26 Қыркүйек, 2017

МӘДЕНИЕТ

Жатақханада ашылған жаңалық

Университеттің жатақханасында тұрамыз. Ұялы телефондарға ән ұялаған заман. Қоңырау да – ән, оятқыш та – ән. Bluetooth-ы мен 512 мегабайттық жады бар соткаң болса, сенен асқан абыройлы адам жоқ. Сондай бір «қазақ жатақханалары ән салып тұрғандай көрінетін» күндердің бірінде жастар қауымын «Арман» деген ән елең еткізді.

Арман, адастырмай мені қоя тұр,

Жалған, құшағыңды маған жая тұр...

Студенттер әлгіні 50-шы жылдардағы «Абай» романы секілді қолдан қолға тигізбей ала жөнелді. Орындаушысы кім, түрі қандай? Көбі білмейді. Бірақ, ән «аяусыз» таралды.

Ол кезде «Арманнан» гөрі сөзі, сазы, орындауы жақсырақ әндер көп-ақ болды. Бірақ, мынау ерекше танылды. Жартылай жиыстырылған бөлмеде жатып алып, өзімше ақыл тоқтатып қалған төртінші курстың студенті ретінде осының себебіне ойша үңілгенім есімде. Таба алмағам. Бірақ, «дәу де болса, ротацияның осы түрімен арнайы айналысып жатқан адамдар бар-ау» деген тоқтамға келгем. «Мынау жақсы тәсіл екен, адамдар әніңе қанығып, енді өзіңді іздей бастағанда, жарқ етіп шыға келесің. Осыны жұлдыз болғысы келіп жүрген Бақтияр досыма айтып көрмесем» деп түйгем ақыры. Бұл 2007 жыл болатын.

 Концерттер керуені

Ай артынан ай өтті. Қайрат Нұртас дейтін әншінің ән артынан әні жазылып, телефоннан телефонға таралып жатты. 2008 жылы ақпанда Қайрат алғашқы концертін бергенде, жұрт оны әжептеуір танып қалған болатын. Республика сарайы толды, бірақ билеттер қалай сатылды, қалай таратылды, ол жағын айта алмаймыз. Әйтеуір, өз басым журналист таныстарымнан тегін алдым. Айтайын дегенім, Қайрат Нұртас (мамасы екеуі) ротацияның екінші сатысы ретінде концерт өткізуді таңдағаны анық-тын.

Қорықпастан. Батыл түрде. Әйтпесе, ол шақта Қайраттан қадірі мен тәжірибесі артық қаншама әншілер қаражатты, дайындықты сылтау етіп, шығармашылық кеш жасауға жүрексініп жүрген болатын. Шындығында, кеш өткізу қалтаға да, жүйкеге де оңай шаруа емес. Осының өзі болашақ эстрада жұлдызына салынған инвестицияның шамасынан хабар беріп тұрғандай еді.

Содан бастап Қайрекең концерттерді бірінің артынан бірін «пергіледі». Кейінірек облыс, аудандарға шықты. Тіпті, ауылдың жаман клубында да концерт беріпті дегенді құлағымыз шалып қалған. Мұны біреулер еңбекқорлыққа, біреулер кәсіпке деген адалдыққа, енді біреулер өлермендікке балап жатты.

 Клиптер көші

         Концерт берген адамның клип түсірмей қалуы мүмкін емес. Ротацияның ең негізгі қозғаушы күші клип екенін қазір Еркін Шүкіманов та мойындайды. Қайраттың клиптеріне тоқталып, сөз созбай-ақ қоялық. «Өз-өзін сыйлайтын кез-келген әнші секілді» оның клип түсіру мекені әлдеқашан Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен.

 Сезімін жасыру

Бұлардың бәрін неге тізбелеп отыр дейсіз бе? Қайрат Нұртастың заманауи әншіге керекті жарнама құралдарының бәрін пайдаланғанына дәлел ретінде келтіріп отырған түріміз. Одан бөлек, мынадай себептерді айтқан болар ек.

Біріншіден, оның жас шамасы. Жеткіншек кезінде шықты. Жеткіншектерге қызық болды. Расында 19-20-дағы адам мектептегі 12-16 жас аралығындағы бүлдіршін қыздар үшін таптырмайтын субъект. Оның үстіне біздің эстрадада бұл шамадағы жігіттер жоқтың қасы болды. Мысалы, АҚШ-тағы Джастин Виберді алыңыз. Немесе Ресейдегі Дима Билан. Бұл екеуі де шыға сала бұрынғы жүрген мықтыларды соңына қалдырып кетті. Сұраныс тұрғысынан. Яғни, жастардың жастарды жақсы көруі және тыңдарманның негізгі бөлігін мектеп, университет жасындағы қыз балалар құрайтыны – әлемдік тенденция.

Екіншіден, Қайрат мамасы екеуі (мүмкін ақылшылары бар шығар) белгілі бір деңгейде шетелдік әріптестері пайдаланатын тәсілдерді қолдана білді. Мысалы, сол қыздардың ілтипатынан айырылып қалмауы үшін некелі әйелі, қызы бар екенін жасырды. Олар жасырған сайын, әр жер-әр жерден ақпарат шығып қалып, жас жанкүйерлерін одан әрі интригаға бөлей түсті. Білсеңіздер, мұндай нәрсені басында «Жігіттердің» жігіттері жасап көрмек болған. Бірақ, шамасы шыдамдары жетпеді. Ал, Қайраттікі өзі үшін ұтымды болды.

 99 пайыз

         Бір пайыздың, яғни, таланттың жайын соңыра айтармыз. 99 пайыз деп отырғанымыз – еңбек. Анығында, жоғарыда айтқандай табаны тілінгенше ел кезіп, концерт қою – еңбекқорлық. Кез-келген еңбек түрі түбі жеміс береді. Бұл әншінің тағы бір ерекшелігі – ән жазудан ерінбейтін сыңайлы. Ескілі-жаңалы, жаманды-жақсылы 300-ден аса әндерді топырлатып жаза бергесін, әрине, саннан сапа туады. Ән көп болғасын, ішінде қайғылысы, қуаныштысы, жолда тыңдайтыны, тойда тыңдайтыны табылатыны, яғни, ассортименттің көбейетіні түсінікті. Әлгі, «ойбай Қайратты жас та, кәрі де тыңдайды» деген пікірде азғантай шындық болса, себебі осы болар деп долбарлаймыз. Қысқасы, 24-тегі баланың репертуарында 300-ден аса әннің болуы біздің эстрададағы сирек жағдай.

         Жеке танитындар Қайраттың қаршадайынан ән айтуды шын жақсы көргенін айтады. Сахнада, тойда, студияда тынбай ән айтып жүргенімен қоймай, әңгімелесіп тұрсаң да, ыңылдап, әндетіп тұратын көрінеді.

         Әнге деген махаббат, бәлки, айқын мақсат, оған үстемеленген мамасының пысықтығы Қайраттың тоқтаусыз, дамылсыз жұмыс істеуіне себеп болды. Шоу-бизнес көшкін секілді. Тоқтасаң, көрінбей қаласың. Ел де ұмытшақ. Көз алдынан кетпесең, танымалдығыңа кепілдік бар. Ал әншілер үшін танымалдық – табыстың көзі.

Қазақ қуанышына теледидардан көп көрінетін адамды шақырғанды абырой санайды. Сөз реті келгенде айта кетейік, қазір кейбір адамдар әнші болмаса да, тойдың жақсы өтуі үшін қосар ешбір үлесі болмаса да, кейбір танымал актерлерді, депутаттарды (мысалы, Асанәлі Әшімов сияқты) ақша төлеп алдырып, төрге отырғызып қоятын бопты. Жолын, жатын-орнын, қаламақысын (яғни, отырғаны үшін құйрықақысын) төлеп шығынданады, есесіне, тойға келген жұрт Бөжейдің асы секілді «ойбай бәленнің тойына түген кепті» деп айтып жүрмек.

         Айтпағымыз, әншілер бір танымал болып алса, ары қарайғы шаруа – мәңгілік қозғалтқыш сияқты. Тоқтамасаң болды. Тойға барасың, табыс табасың, әрі танымалсың. Танымалсың, тойға барасың, табыс табасың. «Ән айтасың, жаныңды жеп айтасың» дейді ғой, әрине, ол үлкен еңбек. Қайратта сол 99 пайыздың жайы ойдағыдай болды. Ал ар жағы 1 пайызға жете ме, жетпей ме, қазір ол жағы аса маңызды боп тұрған жоқ. Жарты пайызбен-ақ «жыртуға» болады.

 1 пайыз

Кәсіби мамандар Қайраттың даусына аса жоғары баға бере қоймайды. Түптеп келгенде, ән салу деген жалғыз дауыстың параметрлері емес қой ақтаймыз көп әншіні. Қайратқа қатысты сол көп ақтаулардың тағы бірі – «бұ бала әннің ішіне кіріп, сезініп айтады» деген пікір. Ол сөздің де жаны жоқ емес шығар. Дауысқа қатысты тағы бір деталь.

Екі жыл ілгеріде осы Нұртастың ұлы «Саз әлемі» дейтін жобаға қатысты. Қазылар алқасында отырған нағыз кәсіби маман, педагог Толқын Забирова Қайраттың быт-шытын шығарды. Мамасы «көре алмағаннан сынап отыр» деп ойласа ойлаған шығар, бірақ айтқандары негізсіз емес-тін. «Саған вокалдан сабақ алу керек» деді ақыры Забирова. Емиханнан өтпей қалған балаға қосымша сұрақ қойған секілді соңында бір халық әнін айтып беруін өтінген. «Бір баланы» бастаған Қайратымыздың даусы да жетпеді, сөзін де дұрыс білмейді екен. Қысқасы, сол бағдарламадан соң жас қыздар Толқынға кіжініп, Қайраттын гөрі «Бір баланы» жақсы көретіндер дереу тамақ ішуге кіріскен. Өйткені, әншінің деңгейі расымен қарын аштырған еді.

 Қайшылық

         Енді соңғы дау-дамайларға келейік. Қайраттың да есімі «лақтырғыш» деген анықтауышпен қосарланып айтылып қалатын болды. Бір рет – ұйымдастырушыдан, екі рет – ұйымдастырушыдан. Үшінші рет... кездейсоқтық қайталана берсе, заңдылыққа айналады. Соған қарағанда, өзінің кәсібіне немқұрайлы қарай бастаған-ау деген ой келеді. Соңғы болған «Прайм Плазаны» алайық. Ондағы жағдайға бәлен деуден аулақпыз, дегенмен, осыған дейін соңына шу ілеспей жүрген әнші емес. Қайрат кейде уәде берген концертін қоймай кетеді деген дақпырттың өзі елге күмән боп кіріп алған. Сондықтан, ұсақ-түйекке мән бермей, кінәні әркімге артып жүргенде, бұл оқиға сабақ болған шығар.

Әр нәрседе қайыр бар. Бұл шудан соң өткен баспасөз конференциялары, түсірілген бағдарламалар Қайраттың абыройын көтеріп кетті. Қайраттың себебімен қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп қалғандай болды. Өзге тілге онсыз да жүйрік емес еді, бірақ әлдекімдер секілді тыраштанып орысша сөйлемей, қазақшаға «тұрып бергені» сүйкімін арттырып жіберді. 

Не дегенмен, Қайрат туралы әңгімелерді осылай алма-кезек өре беруге болады. Кино түсіртті. Журнал ашып алыпты. Ол не теңі дейді біреулер. Кино түсірсе көрілді. Журналды кім ашпай жатыр? Ел құсап ақшасын бизнеске салып жатқан жоқ, бір қазақтың баласының абыройына жұмсаса, несі айып дейді екінші тарап. Бутик ашқанын сөз етеді біреулер. «Добрый вечер, Қазақстанның» түсірілімінде оны танымайтын ресейліктердің өзі харизмасына таң қалыпты дейді екіншілері.

Қысқасы, Қайратты жамандайық, не мақтайық деген ойымыз жоқ. Көзімізге көрінген, құлағымызға ілінген барын тіздік. Қай жағы басым болса, сондай әнші, сондай адам болғаны да...

Пікірлер

user profile image
29 Қараша, 2013

Осы "Прайм Плазадан" кейінгі шуға дейін Қайраттың шығармашылығына да, шоу (той) бизнестегі табысына да мән беріп, аса қатты шұқшимаппын...әрине білетінмін аты-жөнін, тек қазақша сөйлеуге деген ұстанымын, кино түсіргенде тағы бір пиар-қадамы деп қана қарадым, киносын көрмеппін, бірақ пікірлерді оқып жаратпадым, әндерінің орындалуы керемет болмаса да расында бір адамды тартатын күші бар сияқтанды, сондықтан кейбір әндерін тыңдап жүрдім, мысалы, "Ол сен емес", "Ауырмайды жүрек", "Сені іздедім жалғыз, жалғыз" дегендерін. "Ел аузында" бағдарламасын көріп, Қайрат туралы Бекеңнің (Бекболат Тілеухан) және т.б. кісілердің пікірінен соң, және де концерттерінің бәріне байкот қойылып, алдынан тосқауылдар, кедергілір көбейгенін естігенде оған деген расында көзқарасым өзгерді: бір қазақтың баласы расында 99% еңбегінің арқасында көтеріліп, ақша тауып, ел көңілінен шығып жатса мен (және басқаларымыз) оны несіне көре алмастай күндеуіміз, "шоқ-шоқ" деп сәтсіздігіне рахаттануымыз керек? Қайта кез келген қазақ баласына дұға қылып, қазақ көбейсін, қазақ өссін деп отырсақ көгермеймізба, өркендемеймізба?! Қайраттан басқа дауысы шамалы әншілер баршылық қой, егер дауыс туралы айтылса, мысалы шыны керек Сейфуллин Жолбарысты аса тыңдағым келмейді, сазгерлігін де жоғары бағалай алмаймын... Бірақ аман болсын, өркені өссін! Тыңдармандар өздері таңдау жасайды ғой)))

user profile image
oi
29 Қараша, 2013

Ғайратты қойш, тез ұмытылатын науқандық адамдар ғой. Мені "Жақсының" қайта арамызға қосылып, "тірілгені" қуантып отыр :)

user profile image
29 Қараша, 2013

Кайраттын атын колданып отырсындар ма,,,?

user profile image
29 Қараша, 2013

Қайрат Нұртасты өз басым тыңдаймын. Қазақтан Қайраттай жігіт шыққан екен оны неге тыңдамасқа. Шетел орындаушыларын тыңдағаннан, Gangnam Style айтып жүргеннен Қазақтың Қайратының әндерін тыңдап оны айтқанға не жетсін! Ал Қайраттың Музыкалық білімі жоқ дегенімен келісем, бірақ ол оның танымалдылығын төмендетпейді. Халық айтса қалт айтпайды емес пе. Музыкалық білімі барлар көп олар неге Қайраттай емес. Сондықтан ол еңбекқор жан. Еңбегіне қарай - өнбегі.

user profile image
29 Қараша, 2013

Ең бастысы Аллаһ оның еңбегін берекелі етсін!

user profile image
29 Қараша, 2013

Сонымен, Қайраттың әйелі ренжімейма екен оны жұрттан жасырғаны үшін? тем более қызы бар екен, мен түсінбеймін осындай қазақтарды.... ҚАЙ АТАМЫЗ қатыны мен баласын жасырып еді.., о заман да, бұ заман - деген осы.Ондай ротациясы құрсын жанұясын жасырған. Шыны керек егер әйелінің орнында мен болсам, басын жарар едім...))

user profile image
30 Қараша, 2013

Заман өзгерді Тлқын Забирова және Бану ханым сендердің білмдерің бештиын қажет емес ! Еңбек керек мұқвм Қазақстанды аралау керек,концерт қойыңдар !

user profile image
1 Желтоксан, 2013

Қайрат ол қазақтың мақтанышы.Ол үлтшыл нағыз патриот әнші.Өзі қазақ әні орысша мәңгүрттерде жүр ғой өзін "әншімін"деп.Қайрат өнерің өрге жүзсін!.Қажыма,жасыма,тек қана АЛҒА!!!

user profile image
2 Желтоксан, 2013

Кайрат Нуртаска ешкандай комментариям жок...онын андери унайды...Толкын забирова сондай окыган болса ози неге хит андер шыгармайд.кайдагы жок андер айтканына маз ба? Сосын журналистердин Кайратты жамандаудан баска макаланы билмейма? Бекболат ага айткандай казактан бир бала шыккан екен сонын етегинен тарта бермей котермелейкта!!!

user profile image
2 Желтоксан, 2013

Кайрат Нуртас-number one!!!

user profile image
2 Желтоксан, 2013

Қайрат Алматыдағы Эстрада және цирк колледжінің түлегі.Нұрсұлтан білмесең біліп ал!!!

user profile image
3 Желтоксан, 2013

Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Үкілі Ыбырай, Ақан серілердің, кешегі Шәмшінің де білімі болмаған, Ал Толқын Забирова, сосын кім еді анау Бану ханымдар бірінші сондай еңбек етіп алсын, тіпті олар қазақша ән тыңдағанда сондай бір жиіркенішпен, түрлері өзгеріп, танаулары тыржиып отырып тыңдайды. Қайратқа халық әнін орында деп сол халық әндерінен 2-3 ән біле ме екен өзі сол Толқын деген қыз. Ал Қайратқа қолдау керек, "Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын".

user profile image
4 Желтоксан, 2013

http://neke.kz/zh-ldyizdar-toyyi/ мына макалада Кайраттын үйленгендігі жаййлы жазыыпты

user profile image
16 Желтоксан, 2013

Кайрат кажыма! Жаксы жигиттин артынан соз коп ереди. Мен сени кешью дан бастап коптеген аншилердин алдысын деп билем!

user profile image
19 Желтоксан, 2013

Толқын Забированың айтқан өлеңінен только жоқ ! НЕ ЕТ ЕМЕС НЕ БАЛЫҚ ЕМЕС !

user profile image
21 Желтоксан, 2013

тек кана алга

user profile image
22 Қаңтар, 2014

Жалпы, бір-екі ән жаздырып, содан соң көрінбей кететін әншілер жетерлік. Әсіресе, қазіргі кезде қолына микрофон ұстаған, жұртшылық тани бермейтін де "әншісымақтар" көп. "Ұятсыздар әнші болады"-дегендей даусы не тембрі жоқтар да өріп жүр емес пе? Олардың қасында Қайраттай еңбекқор әнші жігітіміздің болғаны-біз үшін мақтаныш!

user profile image
13 Наурыз, 2014

кайрат алга біз сені колдаймыз коргаймыз барінен жаксы хит андерінді айтып журе бер КОРЕ АЛМАУШЫЛАР іштері куйсін бастысы сен аман бол маман жануян аман болсын сенин андеріне озіне олеміз тындаймыз тек аман болш жаксы андер шыгара бер

user profile image

Кайрат кұрдас бириншиден аман бол сенин андерин оте жаксы жанеде жана андер шыгара бер,тек алга 89дар алга

user profile image

Кайрат кұрдас бириншиден аман бол сенин андерин оте жаксы жанеде жана андер шыгара бер,тек алга 89дар алга

user profile image

Кайрат кұрдас бириншиден аман бол сенин андерин оте жаксы жанеде жана андер шыгара бер,тек алга 89дар алга

user profile image

Кайрат кұрдас бириншиден аман бол сенин андерин оте жаксы жанеде жана андер шыгара бер,тек алга 89дар алга

user profile image
8 Сәуір, 2014

Кайратты суйип тыңдаймыз. Өнері, андері оте тамаша. Қайрат әлдеқашан оз тындармандарын жинап алган мықты анши. Тек ол енди сынау коп айтылмайтындау музыкалық білімі жоғары деңгейде сабақ алса қазақка еңбегі сіңген артистердін қатарына косылар. Алға қарай еңбек ете бер деймиз

user profile image
6 Сәуір, 2014

Толқын Забирова деген түрікке тиген, қазақтық намысы жоқ...

user profile image
10 Шілде, 2014

биз жалпы казактар озимизди озимиз жыгамыз жалпы жаста болса осындай жетистикке жету.бул жаксы биз оган колдау корсетуимиз керек кайрат ты вообще молодец ты супер осы алган бетиннен кайтпа биз сенини андеринди суйп тындаймыз тек алга алга алга

user profile image
10 Шілде, 2014

биз жалпы казактар озимизди озимиз жыгамыз жалпы жаста болса осындай жетистикке жету.бул жаксы биз оган колдау корсетуимиз керек кайрат ты вообще молодец ты супер осы алган бетиннен кайтпа биз сенини андеринди суйп тындаймыз тек алга алга алга

user profile image
10 Шілде, 2014

биз жалпы казактар озимизди озимиз жыгамыз жалпы жаста болса осындай жетистикке жету.бул жаксы биз оган колдау корсетуимиз керек кайрат ты вообще молодец ты супер осы алган бетиннен кайтпа биз сенини андеринди суйп тындаймыз тек алга алга алга

user profile image
10 Шілде, 2014

биз жалпы казактар озимизди озимиз жыгамыз жалпы жаста болса осындай жетистикке жету.бул жаксы биз оган колдау корсетуимиз керек кайрат ты вообще молодец ты супер осы алган бетиннен кайтпа биз сенини андеринди суйп тындаймыз тек алга алга алга

user profile image
10 Шілде, 2014

биз жалпы казактар озимизди озимиз жыгамыз жалпы жаста болса осындай жетистикке жету.бул жаксы биз оган колдау корсетуимиз керек кайрат ты вообще молодец ты супер осы алган бетиннен кайтпа биз сенини андеринди суйп тындаймыз тек алга алга алга

user profile image
7 Қыркүйек, 2014

КАЗАКСТАННЫН НОМЕРИ 1 ШИ АНШИСИ КАЙРАТ НУРТАС,КАЙРАТКА ЖЕТЕТИН АНШИ ЖОК БУЛ ТАЗА ШЫНДЫК,КАЙРАТ СЕЗИММЕН АЙТАДЫ

user profile image
14 Наурыз, 2016

Пікір қалдыру