26 Қыркүйек, 2017

КӨЗҚАРАС

Мына материалды оқып шыққан соң, етек қысқару қашан, қалай басталды - ғаламторды парақтап шықтым /Google атай аман болсын!/ Аз ғана тарихтан... Лондондағы киім дүкенінің иесі Мэри Куант еден жуып жүрген құрбысын көріп қалады. Ыңғайлы болу үшін ескі көйлегінің етегін тізеден жоғары қырқып тастаған екен. Мэри ханымға құрбысының жалтыраған аяғы ұнады ма, жоқ әлде басқа ма, әйтеуір 1-2 аптадан соң дүкеніндегі барлық манекендер қысқа белдемшеге оранады. 

Дегенмен де «қысқа белдемшелердің атасы - мен» деген таласқа француздық кутюрье Андре Курреж түседі. Бұған Мэри ханым «қысқа белдемшені сіз де, мен де емес, көшедегі қыздар ойлап тапты» деп жауап қайырады. Бәсе...

Негізі санды жалтырату, кеудені жалаңаштаудың сәнге түк те қатысы жоқ. 20-ғасырдың «сән анасы» Коко Шанелдің өзі «Әйелдің тізесінен сұрықсыз нәрсе жоқ, сондықтан жауып жүру керек» деген пікір айтады. Ой, ол баяғыда болған ғой дейтіндерге... Ал 21-ғасыр қыз-келіншектерінің құлақ асатын сарапшысы Э.Хромченконың мына бір сөзін мысалға келтірейін: «Жұмысқа кіндігіңді ашып бару, әрине, стриптизде жұмыс істемесеңіз, ұят нәрсе. Саусақпен мұрын шұқығандай әдепсіздік болып табылады». 

Жалпы, ашық киінуге қыз-келіншектер саналы және санасыз түрде баратын сияқты. Саналы, мақсатты түрде киінетіндерде шаруам жоқ. Оларға менің түгілі, Мұраттың да сөзі өтпейді. Ал бейсаналы түрде киінетіндер туралы айта аламын. Өйткені, кейде өзім де солардың қатарына қосылып-шығып, қосылып-шығып қаламын. Былтыр мынадай жағдай болды. Дүкен аралап жүрмін. Мақсат – бала емізуге ыңғайлы, қонаққа киетін киім табу. Сіздерге өтірік, маған шын, 3-4 сағат жүрдім-ау. Таптым, алдым, үйге қайттық.

Қандай көйлек дейсіздер ғой? Алды мойынға дейін жабық, замогы артында... Теріс қаратып кисең ғана бала емізуге болады. Күлесің бе, жылайсың ба? Мини-юбка, декольтесі терең киім таңдағанда да көп қыз-келіншектер дәл осындай бір сәттік адасуға ұшырайды. В состоянии аффекта дегендей... Заңда да бұндай қылмыс жасағандарға жеңілдік бар. Бас салып сөкпеңіздер, қайта көмектесейік.

Бейсаналы түрде жалаңаштанатындарға:
- Дүкенге, базарға не алатыныңды жоспарлап бармаңыз! Іздегеніңді ешқашан таппайсың, содан кейін шаршаған-әбіржіген кезде консультант қыз ұсынған шорты мен мини-юбканы қалай сатып алғаныңды байқамай қаласың.
- Одан да ойша алмайтын заттардың тізімін жаса! Өзіне қызыл түс жараспайды деп ойлайтын қыздарға бұл түсті өлтірсең де кигізе алмайсың.
- «Үстіндегі киім адамның кім екенін емес, кім болғысы келетінін білдіріп тұру керек» деп бір данышпан айтқан екен /аты есімде жоқ/. Стриптизер болуды қаласаңыз, ерік өздеріңізде. Ал өз салаңызда жетістікке жетемін, бастық /қазаққа «бастық» деген әсері күшті, сиқырлы сөз/ боламын десеңіз, соған лайық киіну керек. Мини-юбка киген бірде-бір министрді көргеміз жоқ, Еуропаның өзінде (Берлусконидің кезіндегі Италия саналмайы)...

Саналы не бейсаналы түрде бүркеніп жүретіндерге:
- Ұнаған, сүйсінген адамға ғана еліктейміз. Маржан Сұлтанбай – мысал. Ашық-шашық тән жоқ, құдды «модницалар». Көрер көзге сүйкімді. Маржанға еліктеп талай қыздың юбкасы ұзарды, шашы жабылды.

(Фэйсбуктегі парақшасынан алынды деп жазғым келмеді, бірақ шыңдық рейтингтен жоғары))

Пікірлер

user profile image
14 Наурыз, 2014

Мәселенің екінші жағы. Өте дәйекті пікір екен, ұнады.

user profile image
14 Наурыз, 2014

шашы жоқ қызға еліктейтіндер шықты ондайлардан сақтасын.

user profile image

Сонымен мақалаңыз не жайында болды?! Тек тақырып атауымен талдама жасасам, бұл "қиналған нәпсінің жан айқайы" екен дедім. Алла харам деп тыйым салған нәрседе ешқашан адамға пайда болмайды. Сондықтан өз нәпсәни қалауыңызды қандай мұқтаждықпен ақтасаңыз да құны "КӨК ТИЫН". Шайтан адамды оңынан, солынан, артынан, алдынан келіп азғырам деп деп уәде берген. Сіздің әрекетіңіз сол төртеудің бір жағынан келген азғын әрекет.
ҚЫСҚАСЫ ҚҰРАНДА БІР АЯТПЕН БҰЙЫРҒАН "ӘУРЕТІН ЖАПСЫН" ДЕП. ССОНДЫҚТАН КҮЛЛІ СЫЛТАУДЫҢ АУЫЗЫН ЖАБУҒА БІР ҒАНА АЯТТЫҢ ҚҰДІРЕТІ ТОЛЫҚ ЖЕТЕДІ.
АЛЛАДАН БҰЙРЫҚ ТҮСТІ. БҰЙРЫҚ ТАЛҚЫЛАНБАЙДЫ. "ЛӘББӘЙК" дейміз де бағынамыз.

Пікір қалдыру