26 Қыркүйек, 2017

МӘДЕНИЕТ

“Ойбаааай, терезенің сыртында жалаңаш біреу тұр!”

Кейінгі оншақты жылдың көлемінде ҚазҰУ мен ҚазҰПУ-дың жатақханасында өмір сүріп көргендер үшін бұл реплика таңсық емес. Бірінші қабатта тұратын қыздардың әлденеден шошып келіп, есік қаққандағы айтатын сөздері. Көзбен көргендер көп-ақ, соған қарағанда, бір кездері “Казгуградқа” сондай бір “маньяктың” қонақ боп кетіп жүргені өтірік емес-ау. Бірақ, шамасы оның “маньяктығы” қыздар тұратын бөлменің терезесіне келіп, жалаң бұтын көрсетумен шектелді.

Өтірік емес дейтініміздің бір себебі, өмірде өзінің түрлі мүшелерін өзгелерге көрсету арқылы рахаттанатын адамдар шынында бар. Оларды ғылымда эксгибиционист деп атайды, яғни, эксгибиционизм дертіне шалдыққандар. Эксгибиционизмнің 2 түрі бар: жасанды және шынайы. Шынайы дегеніміз – осы әрекетті жасаған кезінде өз-өзін бақылауда ұстай алмайтындар; олар расында психологиялық сырқат саналады. Ал жалған эксгибиционизм адамның өз қалауымен жасалатындықтан, көп жағдайда бұзақылық іс-әрекет ретінде танылады.

 

Қазақ қыздары эксгибиционист пе?

Сұрақты осылай төтесінен қоюға тура кеп тұр. Мойындау керек, қаракөздеріміз де етектің шүберегін үнемдеуден бәсекеге аса қабілеттілігімен көзге түсіп жүр. Міне, көктем басталды, енді олар кезекті рет жаппай пысынай бастайды. Неге? Себебін ешкім, тіпті, сол тершең арулардың өздері де түсіндіріп бере алмайтын шығар.

Оның үстіне америкалық сексологтардың мына тұжырымы есті шығарады: “Нәзік жыныстылардың көп бөлігі белгілі бір деңгейде –  эксгибиционист!” Келіскің келмейді. Қазақтың қыздары, яғни, менің қарындастарым, тәндерін өзгелердің тамашалағанынан ләззат алады деген ой ұлттық сезімге әжептеуір салмақ өйткені.

Өйтпейін десең, солардың ойланбастан, замананың сасық желін самалдай көріп, сырттан таңылғанға топас ілесіп кетуі ішті ашытып бара жатыр. Әр нәрсенің апогейі болады. Етектің жоғары, жағаның төмен жылжуы қай шамаға дейін жалғасары белгісіз боп тұр қазір.

Күндердің күні әйтеуір бір тұсқа кеп тоқтай ма, әлде адамзат баласын, оның ішінде қазақтың қыздарын лыпасыз қалдырып, Уәлибек айтпақшы, жіпке айналып барып, үзіліп түсе ме? Онсыз да, қазір ұшы көрінбеген үш-ақ нүкте қалды.  

Эксгибиционизмге қайта келейік. Сонымен, ыстығы тасығанын сылтау етіп, санасы сан ашуға жетіп жүрген қыз-қырқын әлгі Қазұуқалашықтағы маньякпен сырқаттас боп шықты ма? Олай болса, аянышты. Оларды емдеп алу бұ дүния тіршілігінде қолымыздан келмейтін шығар. Өйткені, тым көп. Әрі бұл сырқат жұқпалы ма деймін. Вирусы қалалық жерде көп секілді. Ыстық және қараңғы жағдайларда тегі қозатын сияқты.

Мүмкін, олардікі жалған эксгибиционизм болар. Яғни, ол да құлын мүшесін көрсетуге деген құлшыныстың бір түрі, бірақ саналы түрде. Бұл аурудан гөрі бұзақылық әрекетке (хулиганство) көбірек сәйкес келеді. Ондай жағдайда, біздегі “киінген жалаңаштардың” Ресейдегі мемлекеттік мұражайларда жаппай жыныстық қатынас сеансын өткізген (секске қойылған қоғамдық шектеулерге қарсылық ретінде) “Война” тобынан; жұлдыз екені, жезөкше екені белгісіз Алеся Молибу немесе Перис Хилтон сияқтылардан не айырмасы қалады?

 

Қазақтың қыздары еркексіреп жүр ме?

Атақты, атақсызын қайдам, тағы бір америкалық сексолог Шарлотта Касл қыздардың жеңіл киінуін олардың қатынастан қанағат таппай немесе соған аңсары ауып жүргені деп түсіндіріпті. Қазақшалағанда, күйлеу. Бұл да намысымызға тиетін тоқтам. Қазақтың қыздарына жала жабылып жатқандай ма?

Анығында, қазақ қыздарының қысқа киімге құмарлығының өздері мойындамаса да біз долбарлайтын бірнеше себебі бар:

- әрдайым басқадан биік болу (тіпті шалбарының балағы да басқалардікінен биік тұру керек). Бұл көбіне, өзіне сенімді, өзін әдемі санайтын қыздарға тән психология;

- өзгелермен терезесі... яғни етегі тең болу. Ортаға бейімделгіш адамдардың істейтіні;

- өзін “отсталая сезінбеу”. Өзіне сенімсіз қыздар кейде қысыла-қысыла қысқа киіп алады. Кейін соған еттері үйреніп кететіні өкінішті;

Бұл тізімге ауа райының ыстықтығы, жүріп-тұруға ыңғайлылық деген секілді өтірік себептерді қосуға болмайды. Тағы бір ескеретін жайт, еркек психологиясын беткі жағынан ғана білетін қыз-қырқын «жігіттер қысқа киген аруларды ұнатады» деп қатты қателеседі. Қиялдағы ханзадаларын сөйтіп қаратам деп ойлайды.

Ендеше, қарындастарым, біліп қойыңыздар, сіздердің қайқы құйрықтарың ешкімнің сезімін қытықтап, махаббатын оятпайды! Оятса да, тек еркектік нәпсісін оятады. Тыртиып көшеге шыққан күні еркек кіндік комплимент айтып, жігіт біткен жымыңдай қараса, ол әдеміленіп кеткендігіңізден немесе олардың жүрегін жаулағалы тұрғаныңыздан емес! Бәрі демейін, бір адам болса да, “мынау талайды көрген ғой, сынуы оңай” деп сыртыңыздан сыбыр етсе, ондай сұлулығыңыздың бес тиындық құны бар ма? Өйтіп жүріп қалай адал махаббатты армандайсыз? Маған жүректегі махаббат емес, нәпсінің қолжаулығы болу да жарай береді десеңіз, мархабат, гардероб өзіңіздікі.

 

Playboy-дағы Мэрилин Монроның киімімен жаңалық жүргізуге болады

Егер сіз сән әлеміндегі, киім кеңістігіндегі өзгерістер табиғи түрде, өздігінен жүзеге асып жатыр, біз тек сол ағыспен жүзіп келеміз деп ойласаңыз, қателесесіз. Еуропаның өзі күні кешеге дейін етегі домаланған көйлек киіп, кеудесін баумен аямай тартып байлап жүргенін көзбен көрмесек те, ішпен біліп отырмыз емес пе? Мысалы, 1953 жылы “Playboy” журналының алғашқы саны мұқабаға Мэрилин Монроның фотосын басқанда ел жағасын ұстаған. Бірақ, Мәкеңнің сол киімімен қазір қысылмай жаңалық жүргізуге болады.

Демек, адамзаттың жаппай шешіну кезеңі аса ұзақ кезеңді қамтыған жоқ. Ол кезең “сексуалды революция” деп аталды. Жыныстық еркіндікке жол ашқан төңкерістің бір салдары осы біз сөз етіп отырған лыпаны көше киміне айналдыру еді. 60-70 жылдары АҚШ пен Еуропада орын алған бұл өзгерістің өздігінен басталып, өздігінен жүзеге аспағаны анық (Ол туралы келесі бір мақалаларда таратыңқырап айтармыз).

Мақсат – дәстүрлі құндылықтардан алыстата отырып, адам санасын билеудің жаңа сатысына шығу. Батыстағы неке деген ұғымның аяқасты болуы, жасанды түсіктің заңдастырылуы, төсек жасының төмендеуі осы төңкеріске тән “құбылыстар”.

Төсек төңкерісі Батысқа аз зардап әкелген жоқ. Демографияға кері әсер етті, отбасы құндылығын күйретті, жұқпалы дерттер көбейді, оның екінші кезеңі наркоманияға ұласты. Өз ауласында сәтті өткен тәжірибе сөзсіз күллі әлемге заһарын шашуы тиіс-ті. Осы мақсаттың жолында қазір барша өнер, бизнес атаулы жұмыс істеп жатыр. Киноиндустрия, шоу-бизнес, жарнама, бәрі-бәрі... Осы тұста, АҚШ-тағы революцияның, шартты түрде алсақ, неден басталғанын тағы бір еске алып өтелік... жұлдыздарды, артынан қарапайым адамдарды шешіндіруден. 

 

Екіқабат эксгибиционист

Хош, сонымен, біздің ел сексуалды революцияның қай сатысында жүр, әлде, эволюциясын бастан кешіп жатыр ма, ол жағын сексолог болмағасын, айта алмаймыз. Бастысы, жүйе жасағыштар жүйесін жасап қойған. Өздігінен жұмыс істей береді. Ақпаратпен миыңыз ми емес, аппаратқа айналдырылған. Сізде енді “неге?” деген сұрақ аса жиі туа бермейді. Неге қысқа көйлек сәнді? Неге қолтығы ашық кофта немесе арқасы жоқ тағы бірдеңе биыл тренд?

Неге былтыр жүрегің айнитын қызғылт түсті биыл киіп алдың? Осының бәрі кездейсоқтық па? Неге теледидар жүргізушілерінің төсінің сызығы көрініп тұру керек? Оны кім сәнді деп тауыпты? Санамызда ондай сауалдарға орын жоқ. Өйткені, оны ақтап алатын ақпаратымыз жеткілікті. Заман талабы, эстетика, қырт, сырт... Оның сыртында ел танитын, сыртынан ақылды көрінетін, сұлу саналатын қыз-қырқынның көбі жалаңаштықтың жарнамасын жасайды. Тіпті, екіқабат болса да! Оны эксгибиционизм демеске амал жоқ енді...: бетті басқан, қатты сасқан смайлик.

Батыста жоқ, бізде бар деп кеуде қағатын жалғыз мақтанышымыз бар-тын. Отбасы құндылығы. Әке-шеше, ата-әже институты. Қыздардағы көктемгі өзгерістерге бұл институт басшыларының қалай көз жұма қарап отырғанына таңым бар.

Бірер жыл бұрын төменгі сыныпта оқитын қарындасым қалаға қыдырып келген. Көршінің еркектің іш киіміндей ғана шорты киген кішкене қызы қарындасыма: “Жаздыгүні ұзын шалбармен ыстықтамай қалай жүрсің?” деп қатты таңырқапты. “Ал сенің мына жүрісіңе әкең ештеңе демей ме?” деген қарсы сұрақ қойылған біздікі тараптан. Екі жақ та “жоқ” деген жауаппен тарқасыпты. Мәселе күннің ыстықтығында емес, отбасындағы тәрбиенің салқындығында боп тұр ғой дедік те қойдық. Әйтпесе, қызына труси киме деп айтпаған әке, қандай әке?!

Тағы бір өмірлік мысал. Таныс апай: “Қызым қысқа кигісі келмейді, ел сияқты современный болсаңшы, аяғың қисық болса бір жөн деп шорты сатып ап бердім” деп аттың басын жіберіп отыр. Сенген кісілер сөйтсе...

 

Көтеніңізге көз тиеді

 Киім жайлы әңгіме бола қалса, “енді маған нәғыл дейсің, бүрмелі көйлек киіп жүрейін бе, бүркеніп алайын ба” деп шығатын қарындастарым көп-ақ. Әрине, әлемде үш-ақ түрлі киім қалып, оның бірі паранжа, бірі бүрме көйлек, енді бірі лыпа болса, түсінер ем бұл уәжді. Қуанышқа орай, киімнің түрі де, өлшемі де көп қой.

Десе де, қатып қалған материалист емеспіз. Сондықтан, адамдарды жаппай жалаңаштау – “ел бұзылса, құрады шайтан өрмек” дегендегі шайтанның құрған көп өрмегінің бірі екенін айтпай кетсек тағы болмас. Жалпы, ұяттың көп жағдайда киіммен, ұятсыздықтың әуретпен ассоциация беруінің өзі көп жайды аңғартпай ма? Киімнің қысқарғаны ұяттың қысқарғанын меңзейді. Психологтар адамдар арасындағы диалогтың ұят деңгейі киіп тұрған киімдеріне қатысты болатынын дәлелдеп тастаған. Өзіңіз де, “секси” боп жүрген күні еркектердің орынды орынсыз қылжақтай беретінін байқаған жоқсыз ба?

Тағы бір гипотеза. Осы күні омырау рагы әйелдер үшін нөмір екінші ажалға айналды. Зайырлы дәрігерлер мұны омырау терісінің өте нәзіктігімен, тиісінше, күн сәулесінің радиациясына төтеп бере алмай, ісікке шалдығумен түсіндірсе, діндар дәрігерлер көз тиюмен байланыстырып жүр. Екеуі де қисынсыз емес.

 

Құрбыларыңызға айта барыңыздар!

Құрметті қазақтың қыздары! “Қазақтың қыздары” деп ән салғандар сала берсін. Бұл жазба қазақы қарындастарға арналады. “Ұлы сөзде ұяттық” жоқ деп (жалпы осы мәтел бұл араға келе ме, келмей ме, білмедім) бірде ашып, бірде астарлап, бірде қатты, бірде жұмсақ етіп, айтарымды айттым. Келісу, келіспеу еркіңізде, тым құрыса құрбыларыңызға айта барарсыз... (Өз құқығым, араласпа дейтіндер де табылар. Әрине, өз құқығыңыз. Бұл мақаланың заңдық күші жоқ, сондықтан, құқығыңызға қауіп төнбейді. Ал жеке пікір ретінде айтар болсам, менің ондай қыңыр құқыққа қақырғаным бар. Киім қашанда адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі саналған, мен де солай ойлаймын және осы мәдениеттен мақрұм қалғандардың (яғни, мәдениетсіздердің) менің және балаларымның алдында көлбеңдеуін өз құқығымның тапталғаны деп түсінем). Осы бір жазбамды ағаның қарындасқа базынасы деп, тегі болмаса, қырқыншы үйдің, қала берді қара күңнің тыйымы деп түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймын.

Пікірлер

user profile image
13 Наурыз, 2014

Бірінші күлкіден жаттым. Сосын... Сосын ұйықтауға жаттым.

user profile image
13 Наурыз, 2014

Dos jilatip aitadi degendei,kalamin ushti bolsin..,

user profile image
14 Наурыз, 2014

Әй мүке жарайсың. күдігі басым киімнің сырын жақсы ашыпсың, оқығандар енді ойланар.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Менің де сіздің қақырғаныңызға қақырғаным бар Мұрат Есжан. Ез малтаны езе беруден шаршаған жоқсыздар ма. Или ашық киінген қыздарға көзіңіз түсіп күнәңізді ослай жуып шайғыңыз келе ме.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Жаннау, напсине жакпай бара жатыр-ау, а?! Киын го, киын, тым киын...

user profile image
14 Наурыз, 2014

Барiбiр Мукен бiрiншi какырган )))))

user profile image
14 Наурыз, 2014

Керемет мақала .Ащы шындық.Ақылы барлар ойланар ақсылсыздар аузына келгенін айтар.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Тамаша мақала! Осы мақаладан соң етегің ұзартқысы келген қыздарға респект!

user profile image
123
14 Наурыз, 2014

Көктем келіп, бұтты, көтті сөз ғылып, бірдеңе жетпеу жүр-ау осы.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Мұрат, керемет! Ертең балаларымыз тұратын елде бұған жол бермеу керек. Қазақ қыздарына тән мінез, тектиликке "кол сұғып" , "модныйсымакка" озгертуге ешкимнин құқығы жок.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Murat Esjan aga siz negizi jahsi ayttinz birak kaz bari ashik zamangoi birakta kazakhtin karakoz kizdarina ne kiym kise de jarasadi dep oilaymin birakta tim ashik-shashik kyimbese boldida mennshe kazakh kizdarnda uiat ar namis degen siz aytpasanzda bar dep oilaymin :)))))))))))

user profile image
14 Наурыз, 2014

Макалага айтар таппаса автордын жеке басын талкылауга кошетин кери кеткендер коп осы

user profile image
14 Наурыз, 2014

Мурат тамаша, Кулип отырып Жылататын макала екен, Керемет!!!! Жанна кателеседи.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Патриотсымақтар алдымен қазақ әріптерімен жазып үйренсеңдерші. Одан кейін Мұрат мырза қазақ қызы ретінде менің жеке өміріме қол сұқпай отыр ма, жеке басыма тіл тигізбей отыр ма? Эксгибиционист деп еркексіреді деп.

user profile image
14 Наурыз, 2014

К...тендi ашып жургеннiн касында казак карпiмен жазбаган ерунда)))

user profile image
14 Наурыз, 2014

Айман әрине. Бірақ мәселе сода мен к..імді ашып жүрмейм. Ел қатарлы киінемін. Бірақ ол Мұраттың эрекциясын тудырса менің кінәм не?

user profile image
14 Наурыз, 2014

Мурат, кыздардын кыныр кукыктарына какыра бергенше емделсенши! какырык тек тыныс жолдары я болмаса окпе ауруларында туындайды,булай какыра берсен онысызда киер киимдери жок жаланаш кыздардарга бирдененди жуктырып журерсин.

user profile image
14 Наурыз, 2014

кім шешініп жүрсе сол мал. Енді ренжімеңдер. Малдар киім кимейді ғой :)

user profile image
14 Наурыз, 2014

Жанна деген қыз ышқынып жатыр екен. Расында эксгибиционсить екенін дәледдеі. мал екенсің Жанна. Намысың босла киінбе олай. мал болма әлі кеш емес

user profile image
14 Наурыз, 2014

ҚазҰУ-дағы маньякты еске түсіріп барып, тақырыпты қозғағаның мықты кетіпті.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Алтара, танымайтын адамға мал деп айтып керемет тарбие алғаныңызды, көргенді екеніңізді көрсеттіңіз, сіздейлерді көріп қазақ болып туғаныма мақтанамын.

user profile image
89
14 Наурыз, 2014

Казактын кыздарынын киген киимдери унамаса баска конилдериннен шыгатын елдин кыздары бар жакка кошип кетиндерши ей.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Дурыс ой, дурыс тусiне алган, жанга!!!

user profile image
14 Наурыз, 2014

мен автормен келисемин.казак кыздарынын тым ашык киинуи шынтуайтында бир де бир жаксылык акелмейди.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Ауратты жапқан парыз ғой. Дегенмен сұлу, айтқаныңыздай ашық киінгенмен жасы 24 келгенше еркек жолатпаған, енді бірі бүркеніп алып білгенін істеп жүрген қыздарды өз көзіммен көрдім. Сондықтан, ашық киінгеннің бәрі "күйлеп", жабық киінгеннің бәрі "етегіне намаз оқып" жүр деп айта алмаймын. Кешірерсіздер, ағалар.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Оте дурыс айтылган мен косылам.

user profile image
14 Наурыз, 2014

ренжімещ. маған қызыл түс ұнайды. а так қызық мақала

user profile image
14 Наурыз, 2014

89 сен жанна екеуин казактын кыздарынын атынан сойлемеШ а. Киып жургенин казактыкы емес европанын кытайдын киымдери гой. Немене сойлеп отырсындар. Даже дурыс создерди тындамайтын бетпактыктарын ай

user profile image
14 Наурыз, 2014

Иә шіркін өзіңіз қазақтың жерінде өсіп, қазақтың қолымен жиналған мақтадан қазақ иірген жіптен тоқылған киімге малынып отырсыз. Дамбалыңыздан орамалыңызға дейін сырттан келген. Әлсіз аргумент, "өзің жынды" стиліндегі айыптау, сондықтан қызық емес. Боссыз.

Иә айтпақшы қазақ қыздарының атынан сөйлеп отырған кейбіреуіңіз. Бірақ мен емеспін.

user profile image
14 Наурыз, 2014

мен өз басым тізеден қысқа қылып киім кимеймін,жасыратыны жоқ бұл жағдай тұрмыс құрғаннан кейін. Жалпы қыз кезімізде сыртта қысқа киген емеспиз, бирақ уйдің ішінде шортимен жүре беретінбіз. Менің қыздар қауымына айтарым қанша қысқа кисеңдерде "уйленгенге дейін бетпен, уйленгеннен кейін көтпен алысатындарың анық".(ұлы сөздің ұяттығы жоқ)

user profile image
14 Наурыз, 2014

Мұрат Есжан, мақалаңыздағы ақпаратты түзеу ниетпен жаза кетейін: КСРОда „сексуалды революция„ Лениннің келуімен, әйел де еркек те тең құқылы дегеннен басталып кеткен. Ал 60-70 жылдары - Хиппилердің дәурені басталған.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Казакта соз бар гой /журт котин ашып кулер/ деген, значит казактар бурыннан котин ашып журген

user profile image
14 Наурыз, 2014

Нағыз мұсылман бауырлар ашық-шашық қыздарға ешқашан үйленбейді, мүмкін пайдаланар (әрине пенде болған соң нәпсі құмар қай-қайсысында бар)әсіресе осындай "беті жылтыр - көті ашық" бойжеткендерге жабысады, себебі ол өзі соған себеб болып тұр! Ал жартылай көбіне ұзын етек киіміз кеудеміз жабық болатын қыздарда бар, бірақ иманы бәрі-бәр әлсіз - оныңда қуырдағын дәмін татқанбыз! Сондықтан Хиджаб ең абзалы оған себеб келтірсем арағын ішіп темекісін шегіп жүрген ақамақтада оған жоламайды оның жабық жері әуреті жабық болған соң нәпсі деген құмарлық ояна қоймайды... міне "Құран Кәрімде" Нұр сүресінде айтып өткендей "Әй мүміндер, айтыңдар Аналарыңа, әйелдеріңе және әпке-қарындастарыңа - әурет жерін жауып оранып жүрсін" деген. Сондықтан Хиджаб ең қасиетті "ар мен ұятты жерін қорғайды"! Міне Ақымақтарда жолай алмайды Хиджабтағы қыздарға!!!

user profile image
14 Наурыз, 2014

Кулкіден жаттым. Жарайсың, Мурат! Бірақ, таң қалғаным, осыған кәдімгідей қарсыласып, ну и что көтенді ашқанның несі айып деп күйіп отырғандар бар ғой мұнда. Масқар! ХИХИ дің сөзі ұнады. Бәрібір Мұрат бірінші қақырды))))) Респект!

user profile image
14 Наурыз, 2014

Негізі, жас, жаланаш қыздар десе, есі танатын, бір құшпай кете алмайтын, ауызынан суы құрып еріп, солар үшін әйел-бала шагасынан аттап кететін, сүйген қызын қор қылатын жігітсымактар көп қой. Ең қасіреті, еркек болған соң осының бәрі дұрыс, қалыпты жағдай деп қарайтыны қасірет.

user profile image
14 Наурыз, 2014

Сизди кормесем де нагыз Ер екенинизди сеземин, мейли тортинши болсам да дайынсын сиздей азаматка! 87016660616

user profile image
14 Наурыз, 2014

Тарбие- озиннен басталады! Кем- кетикти айту миндет! Мин тузелмей ис оналмас .

user profile image
14 Наурыз, 2014

Макала Мурат туралы ма? Булар макаланы да тусинип Оки алмайд кен гo ужсс, кыздар

user profile image
14 Наурыз, 2014

Kawanda wyndyk ewkimge jakpaidy , oitkeni bizdin napsimiz bar.

user profile image
16 Наурыз, 2014

Шәкәрім Құдайберді атамыз айтқандай:
Ашылған көз тұра ма бiр зат көрмей,
Миға хабар бермей ме түсi өзгермей.
Әдейiлеп көрейiн демесең де,
Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей? дегендей Құдай ау! Жалаң да жалаң, жалаң бұттар атып шығады алдыңнан. Тура бір сең соққан балықтай біртүрлі болып қаласың. Бұндайда иманы бар жігітке Аллаһ жәрдем берсін ал енді нәпсісі ақылын билеген жастарға не айтамыз? Сиыр көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбес ед я болмаса қазаннан қақпақ кетсе иттен ұят кетеді деп халқымыз тегін айтпаған ғой.

Оның үстіне ақыл ойымызды жалмауыздай жалмап, санамызды сансыратып, перінің қызындай көзімізді арбаған көк жәшігі бар, газеті бар журналы бар, интернеті бар біздің қазақы болмысымызды батысқа түбегейлі жұттырып, қыздарымыздың омырауын ашып, етегін көтеріп, кіндігін ашып, жезтырнақша ұзын тырнақ өсіруге бейімдеп, бейне бір біздің халықта еш қандайда өзіндік киім кию мәдениеті болмағандай, әрі оны заманауи үлгіде көркемдеуге келмейтіндей көркем туындыларымызды бар болғаны ескіліктің нышаны деп шала піскен ақылға салып жүргендер жетерлік өкінішімізге орай.
Бірншіден хиджаб кию Аллаһ Тағаланың әміріне мойын сұну, екіншіден ол әйел адамның абыройы, үшіншіден хиджабты қалай кию керектігі пайғамбарымыз с.ғ.с. сүннетімен бекіген. Төртіншіден хиджаб қасқырдай аш көздерді арсыздықтан қайтарушы. Бесіншіден хиджаб еркек адамның өз әйелін, апа – қарындасын, қыздарын, анасын өзге бір еркектен шектен тыс қызғануға бөгет болатын тосқауыл. Алтыншыдан хиджаб Аллаһ тағаланың разылығына себепші.
Ғұлама ойшыл Шәкәрім Алла оны рахым етсін:
…Еуропа білімді жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.
Терең ойлап, сөзімнің түбін біл де,
Іштен жыла, шырағым, сырттан күл де.
Сол есті елде киім бар мода деген,
Керегіне лайықтап киінбеген.
Жас балаша қызығып сәкәкүлге
Масқара боп жүргенін бір білмеген.
Шебелет қалпақ, тар шалбар, қысқа сертек,
Киіп алып, қылтиып қағар селтек.
Ұнай ма ыстық, суық қозғалысқа
Ойланбай, болғаны несі мұнша тентек?
Әйелдері қуыршақ үлбіреген,
Жалбыр шашақ сәкәкүл талай неген.
Кеңірдегін сорайтып, кеудесі ашық,
Осы емес пе орынсыз сәнқой деген.
Ойлашы, осы ақылға жараса ма,
Емес пе ержетпеген бала-шаға?
Не денеге, не жанға жайлы емес қой,
Осыған да дау айтып таласа ма?
Лайықты киім жоқ па бұдан басқа,
Керексіз кербезденіп бос шатаспа.
Ақылды киім бермес, ғылым берер,
Ғылымын ал, өнерін ал, мұны таста!.. - деп жырлаған.
1675 жылдары дүниеге келген Мөңке би Алла оны рахым етсін:
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатың
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады,
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады.

Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады,
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады,
Кебір – жерге теңеледі,
Әйел – ерге теңеледі,
Көл – теңізге теңеледі.
Сиыр – өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы –
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны – ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
“Алһам” білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады.
Заманақыр болар да, жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
“Ә” десе “мә” дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде,
Әйел жағы ден болар,
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.
Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар,
Сөйткен заман кез болар,
Түзелуі қиын болар.

user profile image
15 Наурыз, 2014

Ашык кинетин кыздар ертен ана боласындар сонда кыздарыннын ашык шашык жургенин калайсындарма оиланындар макаланы жаксы жазган тусинген кыздарга

user profile image
16 Наурыз, 2014

Оте керемет байланыстырылып жазылган макала, окинишке орай кейбир каракоздеримиздин санасына жетпей жатканы-ай.Будан артык калай батырып айту керек. Жаланаштану когамга тонген улкен кауип.

user profile image
18 Наурыз, 2014

Жаксы козгалган такырып жаланаштану казiргi уакыттагы ен киын проблемалардын бiрi Естi адамга екi созде жетедi дегенгой казак бабалары .Жаланаштанып журген кыздарга айтарым Алла журектерiне иман бастарына байлам буттарына узын юбка насiп етсiн деп тiлеймiн

user profile image
18 Наурыз, 2014

Жаланаштанып журген кыздарга айтарым Аллаh журектерiне иман бастарына байлам буттарына узын юбка насiп етсiн.Естi адамга екi созде жетет деген гой бабаларымыз

user profile image
18 Наурыз, 2014

Ма мынау жыл макаласы енди

user profile image
...
15 Наурыз, 2014

Орамал

Айтпа дейсің орамал жайлы мүлде,
Қымтанған болып еді қайғы кімге?
Тақымын көріп епті жігіттердің,
Талай қыз үйретілген тай күнінде.

Көзге ұрып тұрса ашық құлын мүсін,
Дәметіп қарар небір зұлым кісің.
Жалаңаш жарнамаға көз үйреніп,
Арсыздық жайлап, елім, бүлінді ішің.

Қызыңда қызғанатын не қалып ед,
Ұяты он жасында жоғалып ед.
Намысы он бесінде тоналып ед,
Оңаша қалып бөтен бозбаламен,
Үйіне түнделетіп оралып ед.

Кісіге тік қарамас ұятты қыз,
Нұрымен сүйсіндірер шуақты жүз.
Қорғаған абыройын ару көрсек,
Біз надан сұмпай көрген сияқтымыз.

Байыпсыз байбаламын салады ақыр,
Дінменен бір келердей заман ақыр.
Ашық қыз көшеде өскен жеміс сынды,
Көрінген қолын созып ала алатын.

Санасы кім бар бүгін уланбаған,
Қурап бір қалатындай қу болмаған?
Қызыңның бетін сүйіп белін ұстар,
Суық қол су жыландай сумаңдаған.

Көп қазақ хиджап көрсе қапаланар,
Күйініп, отты көзбен атады олар.
Аңырар ақыретте азап көріп,
Қыздарын қызғанбаған ата-аналар.

Құранға қарсы шығып халқым оңбас,
Өзен боп жанарлардан сарқырар жас.
Орамал тарту – жат ел дәстүрі емес,
Алланың бұйрығы бұл талқыланбас.

Қазағым, қашан сенің ойының оңған?
Ойнасты дәстүр қылдың айнығаннан.
Жездесі балдызының төсін мыжып,
Жеңгесі қайындарын қойнына алған.

Жексұрын мінезің көп, ырбаңдайтын,
Нәпсіңе кезің бар ма құл болмайтын?
Құрдасың әйеліңе қол жүгіртіп,
Құдасы құдашадан құр қалмайтын.

Байқап ал байлайтынын кім бағыңды,
Бұрған жөн жақсылыққа тіл-жағыңды.
Біл, қазақ, орамалды сөккеніңде,
Шайтанның сөзін сөйлеп тұрғаныңды.
Серік Мақұлбекұлыят әр дайым иманнан))))

user profile image
15 Наурыз, 2014

Етек~жеңін қымтап ұстаса қай жағынан да пайда тек өзіне екенін түбі түсінеді қыздар.

user profile image
19 Наурыз, 2014

ote keremet aitilgan, orangandarda oranbagandarda bar bulikti istep jur birak bul jerde masele bul emes, masele adam ozin allah kalai buirdi kai jerlerdi jabinu kerek dedi sol jerdi jabinui kerek boten erkek ogan karamui kerek sonda ol kizdin ari saktaladi. zorlap ketti dep erkekterdi jazalai beremizbe eger ol kiz jabinip uzun kiip jurse oni kim zorlaidi. eger ol kiz uzun kiinip jurgen kezinde zorlasa onda ol zorlagan erkekke jaza koldanu kerek.

user profile image
22 Наурыз, 2014

Жаксыны жаман деп жаманды жаксы дейтин заман келди, Кимде-ким имансыз болса ол арине котенин ашкысы келеди, кимде иман бар ода уят бар, кимде уят алсиз ода иман алсиз. Кандайда бир когам бузыларда алдымен ол когамда айел заты бузылады дейди, казир котенин ашып уялмаганнан кандай ертен дурыс урпак туады дейсиз? курысын.... кандай жииркеништи сондайлар((

user profile image
26 Наурыз, 2014

жаксы жазылган дуние екен.калам уштала берсин!!

user profile image
3 Сәуір, 2014

Ote durys aitylgan!!!

user profile image
3 Сәуір, 2014

Ote durys aitylgan!!!

user profile image
6 Сәуір, 2014

Kyzdar zhagy andygany bizdin kyim demesin.Aieldin auretti zhabu kerektigi asyl dinimizde sonau almisaktan beri aitylyp keledi goi.Bul Uly Allanyn amiri,adamnyn emes.Moiyndamaityn nesi bar,Allanyn amirine karsy shygyp.Alde amirge boiusunbaityndai, bilgenin isteitindei adam balasy kurdan-kur bos zharatylyp pa?Aita-aita zhauyr boldy goi.....

user profile image
18 Сәуір, 2014

Маш Аллаһ тамаша мақала, Жарайсың, Мұрат! Қыздар оқыңдар ойланыңдар. Күн батыстан шыққанша амалдаңдар. Әлі де кеш емес.

user profile image
10 Мамыр, 2014

Maqaladan komment qyzygyraq)

user profile image
21 Мамыр, 2014

Қыз өсіру, қыз тәрбиелеу оңай іс емес!

user profile image
21 Мамыр, 2014

Мұрат жәрәйсың!!! Ашық-шашық киінгіш қыздар импотент немесе белсіз еркектердің көбеюіне сеп болады! Өзіміздің, жігіттеріміздің және үрім-бұтағымыздың саулығына бола ұзын етек көйлек немесе сәл жинақы киініп жүруге болады ғой...

user profile image
5 Шілде, 2014

Казiр озiм еуропада журмiн.Мундагы кыздарга карап,какырмак турмак кускын келедi.Етек кыскаган былай турсын,кур гана iш киiммен журедi копшiлiгi.Киген шортиктерiн будан баскалай атай алмаймын. Бiздiн де етегiмiз кыскара-кыскара осылай "iш киiмсiз"калмасак болганы.Жалпы казак кыздары дегенмен кейiнгi жылдары акырындап "жабылып"келетiндiндiгi де рас кой. Озiм макаланы окып риза болдым,рахмет Мурат мырза! Мырза деуге расында да лайык екенсiз!

user profile image
6 Шілде, 2014

Мини юбка киген қыздар автоматты түрде өздерін әдемі сезінеді екен(Жайдарманнан)

user profile image
18 Тамыз, 2014

Күшті болып қалдым мына мақаладан соң. Ырзамын авторға!!!

user profile image
5 Қыркүйек, 2014

Бул макаладан ешнарсе озгермейдi, себебi ашык кинетiн кздар бул макалага пскрмайдыда, сирдiн кулагна домбра шерткенмен бiрдей. Казыр Хиджап киген кыздардан не сумдык естiп жатканда европага елктеген кыздардан не кутуге болады,

user profile image
23 Сәуір, 2016

Маыналы мақала екен . кыздар жиналысында баяндама етіп оқып берейін. Рахмет!

Пікір қалдыру