25 Қараша, 2017

КӨЗҚАРАС

Біз Түркияның кереметіне тамсанып жатқанда, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарайтын «Kaznex Invest» АҚ-ның даму мен экспорт жөніндегі атқарушы директоры Ғазиза Шаханова «КазТаг» агенттігіне берген сұхбатында біраз әңгіме айтып тастапты. Мә, саған факт керек болса!

1. 2011-2013 жылдары Кедендік Одаққа кіретін мемлекеттерге біздің экспорт 7,1 млрд доллардан 5,8 млрд долларға түскен. Ал импорт 15,9 млрд доллардан 18,3 млрд долларға өскен.

2. Қазақстан бүкіл әлемнен қайыршы секілді инвестиция сұрайды, ал өзінің шикізаттан түскен қаражатын өндіріске салмайды. Парадокс! Ұрпағымыз аштан өлгенін немесе ең кедей, қайыршы мемлекеттер қатарына қосылғанын қалаймыз ба?

3. ЖІӨ 6 пайызға өсті деп мақтанамыз, ал шындап келгенде сол өсім құрылыс, сауда-саттық пен қызмет көрсетуге келеді. Ал өндіріс өсімі аз ғана. Онда несіне мақтанамыз, несіне тауар өткізетін нарық іздейміз?

4. Біздің дайын тауар экспортымыз бар-жоғы 4 млрд доллар ғана. Болды. Ау, халайық, ҮИИД бойынша салынған зауыттар, ол зауыттардың тауарлары қайда?

5. Кедендік Одақ елдері біздің тауарды нарығына кіргізбей отыр. Мына статистикаға қараңыз. Ресейге экспорт 2011 жылы 6,9 млрд болса, 2013 жылы 5,8 млрд доллар. Беларус 2011 жылы 104 млн, 2013 жылы 57,1 млн доллар ғана. Пікір білдірмей-ақ қойса да болатын шығар. 170 млн нарыққа шығамыз деген едік. Қайда сол нарық? Ол не, көп арақ ішеді деген орыстарға біз 1,5 млн-ға арақ-шарап жіберсек, олар бізге 48 млн долларға жіберіпті.

 6. Ол не, Орта Азия, көршілеріміз біздің тауарға бажды көбейтіпті. Қырғыздар тіпті ұнның әр келісіне 3 сом салған көрінеді. Өзбектер одан әрі...автокөлікке 70 пайыз, кондитер тауарларына 50 пайыз, макаронға 20 пайыз. Олардікі де дұрыс. Бірақ, келіссөз жүргізе алмаған біздің Үкімет емес пе? Әйтпесе, өзбектер бізге қарағанда 900 есе артық автокөлік жібереді екен.

Осыны сылтауратып болсын, келіссөз жүргізуге болады ғой... Шындығына келгенде, бар кінә өзімізде. Обал жоқ. Қазақ мұндайда сауап болды дейді. Әйтпесе, біздің тауар өндіруге, оны сатуға қаржымыз да, қуатымыз да жетеді. Тек орындауға келгенде бос сөз! Статистика осылай дейді. Қазір әрекет етпесек, ертең кеш болары анық. Қазақ қалды деп, ешкім күтіп тұрмайды. Шындық осы. Өкініштісі, осыны Үкімет біледі. Әттең...

Ал Түркия Үкіметінің ұстанымы қалай еді: «Әлемді жаулап алыңыздар, ал біз сіздерге ол үшін бар жағдайды жасаймыз!»

Пікірлер

user profile image
6 Сәуір, 2014

жағымпаздар биліктін пайда көру үшін әлемде жоқ ұрандар тауып алады көкелері мәз нобель сыйлығна жете алмай арманда жүр.елді той жасап танытпайды сапалы өнімдері арқылы таниды. билікте ар-ұят намыс деген ұғымдар жоқ ашкөздік қарпып қалу пиғылдары тиылар күн болама.

user profile image
6 Мамыр, 2014

Қашанғы жалақтайберемыз орыс-беларустардың алдында?! Кедендік одақ пайда акелуге емес, қазақ елін құл қылу және арам тамақтарын бізге жөнелту үшін жасаған! Бұзылған еттерін, уланған тауқтарын, басқа да жаман тамақтарын, іске аспайтын заттарын бізге сатып екі түрлі пайда көріп отыр:сатып пайда алу және қазақ халқынын денсаулығына зақым келтіру. Үкіметті жауапқа тарту керек! Олар сапасын қадақалап отыру керек, ол одақтан пайдасы барма жоқ па зертемейма?! Халықтын шыдамын сынап қашанғы жүрер екен?!

user profile image
11 Мамыр, 2014

қазақтың басшылары орысқа жағымсиды, ал қазақтың ұлтшылдары осы орысшыл билікке жағымсып шаң жуытпайды.
мынадай шындықты жақсы сайты бірінші рет басып тұр ғой деймін, әйтпесе бұры хабардың көшірмесі болатын

Пікір қалдыру