26 Қыркүйек, 2017

СӨЗ ӨНЕРІ

Елбасының аузынан бір сөз шықса болғаны, ақылшы да, айтқыш та көбейеді. Патша көңіл оқырман, бізді осының қайсына жатқызсаңыз да, ерік өздеріңізде...

Алдымен айтпағым, ағылшын, неміс және француз тілдерінен ұлттық сөйлеу табиғатына сай, орыс тілінің арағайындығынсыз қабылданған сөздерді біздің қостілді баспасөзімізге қазақшасында жазылатындай етіп қолдануға баршасын заңмен міндеттеу керек. Бұл ұзын сөйлемнен әлі де дым түсінбесеңіз, онда түсіндіре кетейін. Былай ғой, қазақ тіліндегі сөз республика аумағындағы басқа тілдерде, мысалы орыс, ұйғыр және өзбек тілдерінде де солай қолданылады деп жария ету керек.

Айталық, компьютер емес – камып, субъекті емес, – сүбөкті, объекті емес – әбжекті (сайт оқырмандары бұл менің өз пікірім ғана, сіздің осы мысалға келтірген сөздерім жайында менікінен де дұрыс, әрі орынды сөз қолданыстарыңыз болуы бек мүмкін, сол үшін алдын ала ғафу өтінем). Түркілік негізден ажырамас үшін осман түркілерінің дамыған тілінен әскери, теңіз және медицина т.б. салаларда көптеген сөздерді жалтақтамай алып, аз-кем өзеріспен тілімізге жаппай енгізуді қолға алып, кеңсе, ғылыми синонимдікті жолға қою қажет.

Және 2014 жылдан бастап 28-29 әріптік кирилл әліпбиімен 1-11 дейінгі мектеп оқушыларына арналған оқулықтарды жаңа орфоэпия мен орфография бойынша жазып, оқу процесінде тез арада қолданысқа енгізіп,  қазіргі өгіз деп жазып, өгүз деп оқитын транскрипциядан құтылу қажет. Екінші және үшінші буындардағы еріндіктердің айтылуы мен жазылуын тарихи әділеттілікпен қалпына келтіру керек.

Оның үстіне қазір орыстілді қазақтар тіл үйреніп жүргенде ылақ деп емес, ла`қ деп екінші буынға екпін түсіріп айтуының мазақшылығын жойып, жаңа сөздіктерде ыр, ір, іл, ыл, ыи, ұу, үу, іи, ие, іие, ыие жуан жіңішке дыбыстауларын өзге ұлттардың қазақ тілінің табиғатын ұғынуы-айтылуынша сөздіктерге енгізу керек.

Өйткені, тілімізде л мен р деген дыбыс тек сөз ортасы мен сөз соңында ғана бар. Ал, сөз басында ыр, ір, іл, ыл жуан жіңішке қосарлары мен іие, ыие тритонгтері және бір аймақта болымсыз, бір аймақта айқын естілетін иЕртіс, иЕркін сияқты сөздердегі «иЕ» дифтонгісі де бар.

Бір кездегі жазудағы кірме Ю мен Я жұртты шатыстырып болды. Бұрын тек иЕ дифтонгсі бар қазақ елі трифтогсі бар ұлтқа айналып шыға келді. Осы екі әріптің кірмелігі тілдің сәні мен мәнін бұзып тұр. Оны үйүу (ұйұу) деп, іиә т.б. деп құйқылжытудың ендігі жерде түк керегі жоқ. Әріп пен кеңестік кезде қолдан жасалған қосар дыбыстардың жазылуы бір ізге түссе, бұрынғы ч, щ, ц сынды қосарлардан тш, шш, және тс деп құтыламыз.

Халықаралық лингвистикалық заңдылық бойынша, ф, в, э, х, һ, және й дыбыстары тілімізде орнығу үшін осы әріп-дыбыстардан басталатын қазақтың төл сөздері болу керек. ь, ъ дыбыссыз таңбалары бізге керек те емес, түркі сингармонизмін бұзады. Енді осы дыбыстарды, әріптерді алып тастасақ, тілімізде Байтұрсынов әліпбиіндегідей 28 әріп ойнап шыға келеді.

 а-ә; о-ө; н-ң; к-қ; г-ғ; ү-ұ-у жуан-жіңішке сыңарларын (a` /ә/; о` /ө/; н`/ң/; к`/қ/; г`/ғ/; `у /ү/ және у` /ұ/-ғалымдар түзетін ыңғайдағы) түрінде жазатын болсақ, далаңдап латынға көшпей-ақ, камып (кампьютер) кілибәтіне (перне тақтайына) өзіміздің төл әрпімізді сыйдыра аламыз.

Бұл үшін данышпан болудың керегі жоқ. Тек жаңа кириллица үшін жаңа бағдарламаға ақша бөле білу керек. Сонда орыс әліпбиінің қазіргі үстемдігінен құтыламыз, әрі көзге сүйелдей көрінетін қосымша артық таңбалаудан да арылып, камыпта басу жеңілдейді.

Оның үстіне ағылшын мен орыс бағдарламасының будандығынан өзімізге тән ұтысқа қол жеткіземіз. Э босап – тырнақша, х мен ъ босап [ ] белгісі, ж орнын – я мен алмастырсақ - : мен ; белгілері,  ь – орына «б» қойсақ, ю жоқ болғандықтан – нүкте, б ауысқандықтан – үтір өз орнында қалады да, басуға да жеңіл, ағылшыншаға жақындаған нұсқа орнығып, (`) қою арқылы латынша да, қазақ тілінде жаза беретін боламыз. Бұл түбі көшетін латын әрпін меңгеруді жеңілдетеді.

Еуропалық мәдениетке бізден ерте бас қойған орыс халқында бір жақсы мәдени дәстүр бар. Жыл сайын «Словарь иностраных слов» сөздігін шығарып, оны тіліне қанша сөз енді, қай салға енді, соның өзіндік түсінігін беріп, жаңа сөзбен толықтырып отырады. Елбасымыздың тілдердің үштұғырлығын басшылыққа ала отырып, ондағы түрлі саладағы сөздерді жаңа әліпби негізімен қазақша-орысша және кірген тілдеріндегідей түсініктемесімен беріп отыру үрдісін жолға қою керек сияқты.

Сонда тілімізге өзге ұлттар қызығушылығын білдіріп, қазақшасының қалай дыбысталып, қалай аталатынын ұғына алады. Осы кітапты қотарып аударып керегі де жоқ, тек кириллше, қазақшасын қойып Қазақстанда қайыра басса, немесе электрондық нұсқасын камыпқа енгізіп қойса болғаны, бұл сондай қиын іс те емес. Бізге ендігі жерде метеоритті – жұлдызтас емес,  о мен и-ді алып тастап метеріт деп жазар болсақ, бізге кім қой деп жатыр.

Тағы бір мәселе, параәдебиет (паралитература), трансмәдени, антитарихи  сияқты көне, орта және кейінгі латындық және ежелгі (көне, орта және кейінгі) гректік сөзалды жұрнақтарын (олар өте көп): мысалға: ніиә (орысшасы - нео) ніиәкіләсіктік-неоклассика т.б. сөздердегі айтылуы мен жазылуын тілші ғалымдар қолға алса, құптайтын іс болар еді. Біз кәсіби аудармашылар түрлі саладағы аудармаларымызда антидағдарыс, неоромантизм деген сынды бірде жартылай қазақша, бірде тұтастай орысша қолданып жүрміз.

Қазақ елінде қазақ тілінің өрісінің кеңеюіне әсер ететін басты тетік не? Ол Елбасының алаш жазуы туралы ел тұрғындарын сөйлейтін тіліне қарамай (қазақ, орыс, өзбек, ұйғір т.б.) жалпыға бірдей міндеттейтін Жарлығы.

Ол камыпта (кампьютерде) қай жазумен жазсақ та (кезінде төте жазуға бейім әдебиет алыптары Мұхтар, Ғабит, Сәбиттер туындыларын Байтұрсыновпен жазғаны немесе Әзағамыздың майданнан жазған хаттары бірде латын, бірде кириллмен жазылғаны тарихтан белгілі) арнайы бағдарлама арқылы бірін-бірі оқи беретін бұрын қолданған баба түркі, араб, қазіргі кирилл мен болашақтағы латынға ортақ төртеуі бірін-бірі оқитын қазақ жазуының ережесін жасап, 2014 жылдан бастап жаппай қолдануына беруін жолға қою керек. Өзгерген кирилл 2014 жылы қазақ өміріне енсе, латынға өту кезінде және одан кейін түркімен, өзбек және әзербайжандр әлі күнге ұрынып отырған ұрпақтар оқу-жазуындағы келеңсіздіктер орын алмайды. Аға буын сауатсыз, бала буын өткенсіз болып қалмайды.

Жазу тағдыры дәп қазір тілшілердің ауызбірлігі мен парасаттылық таныта білушілігінің қолында тұрғаны жасырын емес. Біз олардың кәсіби ісіне бейпіл араласпақ емеспіз. Соңғы сөзді тек солар айтады. Біздікі тек кәсіби аудармашы ретінде білгішсініп ақыл қосу ғана.

Пікірлер

user profile image
2 Тамыз, 2013

Көп тілді үйретеміз деп ұрандағанша,өз тіліміздің мәртебесін жоғары көтерейік. "Балық бастан шіриді"демекші, Билік тізгінінде отырған Азаматтардың екі бүйректері де басқа тілге тартып кеткен.Басқа елге күлкі болмай өз тілімізде сөйлейтін уақыт та өз мәресіне жетті.Халық тағдырын,ел мүддесін ойлайтын заман да келді.Болашаққа да көз жүгіртейік де ҚАЗАҚ ЕЛІ қазақшаға көшер,басқа тілде қашанғы шүлдірлейміз.Ағылшын,неміс тағы басқа деп,өз тілімізді жетімсіретпейік...

user profile image
6 Ақпан, 2013

Жақсы.кз емес Жаман.кз деген атау керек болар сайтқа жалпы. Көрінген тақырыпты бытпырақтатып жаза беретін болған. Тіпті оқып отырып мыналар не деген адамгершіліктен жұрдай деп қаласың. Тақырыптарында әрқашан әйтеуір біреуге ғайбат айтады да жатады. Басында біраз жақсы еді, қазір ауызымыз бармайтын болды шынымды айтсам. Әрине үмітсіз шайтан. Сіздерден сауат ашатын, ағартушылыққа мән беретін мақалаларды күтеміз.

Егер олай болмаса, деңгейлеріңіз жалпы мақалалардағы кейіпкерлермен бірдей деген сөз.

user profile image
6 Ақпан, 2013

Жақсы.кз емес Жаман.кз деген атау керек болар сайтқа жалпы. Көрінген тақырыпты бытпырақтатып жаза беретін болған. Тіпті оқып отырып мыналар не деген адамгершіліктен жұрдай деп қаласың. Тақырыптарында әрқашан әйтеуір біреуге ғайбат айтады да жатады. Басында біраз жақсы еді, қазір ауызымыз бармайтын болды шынымды айтсам. Әрине үмітсіз шайтан. Сіздерден сауат ашатын, ағартушылыққа мән беретін мақалаларды күтеміз.

Егер олай болмаса, деңгейлеріңіз жалпы мақалалардағы кейіпкерлермен бірдей деген сөз.

user profile image
8 Ақпан, 2013

Қазақ тілін қорғаған болып,кейбіреулер лағып кетіп жүр! Термин сөздерді аударғаны бір бөлек ,енді қазақшаға түсініксіз етіп бұрмалауы тіліміздің ластануы емес пе? Олар сол термин күйінше,қазақ тіліне кірме сөздер есебінде өзгерусіз қалғанын дұрыс деп есептеймін. Бұл қағиданы жалғыз мен емес,біздің көптеген замандастарымыз қолдайды.

user profile image
9 Ақпан, 2013

Мақалаға әрине, толығымен келісемін деп айта алмаймын. Бірақ, іліп аларлық тұстары бар. Менің ойымша, жалпыға ортақ кейбір терминдерді қазақшаға аударған дұрыс. Қазір ол құлақ үйренбеген соң, теріс болып көрінеді. Ал, түптеп келгенде мәселе тілді тазартуда. Мысалы, Түркия барлық дерлік кірме сөздерді аударып, компьютерді "билгисаяр", ал "инвестицияны" "ятырым" деп қолданысқа енгізіп жіберген. Ешкім де ойбай түсінбедім деп жатқан жоқ. Шынымен де адамның үйренісуі үшін уақыт керек. Мектеп кезінде "сынып" сөзі енгізілгенде барлығы шулаған. Ештеңе жоқ, қазір "класс" деп, тек Кеңестің көзін көргендер ғана айтады.

user profile image
10 Ақпан, 2013

Біреулер әдейі қазақ тілін мазаққа айналдырып отырған сияқты. Түрікте басы қалғыр.

user profile image

"Мы должны создать государственную комиссию по переводу казахского алфавита на латинский", - сказал Кул-Мухаммед, выступая на коллегии ведомства в понедельник.
По его мнению, следует максимально сохранить при переводе на казахский язык латинские научные общеизвестные термины.
"Я сам иногда не понимаю некоторые термины, переведенные на казахский язык… Необязательно их все переводить на казахский язык. Мы приведем всю терминологию в порядок", - пообещал он. Мұхтар ағаларың. (Құл Мұхаммед) бүгін айтты.

user profile image
11 Ақпан, 2013

Құрып кетсін сынып сөзі! Сол үшін мен баламды қазақша оқытпаймын.

user profile image
6 Шілде, 2013

user profile image
6 Шілде, 2013

user profile image
6 Шілде, 2013

user profile image
6 Шілде, 2013

user profile image
6 Шілде, 2013

user profile image
6 Шілде, 2013

user profile image
6 Шілде, 2013

user profile image
6 Шілде, 2013

user profile image
6 Шілде, 2013

user profile image
4 Сәуір, 2014

Ана мен қазақтың пікірімен толық келісемін. Қазақ тілін түріктендіру мен уахабтандыру кесірінен баламызды қазақша оқытамыз деп запа шегіп отырмыз.

Пікір қалдыру