату бойынша пилоттық кооперативты құрып көрмекші дегендей, ондай жобалар біраз.

Ал сол жерлерді алғандар көбіне кім десеңіздер, көбісі – ресейліктер. 10 236 га жалға алған. БАӘ – 859 га,  Қытай - 282 га, Түркия - 7 га және басқа елдер болып, жалпы саны 19 елдің жалдауында тұр біздің жер.

-         Жерді жеке меншікке сатып алу үшін шетелдіктердің заңнаманы айналып өтуі мүмкін бе?

Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктердің жеке меншікке сатып алуына тиым салынған. Егерде шетелдік қулығын асырып жалған неке арқылы, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе  екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе, әділет органдары бұндай жағдайлардың қайсысында болсын, тіркемейді.

Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелік те туындамайды.

Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Сонымен бірге, заңнамалық шектеу туралы шетелдік азамат және жерді сатушы азамат нотариусқа келісім жасауға келгенде бәрібір біледі.

Ал мемлекет нотариустың мұндай шарттарды куәландыруға тиым салған, оны бұзса қатаң жауапкершілікке тартуын да белгілеп қойған.

-         Егер шетелдік жерге жекеменшік құқы бар қазақстандық заңды тұлғаның үлесін сатып алу жолымен жерді сатып алса ше?

Егерде шетелдік сатып алатын үлес 50%-дан асатын болса, онда бұндай заңды тұлғаның жер телімдерін 3 айдың ішінде мемлекет қайта алып қояды немесе жалға беру құқына қайта рәсімдейді.

Бұл талапты орындамаса, әкімдік жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы шағым береді.

Мемлекет өз кезегінде бұндай фактілерді заңды тұлғалар үлесінің мөлшері және барлық заңды тұлғалар туралы мәліметтері бар ақпараттық жүйелер арқылы анықтап отырады.

Егерде жеке меншігінде жер құқығы бар заңды тұлғалар анықталған кезде, я шетелдіктердің үлесі 50%-тен  асса, бұл ақпарат әкімдікке жіберіледі. Олар не жерді қайта тартып алады, не жалға беру құқығын қайта қарайды болмаса сотқа береді.

-         Егерде шетелдік 50%-дан кем үлес сатып алған болса, бұндай заңды тұлға шектеуді айналып өтпей ме?

Азаматтық кодекске сәйкес, бұндай шетелдік (заңды тұлға иесі) оның мүлкіне, оның ішінде жер теліміне де құқығы болмайды, ие болып жарытпайды, тек  жарғы капиталындағы үлес құқығына ғана ие.

Басқа сөзбен айтқанда, бұндай жер телімдерінің  иелері  шетелдік азамат  емес, заңды тұлға – біздің заң бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін Қазақстан резиденті болып табылады.

Егерде шетелдік қатысушылар құрамынан шыққысы келсе және өзінің жер үлесін алғысы келсе, оған ондай мүмкіндікті ешкім берейін деп тұрған жоқ. Өйткені, ол жерге деген құқығын тіркей алмайды.

Бұл жағдай заңды тұлға қатысушылары жұбайлар болып, оның біреуі шетелдік болған кезге де қатысты.

Бұл кезде акционерлік қоғам деген құрылымның қызық ерекшелігін ескерген жөн сияқты. Акционерлік қоғамда шетелдікке тиісті акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені тіпті акцияның 100% иесі шетелдік болғанның өзінде де ол жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

Тоқетері, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания иелігінде болады және шетелдік қатысушылар құрамынан шыққанның өзінде үлесін жер телімімен емес, ақшалай түрде алады.

-         Жерді шетелдік қалай жалға алады?

Жаңа жер заңнамасы бойынша жер шетелдіктерге конкурс арқылы берілетін болады. Үкімет облыстың әрбір ауданы бойынша шетелдіктер үшін бір адамға берілетін жердің ең жоғарғы мөлшерін бекітеді. Мысалы, Ақмола облысының Целиноград ауданында шетелдіктерге – 1500 га, ал біздің азаматтарға – 7500 га.

 Конкурс ережесі былай, жалға алушы міндетті түрде жерді пайдалану жоспарын тапсыру қажет. Мемлекет конкурстың әділ өтуіне кепілдік береді. Егер де шетелдік біздің талаптарды бұзатын болса, біз олармен жасалған келісімді бұзуға  және олардан жерді алып қоюға құқымыз бар.

-         Мемлекеттің жерді шетелдіктен қайтарып алуға құқы бар ма?

Иә, қайтарып алуға құқылы. Егерде жер мақсаты бойынша пайдаланылмаса (өңделмесе, өнім өндірілмесе), онда мемлекет жерді қайтарып алуға құқы бар.

Екіншіден, сапалық бақылаудың көрсетуі бойынша, егер жер тиісті тәсілмен пайдаланылмаса (тыйым салынған химикаттар қолданылса), ондай жағдайда да жерді қайтарып алады

-         Шетелдіктерге жалға берілген жер олардың жауапкершіліксіз пайдалануы  кесірінен тозуға  және улануға ұшыраса, жалға берілген жерге не болады? Бұл жағдайды  кім және қалай бақылауға алады?

Пестицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады.  Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агрохимия қызметі мен  әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.

Заңнаманы бұзған жағдайда жерді қайтарып алуға дейінгі қатаң шараны қолданады.

Жер заңнамасын сақтау жөніндегі әкімдіктердегі бақылау органдары тарапынан агроөнеркәсіптердегі кешендерге тиесілі жер телімдеріне тексерулер жүргізгенде, өткен жылы  187 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғаны үшін ескертулер берілді, оның ішінде 171 субъекті 169,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

-         Егер қазақстандық аукционда жерді сатып алып,  оны шетелдікке қайта сатса ше?  

Егер Қазақстан азаматы жерді сатып алып, кейін шетелдікке сатқысы келсе, оған заң бойынша тыйым салынады. Егер ол сондай қадамға барғанның өзінде жасалған келісімшарттың заңды күші болмайды. Заңнамаға сәйкес мұндай мәмілені тіркеуге нотариустардың құқы жоқ, ал әділет ұйымдары мәміледен туындайтын құқықты тіркемейді.

-         Аукциондар мен конкурстар ашық әрі әділ өтеді дегенге күдігіміз болса ше?

Сатуды ұйымдастырудың тәртібі заңмен нақты бекітілген, аукцион – азаматтар үшін, конкурс – шетелдіктер үшін. Өткізілетін аукциондар өз кезегінде жариялылықты,  әлеуетті сатып алушылардың арасындағы жарыспалықты және ашық бәсекені қамтамасыз етеді. 

-         Еліміздегі шетелдіктердің  жұмыс күші санын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алса ше?

Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың  саны әлі өзгере қоймағандығымен   толықтырып өткіміз келеді. Жыл сайын біздің республикамызға орта есеппен түрлі мақсатта бір миллионнан аса шетелдік азаматтар келеді (тіркеледі). Бұлар туристер, іссапармен келушілер, студенттер, жұмысшылар және т.б. Олардың басы бөлігі  (80-90%) – ТМД елдерінен. 

Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы шегі белгіленеді.  Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-ынан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота бойынша 63 мың адамға рұқсат. Ал 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат  берілді. Осылайша, квотаның жартысы ғана игерілді. Айтпақшы, осылардың тек 2054 адамы ғана ауылшаруашылық жұмыстары үшін келген.

-         Қазақстан жерін жалға алушы шетелдік өзінің отандастарын бірлескен жұмысқа тарта ала ма?

Шетелдіктердің біздің елімізде болу рұқсатының жарамдылығы бір жылдан аспайды, мерзімі өткен кезде олар Қазақстаннан кетеді.

Бұдан басқа, шетелдік жұмысшылардың саны сол кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалпы санының 10% - нан аспауы қажет. Бұл норма тек қана жұмыс берушілерге жарайды.

-         Қазақстанға ауыл шаруашылығы үшін шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі неде? Біз өз жерімізді өзіміз игере алмаймыз ба?

Бізде игерілмеген үлкен әлеует бар. Мысалы, Қазақстанда 147 млн га жайылымдық жерлері бар және ол 2014 жылы 4 млрд долларға сиыр етін сатып алған екі ірі елмен шекаралас. Мұны неге өз мақсатымызға пайдаланбасқа?

Иә, бізде ауыл шаруашылығына инвестиция келмей жатыр, осы саладағы өнімдердің қайта өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымы жоқ, мамандар да аз.  Мысалы, ауыл шарушалығына келген инвестициялар 2015 жылы 167  млрд теңге болды, бұл өнеркәсіпке келген инвестициялардан 23 есе төмен. Сондықтан, шетелдік компанияларды агроөндірісті дамытуға тарту жаңа агротехнологияларды, ауыл шаруашылығы техникаларын, дәндік тұқымдарды, тыңайтқыштарды және тағы басқаларды енгізуге мүмкіндік береді.

-         ҚР азаматымен некеге тұрған шетел азаматы иемденген жердің меншік иесі бола алады ма?

Заңда нақты бөліп көрсеткендей, ауыл шаруашылық жерлеріне  жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының азаматына ғана беріледі, ал жалға алу құқығы – шетел азаматына беріледі.

Сондықтан, некелік қатынастар жерге қатысты құқықтарға ықпал етпейді.

 

Jaqsy.kz

Пікірлер

user profile image
5 Мамыр, 2016

Жалақысыз қалған мұнайшылар компаниядағы қытайлар санын қысқартуды талап етті.
“Ақтөбемұнайгаз – СНПС” жұмысшылары компанияның әділетсіздігіне қандары қарайған. Ақтөбеліктер, фирма басшылығы оларды негізсіз демалысқа жібергенін, ал кен орындарында қытайлықтар жұмыс істеп жатқанын айтты. Бұл туралы timeskz.kz хабарлайды.
“Елімізде мыңдаған жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберіліп, дағдарыс қысып жатса, қытай басшылығы қытайлар санын тіпті де қысқартқан жоқ”, – деп шағымданды қазақстандықтар. Ашуға булыққан мұнайшылар тіпті кәсіпорында еңбек етіп жатқан қытайлықтардың толық тізімін де түзіп алған. Онда көрші мемлекеттің 113 қызметкері жазылған.
“Қытай азаматтары компанияның басшылығында мықты орындарды иемденген. Барлық шешімді қытай жетекшілері қабылдайды. Басқарма аппаратында да солар. Шетелдік мамандар мен қазақстандық мамандардың алатын жалақысының да айырмашылығы жер мен көктей. Қытай басшылары өздерінің жұмысшыларына жақсы қаражат төлеп, дұрыс өмір сүруіне де керемет мүмкіндіктер жасап беріп отыр. Ұшып барып-келуі, тамақтану, көңіл көтеру, өмір сүруінің барлығы компания есебінен қарастырылған. Оларға қазақстандықтар секілді мерекелерде демалып, аптасына 40 сағат істесе де 3 ай еңбек режимі 1 айлық еңбек демалысымен бірге қарастырылған”, – дейді мұнайшылар.
Олар Кеңқияқ, Сарқұла, Жаңажол, Қандыағаштағы мұнайшылардың отбасы алған жалақыларымен әрең күн көріп отырғанын айтты.
“Егер отандық қызметкерлердің қатарын қысқартса, онда тепе-тең қылып қытайларды да қысқарту керек. Бір қытайлыққа сұмдық айлық төлеп Қазақстанда ұстағанша, 3-4 қазаққа жұмыс беруі керек ғой”, – дейді шағымданған мұнайшылар.

user profile image
5 Мамыр, 2016

Өз шаруаңа тракторда жоқ, шетелдік келіп өз техникасымен жұмыс жасайма? Жылпоссыңдар а?

user profile image
8 Мамыр, 2016

ЖЕРДІ САТСА ДА АРЕНДАҒА БЕРІП ИЕ БОЛА АЛМАСА САТҚАНЫ ЕМЕЙ НЕ. СОЛ ЖЕРДІ САТҚАНША НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН ҚАШЫП ҚҰТЫЛАДЫ.

user profile image
27 Мамыр, 2016

Кытайдын оз жеры кунарсыз ауасы лас неге биздын кунарлы жерымыз 25 жылдан кейын не болат соган халык аландаиды неге казак ел басы депуттатар алансыз сойлеиды ел бекерден бекер шу шыгармаиды шыгар

Пікір қалдыру