24 Қараша, 2017

ЖАҚСЫ ХАБАР

Журналистердің мүддесін қорғап, сөзін сөйлеп жүрген ұйымдардың қатарына 2007 жылдан бері Бас редакторлар клубының қосылғанын білеміз. Бұл ұйымның мүшелігінде 100-ден аса тәжірибелі журналистер болса, оннан аса белгілі БАҚ-тың басын бір ортада жинайды.  Клуб журналистердің біліктілігін артыру бойынша кешенді түрде семинарлар ұйымдастырып, олардың ақпараттық, құқықтық, идеологиялық сауаттылықтарын арттыру үшін жүйелі жұмыстың үлгісін көрсетіп келеді.

Ал өткен аптада бірқатар БАҚ басшыларымен қатар біздің «Жақсы» ұлттық порталының жетекшісі Өркен Кенжебек те осы ұйымның мүшелігіне өтті. Салтанатты рәсімді Бас редакторлар клубы ұйымдастырған "Dialogue Room" қазақ -түрік медиаконференциясының аясында өткізді. Бұны біздің сайтымызға, оның жасап жатқан еңбегіне деген лайықты құрмет деп білдік. Клубтың қазіргі жетекшісі, белгілі медиаменеджер Бибігүл Жексембайдың айтуынша, бұл ұйым енді интернет сала бойынша да жаңа жобаларды бастайтын болады

Пікір қалдыру