26 Қыркүйек, 2017

МӘДЕНИЕТ

- Астанада және Таразда орамал байлаудан семинар-тренинг өткіздіңіз. Орамал байлаудың өзі де өнер боп тұр ғой, демек?

- Орамалға қатысты әңгіме көп: бірі – жақсы. Бірі: «Мұның бекер! Шеш орамалды!». Бірақ көп қыз-келіншектер: «Орамалды қалай байлайсыз? Сырын айтыңызшы...» деп өтініш білдіреді. Күніне 10-20 қыз жазады «Твиттердегі» парақшама. Енді «шашы жоқ» қыздың орамалы қалай «қайқиып» тұрады деп ойланатын болу керек, бас қатырып. Ойлап тапқан - өзім.

Басымдағы орамал осыншама резонанс тудырады деп ойламаппын. Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов «Твиттерде» «Маржан қыз шашын көрсетпеудің бар амалын жасап жатыр. Бірінші - алып тастады, артынша жауып тастады» деп жазып еді. Алып тастағанда неге шу шыққаны – түсінікті. Ал енді сол шашты жауып тастап ем, оным да қызық болғанда қызу талқыға салынды.

Әйткенмен, нәтижесі жақсы – үлкен де, кіші де орамалмен шыққаныма риза боп жатыр. «Үйретші» деп қиылып тұрған соң несін қызғанам оның? Көрсетейін дедім, нем кетеді? Кім ойлаған, бір кездегі тақырбас қыз «орамал тағуды» үйретеді деп... Жаратушы адамның өмірін, ойын өзгертем десе – бір секундтық шаруа екен ғой.

- Демек, бойдың ұят жерін ашпай-ақ өте әдемі киінуге болады екен ғой...

- Қазір орамалым жоқ болса, өзімді жалаңаш жүргендей сезінем. Бұрын, рас, ашық иә, киінетінмін. Айта кету керек, түсірілім-концерттерден соң үйге әзер жететінмін де, құлайтынмын. Күш-қуатым сарқылып, бір сөз айтуға шамам келмей жатып қалатынмын. Түсірілімнен тыс күндері адам көп жерден қашатынмын. Түсінгенім, ер адамдардың сұқтана қарағаны – бойыңдағы бар күшіңді сорып алады екен. Бір-екі рет қызуым көтеріліп, әй-шай жоқ дел-сал боп ауырып қалғаным бар. Ондайда «Көз тиген» дейді қазақ. Бірақ, қазір қарап тұрсам, өзім соны тілеп алыппын ғой.

Қысқасы, бір күні гардеробымдағы бір қарыс юбкаларымның бәрін жоқ қылдым! Әйтеуір, қолымнан іс тігу келеді: бұрынғыдай 40 см матадан емес, юбкаларымды 3 метр матадан тігіп алатын болдым. Ешкім мәжбүрлеген жоқ, өзіме ұнайды. Болды!

Етек-жеңіңді жауып жүрудің өзіндік «артықшылықтары» бар. Арнайы жазсам ба деп те ойланып жүргем. Сәті келген екен, журнал оқитын қыз-келіншектерге айта кетейін: әуелі әйелге тән нәзіктік оянады. Кең етек көйлекпен жүрсең – өзіңді сыпайырақ ұстауға тырысасың және айнадан да сондай нәзік бейнені көресің. Шалбар-шортыдан гөрі, әйел адамға ұзын көйлек киген әлдеқайда жарасымды. Шынымды айтсам, бұрынғы «еркекшора» Маржаннан көрі өзіме қазіргі қылықты Маржан көбірек ұнайды.  


- Маржан, сіз маған еш комплексі жоқ адам сияқты көрінесіз. Бірақ мұны комплимент деп қабылдамауыңызды өтінемін. Себебі, қатардағы журналист, көп қазақтың бірі ретінде мен қазақ қызының бойында ұялу, ұяңдық болғанын қалар едім және «мынауымды көрсе, туыстар, ағайын, ел не дейді?» дейтін «қорқыныштардың» болғанын жөн санар едім.

- Әрине, келісемін! Сіз айтқан қасиеттер қыз баланың бойында әлбетте болу керек.  Рас, өткенім үшін екі бетім жиі қызарады. Жағдай солай болды, сол кездегі мендегі дүниетаным, көзқарас бөлек болды...

- Әлгі «әйгілі шаш алдыру шоуында кейбір әншілерді «жігіт емессіңдер» деп ашық айыптаған едіңіз. Бұл – қазақ жігіттеріне деген ашу-реніштің жиналып барып жарыққа шыққан көрінісі деп қабылдағағандар да болған сияқты. Әлде бұл қате пікір пе?

- Мен ер бала боп туылмадым. Әкем қыздан кейін ер бала болады деп күтті. Тағы да қыз туылды – мен. Әкеммен аңға шыға алмадым, шыр айналып жүріп қорғасын құйып көмектесіп, қосауыз мылтығына оқтарын дайындап бергенім ғана болмаса. Бала боп, ауылға барғанда, рогатка атпадым, төбелеспедім, арыққа шомылмадым, қораз төбелестірмедім...

«Мен ер бала болғанда...» деген өкініш бар әлі күнге дейін жүрегімнің түкпірінде. Сіз айтқан бағдарламада ашуланғаным да сол еді. «Ер бала болғанымда ойланбастан шашымды алып тастаған болар едім, мәймөңкелегенше» деп қой атылып жүргенім. Сонша трагедия жасайтындай, мені былапыт сөзге көметіндей дүние емес еді бастағы шаш... Өкінбеймін!

- Есімде, сәл ертеректегі бір сұхбатыңызда «жігітім көгілдір боп шықты» деп оқырманды шалқасынан түсіргенсіз. Кейінгі кезде бір жыныстылардың некелесуі сияқты қазақтың құлағы естіп, көзі көрмеген жайттар көбейіп кетті ғой. Балғынбек ақынның бір айтыста «Көгілдір экранды бекер көгілдір деп айтыппыз» деген сыңайда өлең құрағаны есіме түсіп отыр. Сұрайын дегенім, гламур, шоу-бизнес өкілдеріне тіпті жақын жүрсіз адамсыз. Бұл індеттің ошағына кімдер отын тасып жүр?

- Көгілдірлер тек «көк жәшікте» емес, барлық салада бар. Күйеуге шықпақ боп ниеттенген жігіт-шырағымның «көгілдір» боп шыққаны да рас. Сол жылы қатты стрестен 15 келі салмақ тастадым. Одан бері 6 жыл өтті ғой. Бірақ ұмытайын десем, майысқақ жігіттердің көптігі соншалық – ескі жараның орны жазылар емес. ТВ саласында өте көп ондай «тотылар». Кейбірімен пікір алмасып көргенмін, «Ол маған не керек екенін біледі, бір-бірімізді жақсы түсінеміз» деп ақталады. Егер Қазақстандағы бүкіл гейлерді автоматпен қырып тастар болсақ, талай танымал «жігіттер» өліп кетер еді.

Астанада халықаралық көкпар турнирі өткенде, қыз басыммен қалмай бардым. Ал көп жігіттер жылы кеңселерінде отырғанды жөн санады. Сол жолы Балғынбек ақын «Көкпарда көгілдірлер болмайды» дегені бар. Шынында да, буыны бос көкпаршы көрмедім. Бәрі – шымыр, қолдары – қажырлы, иықтары – кең, тура көйлектерінің тігісі тырсылдап сөгіліп кетердей буындары жиырылғанда... тамсандым! Ауын салбыратып, кекілін қайырып, майысып жүретін «талшыбықтай» гламурный сүмелектерден қатты жиіркендім сол күні..

- «Тоқал да болуға дайынмын» деген сыңайда жазғаныңыз есімде. Бұл – «ашынғаннан шығады ащы даусым» ба?

- Тоқал турасында әңгіме қозғағаным, «өтпей қалам» деп қорыққанымнан емес  «Гей болғанша, ер болсын!» деген принциптен шыққан сөз еді. Айтсам, сенбейсіздер ғой. «Жауын жаумай су болып сорлап жүретін бір сүмелектің бәйбішесі болғанша, мықты еркектің тоқалы болған артық» деген сөзімді көп қыздар қолдап та отыр. Мойындаңыздаршы, осал еркектен мықты бала туушы ма еді?..

     Сұхбаттасқан Өркен КЕНЖЕБЕК


Пікірлер

user profile image
7 Сәуір, 2014

Батыр курбым менин.Сенимен казак халкы мактану керек кой

user profile image
7 Сәуір, 2014

Маржан кай кезде де оз принциптерин устанып калады. Типти,кей дос-курбыларга ренжип конилсиздик тунгиыгына кирип кетснм Маржаннын жазбаларын окимын. Бирде-бир багдарламасын жибермей корем,кай жерде болмасын. Сойлеуи,журиси,кылыгы ешкимге уксамайды. Менинше,сиз нагыз ЕР азаматты кашан келеди деп жургенше,балалар уйинен бир кара домалакты бауырынызга басынызшы.

user profile image
7 Сәуір, 2014

Маржан ақылды болып көрнігісі келеді халыққа, түк ұнамайды

user profile image

Маржан Салеметсиз бе?

озинизге камкор бола алатын жане сыйлайтын озинизге унаган ер азамат болса токал болудан кашпаныз созинизге косыламын!

user profile image
7 Сәуір, 2014

Не жасасақта елге бір пайдамыз тисін, әйтеуір бір кезде бағасын алармыз.

user profile image
7 Сәуір, 2014

бала асырап алатындай, ол соншама кәрі емес қой. қажет етсе, өзі туып алады. көңілі ешкімге кетпей жүр ғой.
мықтысың, Маржан. өмірде көрген тауқыметіңнің зейнетін тезірек көруді тілеймін.
құрбым болғандығынан емес, мықты әйел ретінде қатты сыйлаймын. жылтыр бетіне емес, жан дүниесін түсініп, сонысына шын құлап, тоқалы емес, өзінің жалғыз сүйіктісі ететін ердің болғаны дұрыс.
бірақ, Маржан өзі жасайды ғой таңдауын.
оған сөз айтуға жөні түзу ерлердің неге жүрегі батпай жүргенін түсінбейм негізі :) мінезі ит емес, қолынан іс те келеді, аузын жабу керек болса жаба қояды. натуральный келін.
хрен пойми мужиков.

user profile image
7 Сәуір, 2014

Jaraisz Marjan. Men szge karap kairattanam, kuat alam. Szdei kazak elinin kzdari jasai bersn bersn degm kelet.

user profile image
7 Сәуір, 2014

Маржан өте көрікті,сұлу қыз.Осы қалпыңнан тайма.Сәттілік!!!!!!!!!!!!



user profile image
7 Сәуір, 2014

Маржан коңілді , өнерде өз орны бар еркек шора қыз. оған өзінен жоғары ер мінезді жігіт кездеспей жур.жолың болсын Маржан.

user profile image
7 Сәуір, 2014

Кешириниз, Сизде: Жауын жаумай су болып сорлап журетин бир сумелек те жок кой?!Алла барин Билуши! Сиздин ниетиниздин кандай екенин биледи гой. Артык айттым деп ойламайсыз ба?

user profile image
8 Сәуір, 2014

Кымбат зат аркашанда жасырын турады екинин бири кол жете бермейтин,казактын кыздарыда осылай болуы керек жасырын аркимнин колы жете бермейтин...

user profile image
8 Сәуір, 2014

Өз өзіне PR жасаудан жалықпайды екен осы қыз.Меніңше жұртқа ақылды боп көрінудің жолдарын жақсырақ меңгерген ғой , басқа түк те емес...

user profile image

Маржанмен Казахстан актау телеарнасында бирге кызмет жасадым байсалды, тартипти керемт кыз болатын ды. Казір де солай. Адайдың қызы "ӨР" болады ғой.Мықтыны мықты деп мойындауымыз керк. Бақытты бол - Маржан Қыз

user profile image
8 Сәуір, 2014

Маржан сiздiн мына узын кен койлек киiп, осынын айел адамга пайдасы бар екенин Аллах корсетiп ескерткени болар инша Аллах!!!! Аллах сiздiн журегiнiзге гидаят, иман берсiн амин!!! Ендi имандылыкка бет бурып, Аллахка серiк коспай намаз окысаныз оданда жаксы боларедi инша Аллах. Алланын буйырганын орындап, тыйганынан тиылсаныз Аллах сиздин дареженiздi котерiп кояды, адамдарды озiнiздi силатып курметтi кылып кояды Аллах каласа. Маржан сiз казактын кызысызгой кара коз карындас, апкемиз жаным ашыгансон айтып жатырмын. Ендi Маржан шашыныз оссе осiрсенiз жаксы болар едi инша Аллах...?

user profile image
8 Сәуір, 2014

Не деген пиар. Биресе шашын тамырланады, жартылай жалаңаш, биресе орамал, кең етек көйлек. Бир сұхбатында оны қыз жақсы көріп қалады. Ал енді көгілдір жигит. ..

user profile image
8 Сәуір, 2014

Маржан,ренжиме жасандылыктан аулак бол,шошакай болма.оз-озинди жарнамалама,омирден тым ерте тунилме.Бала асырап алатын басын жерге жетиптурган жок кой,сабырлы бол.Алла ози пешенене жазган биреу бар шыгар.Андагыдай минезинмен,сабырсыздыгынмен унатып турган жигитти кери итересин го

user profile image
8 Сәуір, 2014

Ешкимнин де аузына какпак бола алмайсын?!Адамнын емес,Алланын айтканын тындасан,иншаАлла Алла тауып береди тура жолды!

user profile image
8 Сәуір, 2014

Marzhan, sizdin ojettiginizge tan kalamin. Sizdi kazirgi kelbetiniz jane soziniz unidi.

user profile image
9 Сәуір, 2014

Білесіз бе, сіз жақсы болғасын осылай сөз етеді, "өсектейді". Мән бермеңіз. Орамалыңыз бен ұзын көйлегіңізге дән ризамын.

user profile image
9 Сәуір, 2014

енди фигуранызды катты жапсыратын кииммен корсете бермесениз, озиниз ушин дурыс болады. коз тимейди дене битимизге, Жанна Фрискенин тагдырын кешип кетпейсиз дегеним гой. Касынызды да катты термеген абзал. Акыретте тек кас кана карсы шыкпайды дене мушелеринин ишинде.

user profile image
9 Сәуір, 2014

Бір бетті пікрлер емес кой, жалпы ой жүйесу түзуленіп келеді Маржан қарындасымның, ойдағы сана уахыт келе жүректегі иманды жағалайтыны рас екен ғой!

user profile image
10 Сәуір, 2014

Өзі туралы твиттерде үшінші жақта сөйлейтін, өзін өте қатты жақсы көретін қыз. Не боларын білмей басын тауға да, тасқа да ұратын бойжеткен. Біресе оған еркешоралар, біресе қызтекелер жабысады. Біресе ол жұлдызсымақтар туралы телеарна арқылы өсектер тасиды, біресе білгенге маржан шашады. Рейтинг беретін тақырыптарды жақсы меңгеріп алған. Енді саясатқа араласатын шығар. Құдай ақырын берсін.
PS: Сайт әкімшісіне! Анонимно деген сөз аударуға келмеді ме?

user profile image
10 Сәуір, 2014

Маржан мен сіздің ойыңызды түсіндім ер жігітке тоқал болыпта жақсы өмір сұруге болады. Шетелге тұрмысқа шықан қыздардан 100 пайыз жоғары беделді боласыз. Егер Құнанбай тоқал алмаса Абай атамыз дүние есігін ашпас еді. Тоқал алу туралы заңды мәжілісте қайта қарауды ұсыну қажет.

user profile image
10 Сәуір, 2014

Маржан өркенің өссін! Баянды болсын! Тек қана кейбір әнші апаларымызға ұқсап намаз оқимын деп, орамалмен суретке түсіп, кейін концерттерде абыройын ашып жүретін дерден болмашы! Осылай қоғамдық пікірге оңды қозғау салып жүретін иманды, ибалы қыздарымыз көбейе берсін!

user profile image
10 Сәуір, 2014

солтустиктеги облыстарда орыстар котерилис уйымдастырып жатыр дейди,жана гана бир достарым звандады. 4 облыста боп жатр екен, және менттерди сол жакка тасып жатр екен барлык облыстын. Олардн кушейуине жол бермейк.

user profile image
10 Сәуір, 2014

солтустиктеги облыстарда орыстар котерилис уйымдастырып жатыр дейди,жана гана бир достарым звандады. 4 облыста боп жатр екен, және менттерди сол жакка тасып жатр екен барлык облыстын. Олардн кушейуине жол бермейк.

user profile image
10 Сәуір, 2014

солтустиктеги облыстарда орыстар котерилис уйымдастырып жатыр дейди,жана гана бир достарым звандады. 4 облыста боп жатр екен, және менттерди сол жакка тасып жатр екен барлык облыстын. Олардн кушейуине жол бермейк.

user profile image
13 Сәуір, 2014

Маржанның қылықтары ерсі қазақ қызы деген атаққа келе бермейді жасырмай айтар болсам дөрекі қылықтары арқылы жалған пияр жасап ақша табу мен атаққа жетудің жолын іздеп жүрген бір шүйкебас дер едім.

user profile image
14 Сәуір, 2014

Сиздин өжеттілигинзде бар бирак тым артыкта кетипжатасыз ауызым бардепте сойлеп колым бардепте исти беруге болмайды бирак бари алланын колында ешкашан биреудин токалы болам деп ойламаныз сизди сулулыгы акылы бар адамга байбише боп жарыана адал жан балаларына асыл ана болган жарасады

user profile image
14 Сәуір, 2014

Мухаммед, койсайшы журтты дурликтирмей, сендейлерди турмеге жабатын зан бар гой

user profile image
14 Сәуір, 2014

Мухаммед, койсайшы журтты дурликтирмей, сендейлерди турмеге жабатын зан бар гой

user profile image
14 Сәуір, 2014

Мухаммед, койсайшы журтты дурликтирмей, сендейлерди турмеге жабатын зан бар гой

user profile image
14 Сәуір, 2014

Маржан, жарайсыз, тектинин киши жары болу арине дурысырак. Маган сиздей токал керек!

user profile image
15 Сәуір, 2014

расында текті қыздарымыз жолдары болмай жатады некеде.солардың қатарында ДАНА НҰРЖІГІТ, МАРЖАН.

user profile image
15 Сәуір, 2014

Жарайсың Маржан! Мен сені жекте көрдім,қазір жақсы көріп кетім!

user profile image

"Жақсы адамның артынан сөз ереді, жаман адамның артынан бөз ереді"

user profile image
21 Мамыр, 2014

Маржан, сізді сыйлаймын. өте өте ұнайсыз. өмірлік жарыңызды тауып, бақытты отбасы құруыңызға тілектеспін!

user profile image
23 Мамыр, 2014

маржан сизди сыйлаймын арине. бирак токал болуды айта берменизши. одан да сондай мыкты азаматтын жалгыз суйиктиси болуды жазсын сизге. не десе де байбише кудай буйрыгы, токал иттин куйрыгы деген бар....

user profile image
13 Қараша, 2014

Негизи жабылганын дурыс,бирак ишки танымын аз риЯмен ауырасын,жане ауретин толык жабылмады,оте коп сойлейсин,бир жигиттин багын ашып жануя болатын шаман бар,бирак атаккумар болгасын напсин жибермейди мойындашы осы рас кой? Маржан Султанбай

user profile image
13 Қараша, 2014

Негизи жабылганын дурыс,бирак ишки танымын аз риЯмен ауырасын,жане ауретин толык жабылмады,оте коп сойлейсин,бир жигиттин багын ашып жануя болатын шаман бар,бирак атаккумар болгасын напсин жибермейди мойындашы осы рас кой? Маржан Султанбай

user profile image
13 Қараша, 2014

Негизи жабылганын дурыс,бирак ишки танымын аз риЯмен ауырасын,жане ауретин толык жабылмады,оте коп сойлейсин,бир жигиттин багын ашып жануя болатын шаман бар,бирак атаккумар болгасын напсин жибермейди мойындашы осы рас кой? Маржан Султанбай

user profile image
5 Желтоксан, 2014

Журегиниз не каласа соны истениз

user profile image
17 Сәуір, 2015

Маржан саган жаксылык тилеймин. Тек бир билерим бир корегенди киси айтты осы кыздын бойында онер тунып тур деп сол тигиншилик жане дизайнерлик соны дамытсаныз оте бакытты боларсыз Кудай буйыртса.Атакты Коко Шанелди билетин боларсыз сондай болмаска неге?

user profile image
7 Тамыз, 2015

ТОКАЛДАН ТУЫЛ5АН БАЛАНЫ4 ОРНЫ ЖО0

Пікір қалдыру