26 Қыркүйек, 2017

МӘДЕНИЕТ

Былтыр ғана сияқты еді. Ауызашарларға барып, «ораза басталып қалыпты-ау» десіп, тарауықта мешіт жамағатының сапында болып, рухани көтеріліп қалғанымыз. Сосын да, біршама уақыт оразаның әсерімен жүргенбіз. Біраздан соң, ұмыта да бастағандай едік, мұндай құлшылық айын.

Уақыт зымырап, келді. Дүниенің қым-қуыт тірлігі, аласапыран ұмыттырып жібергендей екен, тақуалыққа тәрбиелейтін рухани Рамазанды.  Оқып отырған сіз бұл жағдайды білетін шығарсыз. Оразаның жақсы әсерін. Арамызда биыл бірінші мәрте ауыз бекітуге ниет еткендер де бар болар.

Бір сауаптан үміт етіп, «ораза ұстасам ба, екен, әлде, шілде ыстық қой, шыдамай қалар ма екем» деген екіұшты ойдың жетегінде тұрған болсаңыз, тәуекел етуіңізді тілер ем.

Ғаламдық, планетарлық масштабты қоялық, өзді өзімізге жақсылық тілесек, Рамазанды лайықты қарсы алайық. Бір ауыз сөздің түйіні осы.

P.S. Рамазан-2013. Басталуы: 9 шілде. Аяқталуы: 8 тамыз

Пікір қалдыру