25 Қараша, 2017

АЙМАҚ

Абай жазбасына көз сал да, ойға шом. «Сақтансаң, сақтаймын» мәтелінің мәні – өмір қауіптерінен құтылу ғана емес, «тумақ барда, өлмектің де барлығы», «қаперсіз қалма, ақіретке қамың болсынға» саяды. Төмендегі тізімге қарашы. Алланың тағдырға жазған ажалы әрбірімізге әрбір жаста келуі бек мүмкін.

19 жасында Әлия Молдағұлова соғыста қаза тапты.

20 жасында Бекзат Саттарханов көлік апатынан қаза тапты.

21 жасында Мәншүк Мәметова, Бақтыораз Бейсекбаев ажал құшты.

22 жасында Қайрат Рысқұлбеков фәниден өтті.

23 жасында Саттар Ерубаев, Ғани Мұратбаев, Сұлтан Баймағамбетов қайтыс болды.

24 жасында көлік апатынан Руслан Бөлебай қаза болды.

25 жасында Нұрилә Әбенқызы өмірден озды.

26 жасында Сахитжан Бермағанбетов дүниеден озды.

27 жасында Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірден өтті.

28 жасында Баубек Бұлқышев қайтыс болды.

29 жасында Оразалы Досбосынов өмірден озды.

30 жасында Шоқан Уәлиханов өмірден кетті.

31-інде Рүстем Есдәулет қайтыс болды.

32-ге қараған шағында Бауыржан Үсенов өмірден озды.

33 жасында Смағұл Сәдуақасов, Ажар Түзелбекқызы бақиға аттанды.

34-ке қараған шағында Сабыр Рахымов өмірден озды.

35 жасында Мағауия Абайұлы мәңгілік сапарға аттанды.

36 жасында Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайұлы қайтыс болды

37 жасында Жанар Әбілдина қайтыс болды.

38 жасында Серік Жейлітбаев өмірден өтті.

39 жасында қазақтың тұңғыш дәрігер қызы Аққағаз Досжанова өмірмен қоштасты.

40 жасында Мұстафа Өзтүрік өмірден кетті.

41 жасында Әзімбек Жанқұлиев өмірден озды.

42 жасында ФИФА арбитрі Бағытпек Көпжасаров өмірден өтті. 

43 жасында Бексейіт Түлкиев қайтыс болды.

44 жасында Қасым Аманжолов, Алтынбек Сәрсенбайұлы өмірден кетті.

45 жасында Күләш Байсейітова өмірмен қош айтысты.

46 жасқа қараған шағында Мұқағали Мақатаев өмірден озды.

47 жасында Ерік Құрманғалиев қайтыс болды.

48 жасында Серік Томанов қаза болды.

49-да Қанат Байшолақов өмірден озды.

50 жасында Міржақып Дулатов қайтыс болды.

51 жасында әуе апатынан Тұрғанбек Стамбеков қайтыс болды.

52 жасында Бақтияр Артаевтың анасы көз жұмды.

53 жасында генерал-майор Нұрлан Рахымберлин өмірден өтті.

54 жасында Нұртас Қазыбаев өмірден өтті.

55 жасында Теміртас Тілеулесов өмірден қайтты.

56 жастарында Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбаев өмірден өтті.

57 жасында Ілияс Омаров өмірден озды.

58 жасында Ербол Шаймерденов өмірден өтті.

59 жасында Жасарал Еңсепов мәңгілік сапарға аттанды. Абай 60 жасамады.

60 жасында Баққожа Мұқай өмірден өтті.

61-інде Шәмші Қалдаяқов дүниеден өтті.

62 жасында Заманбек Нұрқаділовтің өмірі үзілді.

63 жасында Құдайберген Сұлтанбаев, Сарыбай Қалмырзаев өмірден өтті.

64 жасында Мұхтар Әуезов, Қаршыға Ахмедияров өмірмен қоштасты.

65-ке қараған шағында Рахымжан Қошқарбаев өмірден озды.

66-ға қараған шағында Ахмет Байтұрсынұлы жарық дүниемен қош айтысты.

67 жасында Ақселеу Сейдімбек дүниеден өтті.

68 жасында Светлана Шалахметова өмірден кетті.

69 жасында Райымбек Сейітметов қайтыс болды.

70 жасқа қараған шағында Рымғали Нұрғалиев өмірден озды.

71 жасында Жұмабай Тәшенов, Темірше Сарыбаев өмірден кетті.

72 жасында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бахытжан Момышұлы дүниеден өтті.

73 жасында Фарида Шәріпова өмірден өтті.

74 жасқа қараған шағында Сәкен Иманасов өмірден өтті.

75 жасқа қараған шағында Бақыт Әшімова мәңгілік мекенге қайтты.

76 жасында Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев өмірден өтті.

77 жасында Әзірбайжан Мәмбетов дүниеден озды. 

78-ге қараған жасында Хасан Оралтай ауыр сырқаттан дүниеден өтті.

79 жасында Шыңғыс Айтматов аурухана төсегінде дүние салды.

80 жасқа қараған шағында Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова өмірден кетті.

81 жасында Дінмұхаммед Қонаев озды өмірден.

82-ге қараған шағында Қасым Жәкібаев о дүниеге аттанды.

83 жасында Махтай Сағдиев өмірден озды.

84 жасында Рахманқұл Бердібай өмірден кетті.

85 жасқа қараған шағында Рыскелді Жақсыбеков өмірден өтті.

86 жасқа қараған шағында Қажығұмар Шабданұлы өтті.

87 жасында Хасен Әдібаев, Жәрдем Кейкін өмірден озды.

88 жасында Қасым Қайсенов бұ дүниемен қош айтысты

89 жасында Әзілхан Нұршайықов о дүниеге аттанды.

90-ға қараған шағында Роза Бағланова қайтыс болды.

91-ге қараған шағында Салық Зиманов қайтыс болды.

92 жасында Кәукен Кенжетаев, Жағда қарт Бабалықұлы өмірден өтті.

93 жасқа қараған шағында Байкен Әшімов дүниеден өтті.

94 жасында Дина Нұрпейісова қайтыс болды.

95 жасында Хадиша Бөкеева өмірден өтті.

96 жасында Ақтайлақ би қайтты.

97 жаста қаракерей Қабанбайдың ұрпағы Орынбай Сағымов қайтыс болды.

98 жасқа қараған шағында Әнет баба Кішікұлы дүние салды.

99 жасында Жамбыл Жабаев өмірмен қош айтысты.

Өмір өтіп кетеді зуылдап. Лауазым, қызмет, тәж, білім, абырой, беделіңе қарамақ емес. Ол жүз жасағанға да, елу еңсергенге де аз боп көрінеді. Өлім келместен, өмірдің қадірін білу – бір сайран сап қалайын емес. Бұйырған ғұмырыңды ғибратқа толтыру. Бұ дүниенің ризығынан құр қалмай, о дүниенің шаруасына қамдану.

Пікірлер

user profile image
28 Қаңтар, 2013

Аманжол Әлтаев
"Атеист шалдың ақырғы сәті"

Ай астында ұлытқандай бөріні,
Құлағының ішін бойлап көр үні.
Бұл фәнидің соңғы сағаттарында,
Аянышты атеистің өлімі.

Ұрандары күн көсеммен үндесіп,
Комунист боп, Құдай жоқ деп күн кешіп.
Партияның белсендісі кешегі,
Жатыр енді ақ төсекте мұң кешіп.

Қартайса да бес парызын ақтамай,
Шын тілесе кешірмейді Хақ қалай?
Капиталды жатқа білген сабаздың,
Кәлимаға тілі келмей жатқаны-ай.

Уысында тұрған шақта абақты,
Имандыны төбеттерге талатты.
Жалғаныңды жалпағынан басқан ол,
Бек шағында суша ішіп арақты.

Әлі кетіп басындағы мың ойдан,
Комунист шал кемсеңдейді мұңайған.
Ажал патша алқымынан алғанда
Тұңғыш рет қорқып жатыр Құдайдан.

Талай жерге барса дағы қиялап,
Қазір соның барлығынан ұялад.
Бәрі де кеш, өкінгенмен не пайда,
Қанша жанға жасап еді-ау қиянат.

Тізем батқан талайларды бөктеріп,
Соның бәрі кетті ме екен кектеніп.
Он саусағы дірілдейді қартыңның,
Өзі сүйген партиясын жек көріп.

Жаны ауырып дертпен келген азапқа,
Әл қалмады сал боп жатқан қазақта.
Партияның сыйын көрген жарықтық,
Қиналады, қалай барсын тозаққа?

Өкпе қысып кеудесінен дем алып,
Аз уақытта әруақ болды ер арып.
Жайнамазға бір тигізіп көрмеген
Жатыр әжім маңдайынан тер ағып.

Әл-қуаты сағат сайын кеміді,
Атеист шал өз-өзінен жеріді.
Жаутаңдайды рухы орыс баласы,
Қайқаңдайды заты шегір келіні.

Адасқанды кешірер ме Құдайы?
Осыны ойлап қиналады ұдайы.
Өмір деген осы екен ғой дегендей,
Мұңаяды жанындағы жұбайы.

Бәрі бітті, ажал жақын келгендей,
Қалтырады жапырақсыз емендей.
Немереге жалынышпен қарады,
Мен адастым, сен шатаспа дегендей.

user profile image
28 Қаңтар, 2013

Ойланарлық дүние екен. Әрі креативті. Ақыреттің қамын ойласақ, қазіргі күйттеп жүргеніміз күлкілі боп қалады екен.

user profile image
28 Қаңтар, 2013

Бір қызығы, осылардың бәрі де өмірден кеткенде, мезгілсіз қаза болды, жас кетті деп қайғырдық. Қаза, шынында, мезгілсіз нәрсе ғой.

user profile image
28 Қаңтар, 2013

Ом!р курестен турса , мандайга буйырган гумырын шактап , лездег! уакыттарда бер!лген бола бермек !

user profile image
29 Қаңтар, 2013

Жоламанның да, Аязгулдің де, формасы күшті. Аманжолдікі де...

user profile image
29 Қаңтар, 2013

Жоламан бауырым Сабыр Рахымовтың қайтыс болған жасын дәл тауыпсың қай деректен алдың.Мен Сабыр атамыздың немере інісі болам. мұрағаты дұрыс емес жасын он жас үлкеитіп жіберген. 1902ж болса онда 44-жасына қайтыс болғаны дұрыс емес, Мен аз күнде дәлелдеймін.

user profile image
29 Қаңтар, 2013

"Көкшетау-Алматы" бағытындағы Қызылту ауылында құлаған ұшақтың ішінде қаза тапқан қандастарымызды Алла алдынан жарылқасын. Отбасыларына қабырғамыз қайысып, қайғысына ортақтығымызды білдіреміз. Алладан келдік оған қайтушымыз. Апат айтып келмесі анық. Адам тағдырындағы жолығуы тиіс нәрсеге жолықпай қалуы мүмкін емес. Бұл жазмыш, ал жазмыштан озмыш жоқ. "Егер сен біреудің өлімін көрсең, Алланың сені өлместен бұрын тәубеге шақырып жатқанын біл",- деген Ислам ғұламалары.
Жас өлсе байтерегің сынғандай- ақ
Кәрі өлсе тұрған дауыл тынғандай - ақ
Жігіттер жастық шақта құлшылық қыл
Бұл өмір көзді ашып жұмғандай- ақ, - деп Шал ақын айтқандай Алла халқымызды апаттан аман, құлшылығын қабыл, тұғырын берік етсін.

user profile image
29 Қаңтар, 2013

Құдіреті күшті Аллаһ хадис-қудсилердің бірінде:
- «Ей, Адам баласы өлімді ұмытпа! Өйткені ақиқатта ол – өлім сені ұмытпайды», – деген.
Кейбір ғұламалар: «Ақылмен ардақталған жұмыр басты пендеге екі нәрсе өлімнің бар екенін жиі естетіп отырады. Оның бірі сөйлеп естетеді, ал бірі сөйлемей естетеді. Сөйлеп естететіні Аллаһтың сөзі – Құран. Ал, сөйлемей естететіні ол – өлім», – деген. Иә, өлім сөйлемейді. Бірақ талайларға толғау салып кетеді.
Көптеген адамдар бар. Тіпті олардың кейбірінің төрінен көрі жақын. Егер оларға осы тақырыпты қозғап: «Өлмейтін адам жоқ. Өлімнің сөзсіз келері хақ. Сол үшін өлім келместен бұрын тәубеңді айтып, күнәдан қайтып, Жаратқан Раббыңның разылығын тап»

user profile image

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек!

Пікір қалдыру