26 Қыркүйек, 2017

АЙМАҚ

1-нұсқа. Әр бағыт бойынша жүретін пойыздардың санын болмаса тіркеме вагондарын көбейту. Бұлай жасаған жағдайда, мейрам күндері, студенттердің оқудан қайту, келу мезгілдерінде барлық пойыздар тола отырып, халықтың басым көпшілігін қажетті жерлеріне жеткізеді.

Алайда, бір жылда 365 күн бар екенін ескерсек, тек санаулы күндер үшін пойыздар мен вагондар санын көбейту ешкімге де тиімді болмайтыны белгілі. Өйткені, беймезгіл уақыттарда теміржол көлігі бос қатынайды. Демек, бұл нұсқа жарамсыз.

2-нұсқа. Бұл бірінші шешу  жолына ұқсас. Ол бойынша тек арнаулы бір бағыт бойынша пойыздарды іске қосу қажет.

Яғни, Алматы-Орал бағыты бойынша жүретін пойыз жолда ешқандай стансаға тоқтамауы қажет, не болмаса Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе секілді ірі қалаларға ғана тоқтауы шарт. Өйткені, Батыс  Қазақстанға жүретін пойызға көп жағдайда Жамбыл облысының, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары билет алып қояды.

Нәтижесінде пойыз Шымкент қаласынан асқан соң ары қарай қаңтарылып бос барады, ал Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау өңірлерінің тұрғындары үйлеріне жете алмай қалады.

Егер де осы нұсқа жүзеге асатын болса, менің батыстан шыққан достарым кез келген мейрамда өз үйлеріне бара алады. Бірақ та, берілген шешу жолы бірінші нұсқаның кемшілігін жоя алмайды, яғни қарапайым күндері пойыздар толмай қалады.

3-нұсқа. Батыс Қазақстан тұрғындарына билет алу кезінде басымдық беру. Жоғарыда аталғандай, ұзақ жолға қатынайтын пойыз бағыттарына жақын өңірдің адамдарының билеттерді сатып алуы, көп жағдайда теміржол компаниясына да, халыққа да тиімсіз.

Сондықтан, шалғай өңірдің азаматтарына салыстырмалы түрде артықшылық берілуі тиіс. Бұл қандай артықшылық?

Мәселен, пойыз билеті 2 ай бұрын сатылымға түсті делік. Енді, сол билетті сатып алуда түрлі уақыттық шектеулер енгіземіз. Мысалы, Алматы-Орал бағыты бойынша қатынайтын пойызға екі ай бұрын тек оралдықтар, 5 апта бұрын ақтөбеліктер, 4 апта бұрын қызылордалықтар, 3 апта бұрын шымкенттіктер, 2 апта бұрын тараздықтар, 1 апта бұрын Шу тұрғындары ала алады.

Осы арқылы, біз негізгі мәселені де, 1 және 2 нұсқаның кемшілігін де жоя аламыз. Нәтижесінде, осындай ерекше күндерде Батыс аймақтың  тұрғындары қажетті билеттерін алады және қарапайым күндерде пойызбен қатынайтын адамдардың саны кемімейді, өйткені 2-нұсқадағыдай Шымкент, не Тараз тұрғындары билетті сатып алу құқығынан айырылмайды, тек уақыттық шектеу болады.

Дегенмен, бұл нұсқаны енгізетін болсақ, тағы бір мәселені шешу қажет болады. Ол үшін Шымкент қаласына қатынайтын пойыздардың вагондарын көбейту керек немесе тағы да бір бағытты қосуға болады,  өйткені бұл бағытта адам көп жүреді.

Бүгінгі біздің қоғамымызда, күнделікті өмірімізде түрлі мәселелер жетіп артылады және олардың көпшілігін шешу үшін ешқандай қаржылық шығыны жоқ, қарапайым шешімнің өзі жеткілікті болып жатады. Бастысы, сол логикалық шешімдер басшылық тарапына қолдау тауып, жүзеге асырылса болғаны...

Ендеше, «Қазақстан темір жолы» осы ұсынысымызға ден қойып, құлақ асар деген үміттеміз.

Пікірлер

user profile image
18 Желтоксан, 2012

3-нұсқа. Батыс Қазақстан тұрғындарына билет алу кезінде басымдық беру.

Өте орынды, осы нұсқа тиімді деп ойлаймын.

user profile image
18 Желтоксан, 2012

3-нұсқа бойынша: бұл ұсыныс " азаматтар Ата заңда тіліне, дініне, ұлтына қарай кемсітілмейді" деген бапқа қарсы шығады. Яғни, туған жеріне байланысты. Оны да ұмытпау керек

user profile image
18 Желтоксан, 2012

Bilet tappai auylga jete almai kalgan jaqsy emes, arine. Alaida kim erte qozgalsa, sol jetedi. Ol ushin erinshektikke salynbai, qaltadagy bardy shashyp almai, der kezinde tetikti basyp ulgeru kerek. Qosymsha vagondar alys jolga qatynaityn aimaqtarga kerek-aq. Basqasyn qaidam, osy qosymsha vagondardyn maselesin jogarydagylar qarastyrsa eken. Qarastyrady dep senemin.
Almaty men Aqtaudyn arasyna talai ret saparlatyp jurdik. Bilet tappai dalada qalgan kunim bolgan jok. Qalai deisiz be? Erinshektikke salyngan jokpyn.

user profile image
18 Желтоксан, 2012

Ата заңға қайшы келмейді, өйткені бұл жерде адамның жеке құқығы емес, билеттің бағыты шектелген. Мәселен, ешкім Шымкенттікке Орал, Атырау, Ақтөбеге билет алуға шектеу қойып жатқан жоқ қой, тек алыска баратын пойызға жақын жердегілер билетті алдын ала алып коймасын деген ой ғой.

user profile image
19 Желтоксан, 2012

Мәселен неге сендер менің құқығымды аяқ асты етпекшісіздер? Мен Тараз қаласында тұрамын және мен 45 күн бұрын(ресми билет сатылымға тұсетін күн) барар жеріме 2 немесе 3 қайтара(сақтық үшін) билет сатып аламын. Әсіресе мына қыстың суығында "малым жанымның садақасы" деп сақтанамын. Онсыз да тек қармап қалуды ойлайтын сол сала қызметкерлеріне қарсы шара қалданып жүргендердің бірімін...

user profile image
19 Желтоксан, 2012

ат шығару үшін жазылған мақала емеспе?

user profile image
19 Желтоксан, 2012

Ат шығару үшін жазылған мақала деген пікір мен үшін өте қызық. Рахмет. Алайда осы мақаладан кейін танымал болып кетемін деп ойламаймын. Олжастың сұпағына келер болсақ, мақаладан үзінді келтірейін, түсінікті болар. "Дегенмен, бұл нұсқаны енгізетін болсақ, тағы бір мәселені шешу қажет болады. Ол үшін Шымкент қаласына қатынайтын пойыздардың вагондарын көбейту керек немесе тағы да бір бағытты қосуға болады, өйткені бұл бағытта адам көп жүреді."

user profile image
19 Желтоксан, 2012

Поезбен жүріп көрмеген адамның әңгімесі. Адамның өз еркі қай күні қайда билет сатып алғысы келсе.

user profile image
19 Желтоксан, 2012

темір жол саласындағы маман болсам да, өз басым жылдың аяғында Алматыға бару үшін билетті қараша айында 45 күн бұрын сатып алдым. Оған қоса бері Астанаға қайтатын қаңтар айының билетін де 45 күн бұрын сатып алдым. Себебі жылдың аяғында билет тапшылығы болатынын білемін. Түсінемін, кейде аяқ асты жол жүру керек болып қалады. Алайда адамда кішкене де болса жоспарлау түйсігі болу қажет қой. Жылдың аяғында демалыс екені бәріне белгілі.4-5 күн демалыс берілетінін білдің бе, алдын ала билет ал. Бір-екі күн қалғанда немесе бір апта қалғанда билет жоқ деп біреуге кінә артқанша, өз қамыңды алдын ала жаса. Бұл тек темір жол билеттеріне қатысты емес. Әуе компанияларының билетін де кем дегенде 3-4 апта бұрын сатып аламын. Кейде 3 ай бұрын да сатып алып қойған кездерім болды.

user profile image
19 Желтоксан, 2012

Ақылыңа болайын))))) Амиго, бірінші нұсқаны қолға алу керек. Алайда, вагон санын мереке уақыттарында ғана көбейтіп, қалған уақытта алып тастаған жөн. Электравоз күші жетпей қалатын көлік емес, артық бір-екі вагонды тартуға күші жетеді

user profile image
19 Желтоксан, 2012

Қабілетің болса..Тәуекелге бел буып..қоян болғанда жақсы..бірақ билетің болғанға не жетсін..сол жетпей жатқасын көтеріп отырған шығар мақаланы..Алладиннің алашаларын шығаратын зауыт ашу керек ау шамасы...

user profile image
20 Желтоксан, 2012

Астана-Алматы. Төрт күннен соң асай-мүсеймімді түгел жинап жолға шығуым керек. Бет алысым - Алматы. Содан такси жалдап, Астана Теміржол бекетіне тарттым. Билет алу үшін. Жеткен соң, әуелі билет сататын орынға бардым. Кассир қыздан Алматыға қарай пойызға билет бар ма, деп едім. Кешіріңіз, жоқ деді. Мен бүгінге сұрап тұрған жоқпын, төрт күннен кейін керек, десем, дес берер емес. Жоқ, дедім болды, жоқ. Ашуға салды, білем. Келіспейтін кісімен, керісіп жатамын ба, сыртқа шықтым. Екі қолын қалтасына салып, әрлі-берлі жүрген бір жас жігіт қасыма жақындап: Ағасы, билет керек пе дегені? Жалт бұрылып, Алматыға, дедім. Проблема, жоқ деді. Қашанға? Төрт күннен соң,кетемін, деп жатырмын. Жеке куәлігіңіздің нөмірін айтыңыз, деді. Айттым. Қалтафонына жазып алды. Бірақ, алдымен ақшасын беріңіз, деді. Қанша? Билеттің құны 5000 теңге. Жақсы, берейін алайда алдап кетпейсің бе? Өй, аға "шешесі...." осы жерде жүргеніме он жыл болды, мұнда мені бәрі таниды, анау жүрген бұралқы иттерге дейін сұрымды сонадайдан жазбай таниды, "шеше..."деп сәл ренжіңкірегендей болды ма, қайдам. Әйтеуір, билет керек болған соң қолына ұстаттым сөзді созбақтамай. Арада сүт пісірім уақыт өтті. Әлгі жігіт жетіп келді жаныма, аға міне, билет, үстіне 1000 теңге қосып беріңіз деді. Ол менің алашағым, деді. Сөзге келмедім, мә, деп сұрағанын ұстаттым. Сөйтіп, рахметімді айттым. Ол жөніне, мен жөніме кеттім. Міне, жемқорлық деген қайда жатыр. майда-шүйде, деп өзіміз мән бермейміз. Бәрі осылай басталады.

user profile image
20 Желтоксан, 2012

Кассирлердің осындай әрекеттеріне тосқауыл қою керек. айтпағым осы еді, негізі.

user profile image
20 Желтоксан, 2012

Былтырғы жаңа жыл қарсаңында бағасы 5000 теңге тұратын билет бағасы "Көкшетау-Қызылорда" пойызында 25 мыңға сатылғанын көзбер көргендер бар. Алматтың айтқаны Шымкентте де, Түркістанда, Алматыда да, Астнада да кездестірдім. "Жең ұшынан жалғасқан сыбайластық, жемқорлық жайлап алған. Бұған қашан тосқауыл болады? Жолсерік болып жұмысқа орналасу үшін 3 мың "жасыл қағаз" бергенін бір танысым жасырмай айтты."Ставкасы солай" дейді. Сол ақшаны бересіз, 4-5 ай күтесің, сосын курсқа оқуға шақырады, курстан өтіп "ҚТЖ"-ның Астанадағы бас кеңсесінен бұйрық шығады деп-лепіріп отыр."Балық басынан шіридінің кері емес пе?Сосын қайдан бұл әркеттер тиылсын, ағайын?!

user profile image
24 Желтоксан, 2012

Інім көп қыртыма. Бұл мәселені сенен де артық білетін адамдар отыр ҚТЖ-да.

user profile image
25 Желтоксан, 2012

Өте дұрыс мәселе,кассада билет жоқ,бәрі қолда,мына тұрған Атырауға жете алмаймыз,"бордак поездың" өзімен,жолаушылар сыймаса тағы поезд шығарсын, электричка шығарсын.Қаншма ақша далаға кетіп жатыр, жаңадан проезд шығардық деп ҚТЖ ала жаздай мақтанып еді,ескі вагондарды сырлап қойған соны теледидардан көрсете береді мақтанып,вагондарды ауыстыру керек баяғы 50 - жылдардағы вагондармен әлі жүрміз ғой, дамыған 30 -елдің қатарына қосыламыз дейміз, қалай, ұрлық-қарлық,жемқорлық,кассирлердің,жолсеріктермен күресу керек қой,ұят жоқ боп кетті ғой.

user profile image
25 Желтоксан, 2012

Достар, жолаушылар тасымалы сапасы жыл санап жақсарып келеді. Көптен мінбегем пойыз атаулыға. Жақында жұмыс бабымен жолға шыққанда қуанып қалдым. Жә, тақырыптан ауытқымайын. Сіздерге кеңесім, бүгінде pcentre.kz сайты арқылы билет сатып алуға болады. Ол үшін Халық банкі карточкаңызды www.myhalyk.kz сайтымен байланыстырсаңыз, билетті де оңай сатып аласыз. (Интернет-банкинг арқылы газ, жарық, басқа да комм төлемдерде пошта не банкке бармай-ақ үйден төлей аласыз). Еш қиындығы жоқ. Өз басым таяуда ғана үйреніп, қазір біраз шаруамды жеңілдетіп алдым.

user profile image
4 Шілде, 2014

Құрметті жолаушылар!Сіздердің жол жүру тарихыңызда несиелеріңізді,алименттеріңізді,налогтеріңізді,айыппұлдарыңызды уақытында төлеуге мүмкіндіктеріңіз болмай қалып пойыздан түсіріп кеткен жағдайларыңыз болды ма,дұрыс деп ойлайсыздар ма,қиянат емес пе?!

Пікір қалдыру