24 Қараша, 2017

ЖАҚСЫ ХАБАР

Аталған іс-шаралардың мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Халыққа арналған жолдауында жүктеген міндеттерін іске асыру және танымалдығын арттыруға «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттары мен түлектерінің әлуетін арту.

28 тамызда Орал қаласында жастарды өздерінің жеке бизнес-моделдерін құру үшін оқыту мақсатында  «Кәсіпкерлер - Қазақстанның жаңа инновациялық экономикасының көшбасшылары» атты тұңғыш өңірлік семинар-трениг өтті.

Аталған іс-шараға 80-нен аса адам қатысты, сондай-ақ Орал қаласының әкімі Алтай Кульгинов, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің мүшесі Жұматай Салимов, халықаралық деңгейдегі бизнес-тренер, «HappyFarm» бизнес-акселераторының негізін қалаушы және бас директоры Анна Дегтерева (Украина), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО бойынша өңірлік филиалының директоры Ербол Иденов қатысты. Семинар-тренингті танымал корпоративтік тренинг бағдарламалардың авторы, BUSINESS SYSTEMS компаниясының директоры Олег Афанасьев (Украина) жүргізді.

Одан кейінгі «Бизнес-жобаларды басқару: мақсаттарға қол жеткізу технологиясы» атты өңірлік семинар-тренинг 14 қыркүйекте Павлодарда өткізілді. Семинар жұмысына «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас кәсіпкерлер, жас ғалымдар мен инноваторлардан 40-қа жуық адам қатысты. Сондай-ақ, семинар жұмысын Павлодар облысының әкімінің орынбасары Николай Дычко мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Орсариев, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Жұматай Салимов, халықаралық бизнес-тренер, «Happy Farm» бизнес-акселераторының негізін қалаушы және бас директоры Анна Дегтерева (Украина), «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Павлодар облысының өңірлік филиалының директоры Ерқанат Әбенов қолдап сөз сөйледі. Семинарды арнайы шақыртумен келген BUSINESSSYSTEMS компаниясының директоры, танымал корпоративтік тренинг-мектептер бағдарламаларының авторы Олег Афанасьев (Украина) өткізді.

Үшінші өңірлік семинар-тренинг Алматы қаласында «Креативті және  критикалық ойлау» тақырыбында өткізілді. Семинардың мақсаты - кәсіпкерлік қызметте ойлаудың тәжірбиелік құндылықтарын меңгеру. Семинар-тренингті  Стэндфорд Университетінің сертификатталған жобалау менджері, дамыту жобаларын, бағдарламаларын басқару бойынша сарапшы, International Financial Corporation, PMI, Ernest&Young арналған оқу бағдарламаларын әзірлеуші Федор Голиков өткізді. Шараға жас кәсіпкерлер, түрлі компаниялар мен ұйымдардың мамандары, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатысты. Шара аяқталғаннан кейін оларға сертификаттар табысталды.

31 қазанда  Тілеп қобыз сарайының қабырғасында жас кәсіпкерлер өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, Қазақстанның түрі қалаларынан келген «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарынан құралған елудей адамдардың басын қосқан «Жеке тұлғалық тиімділіктің құпиялары» тақырыбында семинар-тренингі өтті.

Семинардың тренері ретінде ProfiTraining технологиялық білім беру орталығының басқарушы серіктесі, Брайан Трэйси әдістемесі бойынша сертификатталған халықаралық деңгейдегі бизнес-тренер - Айжан Сыпабекова сөз сөйледі. Өткізілген шара барысында қатысушылар қажетті ақпараттармен қанықты және де кәсіби шешім қабылдау және өзінің мақсаттарын іске асыру, шешендік өнерді, оның ішінде көпшілік алдына шығып сөз сөйлеу, дауыс қою тәсілдерін үйренді.

2015 жылғы семинарды қорытындылаған «Бизнес – өзін-өзі таныту мүмкіндігі ретінде» атты республикалық семинар  Астана қаласында 14 қарашада өтті. Семинар жұмысына жас кәсіпкерлер өкілдерінен, «Болашақ» бағдарламасының түлектерінен және басқа да түрлі салаларда қызмет атқарып жүрген жастардан құралған 60-тан аса адам қатысты. Тренингті  «Директорлар институты» компаниясының директоры, Institut Europeen De Management International (Paris) іскери әкімшілендірудің, Ресей Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясының, халықаралық бизнес академиясының (Алматы) докторы, Амстердамдық стандарттарға сәйкес басқару бойынша сертификацияланған консультант Сергей Филин жүргізді. Семинарға қатысушылар алға қойған мақсаттарға жету бағыттарында ішкі уәжді реттеу  дағдыларынан өтті.

Жалпы жоғарыда аталған іс шараға 220-дан аса адам қатысты. Қорытындылай айтсақ, жоғарыда өткізілген семинар-тренинг қатысшылары өткізілген шараларға қатысты оң пікірлері мен ұсыныстар айтты. Бұл ұсыныстарды алдағы уақытта Қауымдастық міндетті түрде назарға алатын болады.

 Д.Баймухамедова, «Болашақ» қауымдастығының ақпараттық-талдау секторының меңгерушісі


Пікір қалдыру