25 Қараша, 2017

ЖАҚСЫ ХАБАР

Семинардың тренері ретінде ProfiTraining технологиялық білім беру орталығының басқарушы серіктесі, Брайан Трэйси әдістемесі бойынша сертификатталған халықаралық деңгейдегі бизнес-тренер Айжан Сыпабекова сөз сөйледі.

Анықтама:

Брайан Трейси әдіснамасы  —   бизнес, сауда-саттықты басқару, өз-өзінді дамыту, көшбасшылық сияқты ілімдердің басын бір арнаға жинақтайды. Ол әлемдегі менеджмент және жеке тұлғалықты дамыту бойынша оқу әдістемелердің ішінде үздіктердің бірі болып саналады.

Семинар-тренингке қатысушылар басымдылықтардың ара салмағы, тайм-менеджмент  технологиясы көмегімен жұмыс және жұмыстан бос  уақытты қалай тиімді басқару керектігі туралы білуге мүмкіндігі болды. Сондай-ақ,  Айжан қатысушыларға өзіндік уәжді қабылдау және көпшілік алдына шығып сөз сөйлеудің пайдалы құралдарын ашуға көмектесті.

 «Шешендік өнер» атты семинардың бірінші бөлімінде сөйлеу энергетикасы, көпшілік алдына шығып сөйлеу мен ойды ишарамен білдіру сияқты мәселелер қамтылды. Тренер сөйлеу шеберлігінің базалық параметрлерін: шапшаңдық, дауысты зорайту, дауыс интонациясы, көзбен байланыс орнатуды айтты.

Семинардың екінші бөлігі «Уақытты басқару» модулінде өткізілді. Мұнда семинарға қатысушылар топтарға бөлінді.

Өткізілген шара барысында қатысушылар қажетті ақпараттармен қанықты және кәсіби шешім қабылдау, өзінің мақсаттарын іске асыру, мақсаттарды дұрыс қоя білуге үйренді. Олар  ойнай отырып, үлгілер жасап, қиялға ерік бере отырып түрлі тапсырмаларды орындады.

Шара қорытындысында қатысушыларға тренерге сұрақтарын қоюға және өздерінің шарадан алған әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік берілді.

Ұйымдастырушылар мен серіктестер: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы.

Қосымша ақпараттар: 8 (7172) 70-76-69, 87472032380 Динара Максютова.

Пікір қалдыру