26 Қыркүйек, 2017

СПОРТ

Бірінші. Алаңға тек қазақтар шыққанда, жеңер едік деген «Манас жыры».

Футбол – жаһанданды. Италия құрамасындағы негізгі шабуылшылардың бірі Балотелли – түбі африкалық, Франция құрамасындағы француздар көзге тамызуға әрең жетеді, Бельгия намысын марокколық қорғап жүр, әлем чемпионы Германияның негізгі маэстросы – түрік. Хорватияда неғылған Эдуардо да Силва? Әкесі филиппиндік, шешесі – ямайкалық, өзі Канадада туған Джонатан де Гузман неғып Голландия сапында алаңға шығып жүр?

Бұлардың бәрін заңды отанының намысын сылбыр қорғайды деп айыптауға бола ма? «Тек қазақтар ойнаса...» деп құрамадағы өзге ұлт өкілдерінің профессионализмінен күдіктенетін құқықты бізге кім берген? Кіл қазақ ойнатам дегеніңізбен, ондай ресурс бізде қазір жоқ. Қазақстанның әр клубындағы қазақ ойыншыларды алаңдағы позициясымен мұрынынан тізіп, Есей ағам жазды. Тауып алып, оқырсыз.

Екінші. «Біздің ойыншыларда намыс жоқ» дейтін жауапсыз сөз.

Бұлай куәлік беретіндей, осы жолы құрамаға шақырту алған 23 зіңгіттей жігіттің ішіне кіріп шықтық па?

Сосын бар ғой, футболда тек намыс шешетін болса, 2010 жылы көздерінен жас парлап гимн айтқан Солтүстік Корея жігіттері бірінші ойында-ақ Бразилияны бытшыт қып ұтып, сосын әлем чемпионы болар еді. Ал олар топтық турнирден аса алмай, тоңқалаң асты.

Ендеше, құрамада кіл қазақтар ойнауы мен олардың алаңдағы намысы ауаға балта іліп қоярлықтай қорқынышты болуы – жеткіліксіз.

Үшінші. Бәріне бапкерді кінәлау.

Красножан мырза - кезінде КСРО, Ресей құрамаларының намысын қорғаған кәсіби футболшы, «Спартак», «Локомотив», «Анжи» сияқты ресейлік ірі клубтарды жаттықтырған білікті бапкер.

Біз – қырып жібергенде Сейдахмет Бердіқұлов турниріне қатысып, жалдамалы жігіттердің көмегімен үйіне қаңылтыр кубок ап қайтқан журналиспіз, не «FIFA 2014» компьютерлік ойынында Чемпиондар лигасын жеңіп алған мектеп оқушысымыз. Осымен-ақ айтып жүрген сынсымағымыздың қаншалықты парықсыз екенін көрсетеді.

Төртінші. Үшіншінің жалғасы десеңіз де болады. «Неге ананың орнына мынаны шығармайды?». Бас бапкер мен оның штабына – виднее. Қай ойыншының қай позицияда мықты екенін біз әрі кеткенде клубтағы ойынына (стадионнан, теледидардан) қарап бағалаймыз. Не қағаздағы статистикасына сүйенеміз. Болды. Ендеше, қарсыласты зерттеген, соған лайықтап тактика түзген, өз ойыншыларының мүмкіндіктерін қаншама жаттығуда тексеріп көрген арнайы персоналдан ойыншылардың қабілетін артық білуіміз мүмкін емес.

Бесінші. Интернет ашып, сайтқа кіре алатын сіз сияқты адамға футболдың нендей ойын екенін ежіктеп түсіндіру - менің міндетім емес. Сонда да араларыңыздағы «аса сұңғылаларыңыз» үшін айта кетейін, футбол деген – далақтап жүгірген 22 жігіттің допқа таласуы ғана емес. Замауи футболда ұжым боп жұмылу - тактика бірінші орынға шықты. Қазіргі футбол, футбол емес – шахмат.  

Соңғысы. Бұл – тек кәсіби мамандар ғана жазып-сөйлесіп, біз аузымызды буып отырайық деген сөз емес. Футбол туралы пікір айту үшін, пікір айтқанда да, біздің әлеуметтік желі қолданушылары сияқты кесіп-пішіп сөйлеу үшін ең құрығанда, футбол деген ойыннан аздап болсын хабарымыз болса деймін. Тіпті әлгі біздің ақын болмаққа талпынғандардың өздеріне план ғып қойып алған «әр ақын өзінен бұрынғы шайырлардың мың жол өлеңін жатқа білуі тиіс» дегені сияқты, белгілі бір көлемде жанкүйерлік өтілің болуы тиіс десем де болады.

Қорытынды. Ойын жайлы осындай оспадар пікірлерді оқыған сайын бар ғой, Назарбаевты аяймын. Жеңіліс үшін бапкерді гильотинаға байлап жібергіміз келетініндей, ақыры атасы тегін жел сөз – бәріне Бір кісіні айыптай саламыз. Геосаясат, бізді қоршаған алып мемлекеттер, саяси интригалар туралы жете білмей тұрып Елбасын сынауымыз – Қазақстан құрамасының әр кездегі бір ойынын көріп қойып, өзімізді футбол маманы сезінетінімізге ұқсайды.

Футболшылардың екінші таймда шаршап қалатынын айыптап қойып, қарнымыз салбырап комп алдында отырамыз. Қазақта мықты футболшы жоқ дейміз, бірақ балаларымыз әнші болғысы кеп жүр. Өзіміз баулымаймыз – бапкерді кінәлаймыз.

Алып державаның алтын тағында арқырап отырған Путинмен тең сөйлеспек түгілі, деканын көрсе қорыққанынан туалетке тығылып қалатын деңгейімізбен Назарбаевқа ақыл айтқымыз келеді.

Жалпы, бірдеңені бірінші өзіміз анық біліп алмай-ақ, көзімізді толық жеткізбей-ақ сөйлей салу, сүйкете салу – біздің ұлттың басты кемшіліктерінің бірі боп тұр.  

Пікірлер

user profile image
FFF
17 Қараша, 2014

Франция құрамасы "көзге тамызатындай" деп қуып кеттіңдер. Уго Льорис, Матьё Дебюши, Рафаэль Варан, Люка Динь, Лоран Косельни, Йоан Кабай, Реми Кабелля, Матьё Вальбуэна, Антуан Гризманн, Морган Шнедерлен, Оливье Жиру және т.б. француздар.

user profile image
17 Қараша, 2014

Варан точно француз емес. Суретіне бір қара.

user profile image
18 Қараша, 2014

Ахаха, суретке қарап долбарлап емес, кәдімгідей ресми мәліметтерге сүйеніп жауап беретін әдетім бар еді.

user profile image
Ads
19 Қараша, 2014

Неғо білімді әлеуметтік деңгеймен өлшеп жіберген мына ұрысу типтегі мақала ақша шешетіні сөзсіз(()) ауылдың шетінде доп жыртар таланттар жетет, оданда футбол мектебі жайлы, оған қаржы бөліне ма, мектептерге біздің климатқа байланысты қысы-жазы футбол ойнауға қолайлы алаңдар салып жатыр деп теуіп Қойшиш сонда (гоол болар есеп біздің пайдамызда)

user profile image
27 Қараша, 2014

Футболды білмейді деп айыптау қате.Жазған алам шынында қуып кетіпті!
Егер Туркия мықты құрама болғанда Германиядан Месут Өзел Германияда ойнамас еді.Канада Филиппин не Ямайка құрамалары мықты болғанда жоғарда айтқан футболшылар өз құрамаларында жүрмейме?
Бразилия,Италия Аргентина,Испания сияқты футболы дамыған елде ұлттық құрамада ойнау бәсеке,сол құрамаға іліне алмай қалғандар өзге елдің құрамасаын сағалайтыны заңдылық! Сол себепті екі азаматтық алып,көзге түсуге тырысады!
Ұлттық намысөбұл қосымша күш пен жігер! Бұл посты жазушы адам мүмкін намыс дегеннің не екенін білмейтін болар?
Біздің құрамаға еш уақытта мықты бапкер келген емес! Европаның регионалды командасын жаттықтырған,әрі кетсе 3 дивизондағы аутсайдер команданы жаттықтырған бапкер келеді!
Орыстан не белорустан бапкер келсе-алдымен төленетін ақшаны бөлісуге олар келіседі,сол реттен соларды жалдайды!
Неге Жозе Мауриньо не Густ Хидинкті не Йоахим Левты жалдамасқа? Олар шенеуніктерге бір тиын татырмайды!

Біздің футболдың кенде болуының басты себебі-кәсіпқой клубтардың болмауы! Кәсіпқой футбол дамымай футболдан жеңіс дәметпе!
Қазіргі футболшылардың дені өзге ұлттан,сырттан алғандар! Олар шетелге шығып қыдырып келгенді ғана мәз санайды,оларға Қазақ құрамасы ұтама ұтылама бірі бір!
Құрамада 27 тен асқан "шалдар" көп! Тәжрибе бар болар,бірақ күш жоқ оларда.Екінші таймда шаршап қалады! Футболда матч тағдырын қарымта шабул мен 90 минут дамылсыз еңбек шешеді.Футболшылар шаршағасын жүгіргісі келмейді,ойында бір біріне сілтеп тастап сен жүгір деп алаңсыз жүреді.
Қазақтар келу керек футболға,тек сол ғана өзгеріс ендіре алады!
Шетелдіктер мен өзге ұлтқа бәрі бір! Келеді,кетеді қайта өз еліне,не тарихи Отанына!

user profile image
7 Желтоксан, 2014

Ең мықты ойнайды деген командалардың кездесуінің өзінде подбол көруге келген адамдардың санына қарап, бізде доп ойыны қаншалықты дамығанын көруге болады.еуропаның атақты командалары келгенде ғана халық әжептәуір жиналған болады. солардың көпшілігі мәжбүри тегін әкелінген студенттер екенін бәрі біледі.

user profile image
8 Желтоксан, 2014

Arelcits like this just make me want to visit your website even more.

user profile image
1 Наурыз, 2015

Футбол

user profile image
1 Наурыз, 2015

Баска улт ойнамай коят дегенге сенбейм мысалы 2014алем чемпнда алгаш рет босния ели катысты курамында мусылмандардан баска серб хорваты бар ал серб пен босниялыктардын катынасын блесиндер кадимги жаулар болса да сербтер сербия ушин емес туган ели ушин ойнады ойыны тауыр тарихында тунгыш рет болсада

Пікір қалдыру