26 Қыркүйек, 2017

КӨЗҚАРАС

Бұл шартты тарихи оқиғаға балауға болады. Бүгін Путин өзінің Украинадағы әрекеті мен Қырымды қосып алғаны үшін "асқанға тосқанның" сабағын алды және бұл үлкен проблеманың басы ғана.

Енді барлығын ретімен айтайық.

Украинада бауырына көрсеткен «қылығы» үшін Ресей ешқандай салдары болмайды деп үміттенді. Бірінші кезекте, әлбетте Еуропалық Одақ Ресейдің шикізатына тікелей тәуелді екені рас. Әсіресе, газға келгенде. Бұл бұрыннан Ресей үшін бизнес ғана емес, саяси құралға айналып үлгерген. Бірақ, Қырымды өзіне қосу шектен шығу болғандықтан, Батыс мұны кешіре қойған жоқ.

АҚШ әлемдік экономиканың көшбасшысы ретінде қысым көрсетудің жолдарын қарастырды. Нәтижесінде, Ресейден бүгіннің өзінде 200 млрд. қаржы сыртқа кетті. Бұл үлкен соққының алғашқысы болатын. Қазір Ресей төлем жүйесінен visa, mastercard компанияларының кетуін ойластырып отыр. Мұның қандай салдарға алып келері әлі нақты белгісіз.

Өзінің газ сататын Азия аймағы бар екенін дәлелдеу мақсатында Путин Қытайға аттанды. Ол Батыс әріптестеріне осыны көрсеткісі келді. Алайда, оның жоспары орындалмады. Қытай - саясатын мысықтабандап жасайтын мемлекет. Олар бұл жағдайды өздерінің мүдделеріне пайдалануды дұрыс көрді. Соңына дейін созды. Газдың 1000 текше кубына 400$-дан сатсам деген жоспарымен барып, қытайлықтар ұсынған 350$-ына келісуге мәжбүр болды. Басқа амалы қалмады. Ресей бюджетінің бұдан пайда таппайтыны анық.

Ендігі қызық сұрақтың бірі – неліктен Қытай өзіне сонша сенімді?! Ол энергоресурстарға бірінші кезекте өзі мүдделі. Қазір Қытай әлемдегі ең ірі көмір державасы деуге болады. Энергия балансында 70%-ы осы көмірге тиесілі. Одан құтылудың әзірге жолы – табиғи газ ғана. Мұның жауабы қарапайым.

Біріншіден, Ресейде басқа газын өткізетін балама нарық жоқ. Екіншіден, Қытай өзі әлемде газ өндіруден 7-орын алады. Оның экономикасының қарқыны энергияны көп талап етеді. Дегенмен, газ импорты бар-жоғы 41 млрд куб ғана. Мұны Қытай толтыра салуы проблема емес. Үшіншіден, Қытай осы қадамы арқылы геосаяси балансты өзінің пайдасына шешуді жоспарлап отыр.

Ендігі қызықты сұрақ: аса бір қажеттілік болмаса, Қытай бұл қадамға неге барып отыр? Біріншіден, ұзақ мерзімге арзан газ алудың жолы. Екіншіден, меніңше ең маңыздысы, Ресей 25 млрд$ Қытайдан несие алады. Бұл дегеніңіз, Ресейдің 90-шы жылдары ХВҚ-дан алған қарызымен салыстыруға келмейді. Ал енді бұл несиенің пайызымен 2 еселенетінін есепке алыңыз. Қытай Ресейді өзіне экономикалық тәуелділікке отырғызудың амалын жасап әлек. Батыспен алысқан Ресей шығысында Қытайдың барын ұмытып кетсе керек. Ресейдің бұл аймағындағы демографиялық мәселені жақсы білеміз. Қысқасы, Қытай үшін бұл - үлкен мүмкіндік.

Ендігі АҚШ-тың әрекеті қалай болмақ? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Бірақ, Ресейді экономикалық соққының астына алары анық. Ал Ресей экономикасы әлсіз, шикізат бағасына тікелей тәуелді. Бұл - АҚШ қолындағы басты көзір.

Ресейдің Украинадағы әрекеті сарапшылар пікірі бойынша, 50 млрд $ болған көрінеді. Ал енді Қырымға кететін қаржыны есептейтін болсақ, онда бітті дей беріңіз.

Қысқасы, Ресей үшін ауыр дағдарыстар әлі алда. Жаралы аюдың соңғы сермеуі қатты болуы да мүмкін. Еліміз үшін осы оқиғалардың тікелей әсері болатыны анық. Өйткені, біз ортақ экономикалық аймақтамыз. Мұны келесі мақаланың еншісіне қалдырайық. Дегенмен, мұның барлығы біз үшін қайырлы да болуы мүмкін.

Уақыт өте көрерміз. Бастысы, еліміз аман болсын!


 

Пікірлер

user profile image
30 Мамыр, 2014

Ойбай соны айтсайш кайырлы болсын. Жынды болатын болдыкко кытай америка ресей деп. Несй бар десей украинада. Ай путинай европага бергйсй келмей откан газынын багасын кытай жерге урган екенго. Ал ханзу ака газ кутты болсын берекесин берсин игйлйгйне жарат.

user profile image
8 Желтоксан, 2014

Hey, that's a clever way of thninikg about it.

user profile image
24 Ақпан, 2015

Ресей мен Қытайдың экономикалық достығы Қазақстанға оң әсерін тигізбек. Өйткені екі жақтың экономикалық ынтымағы Қазақстанға саяси көзқараспен қарағанда стратегиялық маңызды. Болашақта Қытай айдаһары мен Ресей аюы доллар үстемдігін құлатарына сенімдімін.

user profile image
28 Қазан, 2016

Автордың (аты-жөні неге жазылмаған?) жалпы көзқарасы дұрыс. Осындай жастардың болғаны қуантады. Алайда қазақтың көбі ресейлік "зомби-ящиктерге" кептеліп қалған. Ой-өрістері мешеу дамыған, көзқарастары өте қасаң. Осындайлар және "менікі дұрыс" деген радикалдық ұстанымда жүр. Алла, надандардан сақтасын.

Пікір қалдыру