26 Қыркүйек, 2017

ЖАҚСЫ ХАБАР

Семинар жұмысына жас кәсіпкерлер өкілдерінен, «Болашақ» бағдарламасының түлектерінен және басқа да түрлі салаларда қызмет атқарып жүрген жастардан 60-тан аса адам қатысты.
Аталған іс-шара барысында семинардың тренері ретінде  «Директорлар институты» компаниясының директоры, Institut Europeen De Management International (Paris) іскерлік әкімшілендіру докторы, Ресей Үкіметі жанындағы халық шаруашылығының академиясы, Бизнес халықаралық академиясы (Алматы), Амстердамдық стандартқа сәйкес басқару жөніндегі сертификатталған кеңесші Сергей Филин сөз алды.   
Семинарға қатысушылар алға қойған мақсаттарға жету бағыттарында ішкі уәжді реттеу  дағдыларын, ойға алған істердің нәтижесіне қол жеткізу үшін мақсаттарын қалай дұрыс қою қажетіліктерін, сондай-ақ жақын болашақтағы өзінің жеке миссиясын анықтау мүмкіндіктерін үйренді.
Семинар тренері: «Бизнес – ол еңбек. Жеке бизнесті жүргізу өте ауыр жұмыстардың бірі. Ол көп жағдайларда зор күш-қуатты, үлкен тәуекелдерді қажет етеді және барлық уақытыңды алады. Өз-өзіңді дамытуға, достарыңмен, отбасыңмен және басқа да жағдайлармен айналысуға сіздің уақытыңыз жетпей қалады. Сондықтан, енді ғана бизнесін бастаушылар және табысқа жеткен бизнесмендер үшін өзінің бизнесі мен жеке өмірін жақсы үйлестіре білуі аса маңызды. Яғни, адам өз бизнесінен ләззат, күш-қуат ала беруі керек» - деген ойымен бөлісті.
«Мен сияқты жас кәсіпкерлер үшін жоспарларыңды, бизнестегі амбицияңды және жеке өміріңді үйлестіре білу  өте маңызды.  Мен семинар жұмысынан кейін өзімді ширақ және позитивті сезіндім және өзіме  және жеке мүмкіндігіме деген сенімім ұлғайды. Ал семинардан алған білім мен тәжірибені  міндетті түрде өзіме ғана емес, менің қасымда жүрген адамдармен қарым-қатыныстарында пайдаланатын боламын» деді семинар қатысушысы.


Телефон бойынша қосымша ақпараттар: 8 (7172) 707-6698 (7172) 707-669, 8 702 943 41 888 702 943 41 88 (Аслан)

Пікір қалдыру