25 Қараша, 2017

МӘДЕНИЕТ

Апта бұрын Алматының аруы анықталды. «Мисс Алматы-2012» байқауында. Өтпей жатқан байқау, болмай жатқан мисс па, бетінің жылтыры барлар қатысты, кетті, жаңалық онда емес.

Жаңалық «Мисс Казахстан» байқауының атқарушы директоры Совет Сейтов мырзаның мына сөзінде: “Девушки у нас впервые вышли в раздельном купальнике без парео. Надо признать, что это был довольно смелый поступок. Но это один из обязательных этапов „Мисс Казахстан“, „Мисс Мира“ и „Мисс Вселенная“!

Екінші бір айтатын нәрсе – үндінің қызы жеңімпаз атанды.

Талғамсыз қазылар

Жеңіс берілген алматылық Фарида Малик – аралас некенің жемісі. Әкесі – үнді, шешесі – қазақ. Сырт сипаты қарапайым ғана қара қыз. Тіпті, бас жүлдені алғанының өзі әділ қазылардың әділ шешімі мен талғамына күмән туғызардай орташа бикеш. Жалғыз біздің пікір емес, нтернет-форумдарда да қатысушылар ішінде одан сұлу сылқымдардың болғанын айтып шулап жатыр.

Әрине, таза қазақ жеңгенде болар еді дегенді айтудан аулақпыз. Қазақтың мерейі «мисспен» аспай-ақ қойсын. Бірақ, осы тұста өзімізше бір долбар айтуға мәжбүрміз: аралас некенің жарнамасы көше бойындағы жарнамадан түсіп, осылайша Көктөбе асып кетіпті (әлгі байқау сонда өткен).

Жалпы, біз көп нәрсені аңдамаймыз, аңдасақ та «тырнақ астынан кір іздеген» болмайық деп қоя саламыз. Сөйтсек, насихаттың түрі көп екен. Біз ұлттар достығына малданып жүргенде, қазақ қыздарының үндіге, қытайға, түрік пен арабқа тиюін қайдағы жоқ сұлулар сайысы арқылы да әспеттей беруге болады екен. Экзотика!

Жарнама демекші, бұрын осындай сұлулар сайысы жартылай жалаңаштықтың жарнамасы еді. Соңғы кездері тырдай жалаңаштықтың жарнамасына айналды. Сонымен, осы жолы біздің қыздарымыз ерлік қадамға барды. Тұңғыш рет бикинимен ел алдына шықты.

Жалаңаш қызды тегін көру кешіне 2000-ның үстінде көрермен жиылды. Көрсетуші де, көруші де мәз. Қала берді, қараңғы қазақ қыздарын бикини кигізіп, бақытты еттім деп Сейтов те мәз.

Әлемдік талап бойынша «Сұлулық сайыстарына» қатысушы қыздардың тән сұлулығы сынға түседі. Бірақ, кей жағдайларда «қызқұмар» (қызқұмар болмаса, неменесіне қазы болады, құр киімсіздерге қарап отыру ғой жұмысы) қазылардың сын-ескертпелері мен сұрақтарына жауап беру барысында жалаңаш сұлулардың ақылы мен таланты да көрініп қалады-мыс. Бұл атау тек әйелдерге ғана тән, ерлер арасында да мұндай сайыстар болып тұрады, әрине. Бір айырмашылығы – олар сұрқын емес, дене бітімдерінің пошымымен жарысады.

Әжептеуір тарих

Арнайы жиындарға қажет символикалық патша мен патшайымды таңдау – ертеректегі Еуропада көне дәстүрлердің бір түрі болған. Бірінші заманауи сайысты 1854 жылы Барнум атты бизнесмен бастап беріпті. Бірақ, сұлулық сайысы қоғамдық қарсылықтан кейін тоқтап қалған (Қазіргі қазақ қоғамына қарағанда сол кездегі америка қоғамы мәдениеттірек әрі тазалау ма еді деген де ой келеді кейде?!). Барнум сайысқа қатысушы қыздардың даггеротипті суреттерін пайдаланған. Бұл тәжірибенің игілігін газетшілер әлі күнге дейін көріп келеді.

1880 жылы сұлулық сыны Делавэр штатындағы Рехобот Бич дегеннің бизнесін жүргізу мақсатында жаздық фестиваль шеңберінде өткен. Осылайша жарыстар жаздық шомылу маусымының ажырамас бөлшегіне айналған.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде әйелдер өз орындарын табуға тиіс болды. Батыс әйелдері өздеріне қарауды қолға ала бастады (өзіне қарау – купальникпен сайысқа шығу болса, логикаларының деңгейін шамалай беріңіз).

1921 жылы Атлантик-Ситида қонақүй қожайындары әйелдерге жаңа роль тауып берді. Олар бір жағынан маркетингтік құрал ретінде, екінші жағынан демалушыларды қонақүйде ұзағырақ қалдыру мақсатында әйелдер үшін суға түсуге арналған киім ойлап тапты. Көп ұзамай әлгі киім «көріктілер көрмесінің» ажырамас бөлігіне айналды. Жергілікті жердегі сайыстарда жеңімпаз болған суреттер АҚШ-тың орталық газеттеріне басылды. Сайыстың атағы жер жарды

Кейінірек сайыстың болашағына даңғыл жол ашпақ ниетпен оны жоғары деңгейде өткізуге бекінді біреулер. Өткізді де. Оған әрбір штаттан, тіпті Колумбия округінен де қатысты қыз-қырқын.

Жеңімпазы «Мисс Америка» атанды. Содан сайыстар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптады. Қыз жарыстардың саны да, түрі де көбейді. Жаңа талаптар қосылды. Қатысушыларға өздерінің талантты екенін дәлелдеуге мүмкіндік жасалды

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында сайыстар азайып кетті. Түсінікті де шығар. Ал соғыстан кейінгілерінде жеңген сұлуға ақшалай және басқалай сыйлықтар үлестірілетін болған. Тиісінше жарнамасы күшейді, мәртебесі өсті. 60-шы жылдары ауқымды, атақты байқаулардың саны 6-ға жетті: АҚШ аруы, Әлем аруы, Дүниежүзі аруы, Америка аруы, АҚШ Teen аруы, Америка Teen аруы. Бұлардың жеңімпаздары жас қыздар мен келіншектер үшін таптырмас үлгіге айналды.

Солай болуға тиісті де еді. Бір қызығы, олар қазір тек батыс бикештеріне ғана емес, Қазақстан, Түркия, Ливан секілді мұсылман мемлекеттерінің қыздарына да үлгі болып жатыр. Оған дәлел – 2002 жылы ливандық Кристина Савайя «Мисс Интернешнл» атағын алса, түрік Азра Акин «Әлем аруы» («Мисс Мира») атанды. 2006 жылы Пәкістанның өкілі Мэрайя Мотен «Мисс Бикини Вселенная» болды. Ал, Қазақстандық арулар алды-артын ашып шетелге жылда барады, әзір Мисс бола қойған жоқ, бірақ ел ішінде күнде бір мисс анықталып жатыр.

Мәнінен айрылған мағына

Мисс сөзінің өзі шетел сөздіктерінде қыз балаға ілтипат таныта сөйлеуді білдіреді. Ағылшындар мұны әдетте аты-жөнінің алдында қолданады. C.И.Ожегов пен Н.Ю.Шведованың редакциясымен шыққан орыс сөздіктерінде оны қыздардың, жас әйелдердің ішіндегі озығы, үлгілісі деп түсіндіреді.

Шешінген қыздың бізге несі үлгі? Біреудің қызының бұлтиған бөксесі мен үзілгелі тұрған белі есі кеткен еркектерден басқа кімге қызық осы? Біздің қазіргі қазақ қоғамының XIX ғасырдағы ағылшын қоғамы құрлы бола алмағаны қандай өкінішті. Қоғамдық қарсылық тудыру деген қалыптаспағанда, көрген күніміз осы енді...

Сөйтіп біздің бикештер үлгі емес, үрей туғызып берді. Жүз жерден жаһандану, мың жерден мәдениет десек те, тап мына сурет қыз-базарды қақ төрімізге шығарып, төбемізге көтеріп жатқандай әсер туғызады екен. Мұндай сәтте эмоцияға салынбасқа тағы болмайды. Осы екі бет материалмен жарыстың жолы жабылып қалмас, бірақ, әйтеуір, бір қандастың болса да жүрегіне жиіркеніш орнап, бір сіңіліміз келесі бір жалаңаш жарыстардан бас тартып жатса, соның өзі жеңіс.    

P.S.

Ал әлгі үнді қызы ше? Жарайды, тырнақ астынан кір іздемей-ақ қояйықшы. Мүмкін оның бикиниі әдемі болған шығар...

Пікірлер

user profile image
23 Қыркүйек, 2012

Қазақ қазақ болғалы бері, өзге елге қатты еліктеп, мазақ болып жүр. Мен ағылшынның анауын үйрендім, француздың мынауын үйрендим деп мақтанады. Мақтаншақ халықпыз. СС-ның да қыздарымызды шешіндіріп, көкірек кергені қанымызға жат. Оларға тек -ШЕШЕСС дегеннен басқа айтарым жоқ...

user profile image
21 Қыркүйек, 2012

Осы Совет Сейтов деген сұйық адам. Сұйық адамды "сұлу таңдауға" бекер қоймаған. Бұл істің астарын біз білмейтіндей құдды...

user profile image
21 Қыркүйек, 2012

Мына сурет шынында масқара екен. Мына қыздардың ата-анасы жоқ па, туған туысы жоқ па? Баяғыда шетелдіктердің жаман суреттерін көріп бұлар жетім қыздар шығар деп ойлайтынмын. Сөйтсем, ата-аналардың өзі ұяттан жұрдай болып бара жатыр екен ғой.

user profile image
21 Қыркүйек, 2012

Бұл қыздар Универде оқу үшін жүр ме, әлде тыр жалаңаш сахнаға шығу үшін жүр ме ол да түсініксіз...

user profile image
21 Қыркүйек, 2012

Соншама ар-ұятты осылай таптағанда тапқандары қанша тиын екен,а?

user profile image
21 Қыркүйек, 2012

Үнділер де, қазақтар да уяттан жұрдай болып кетіпті..Әйтпесе, киносында сызылып, орнаын алып жүруші еді ғой...Біздің қазақтың қыздары да жетіскен екен...Мына суретте қазақ көп сияқты ғой...Тіпті, шеткісі толықтығынан да қысылмаған екен, иә...

user profile image
я
21 Қыркүйек, 2012

девушки, не забывайте, что вы ЧЕСТЬ матери, ГОРДОСТЬ отца, АВТОРИТЕТ брата и РЕПУТАЦИЯ народа!

user profile image
21 Қыркүйек, 2012

Мына қыздардың бәрін ату крек шеттерінен. шшшшш

user profile image
21 Қыркүйек, 2012

Требуем пересмотреть!! Жаман ундістін кызы "Алматы аруы" атанды..Оларды Алматынын сулуы деп атап отырган озіміздін саткын Манкурттер.. Айтпесе Ундістін Алматыга катысы канша..? Казак сулулары кайда сонда? Бул Біздін намысымыз бен улттык муддемізге катысты маселе!.Казак кызы гана «Алматы аруы» атануга кукылы! Келімсектер оз орнын білуі тиіс! Біз бул тандауды кайта карауды талап етеміз!!! Осыны 10 адамга таратыныз!!

user profile image
22 Қыркүйек, 2012

Қазаққа іштарлықпен қарайтын,іштен шалатын адамның қолына Назарбаев бүкіл ақшаңды және билігіңді беріп қойған соң,солай болып жатыр деп,2007-жылдан бері дабыл қағып,митингтер жасап,лозунгтар,листовкалар жазғанбыз!!!Бірақ амал не?!! Кейбіреулер ұйықтап жүр,кейбіреулер өз қарнын ғана ойлап,сатылып,өзіңді шалып жүр,енді біреулер қорыққанынан ештеңе білмеген болып: "Бізде бәрі жақсы,шулап,митингке шығатындар- экстремистер ғой,ал біздің саясатта не шаруамыз бар,тыныш жұмысымызды істейміз!"деп,ақылгөйсиді.Бұл мазақ қылғаны Атыраудағы атыспен салыстырғанда бері қалады -ау,сен анау жазықсыз қырылып жатқан жастарымызға ешкімнің ара түспегенін айтсаңшы!!!Обалы-ай,жау жоқ жерде,яғни ашық түрде соғыс болып жатқан жоқ,ал кудайдың кұтты күні адам атылып,жойылып кетіп жатыр!!! Масқара емес пе,Ағайын!!! Әрине,бірдеңе түсінетіндерге...

user profile image
24 Қыркүйек, 2012

Шәкім, мына пікіріңіздің тікелей мына мақалаға қатысы шамалы сияқты ғой...Атыс туралы емес, ашылған етек туралы бірдеңе жазбадыңыз ба? Бұл жерде биліктен бөлек мына бейбақтардың ата-анасы мен туыстарының да жауаптылықтан жұрдай екендігін ескеру қажет секілді. Бірақ, билік те мұндайға мүмкіндік бермеу керек еді десеңіз де қате айтқан болмайсыз, әрине...Бәрін билікке жабу - ең оңай шаруа секілді..Билік - сіз бен біздің, яғни халықтың космостан алғандағы сурет секілді көрінісі ғой....

user profile image
24 Қыркүйек, 2012

девушки, не забывайте, что вы ЧЕСТЬ матери, ГОРДОСТЬ отца, АВТОРИТЕТ брата и РЕПУТАЦИЯ народа! мына қонақтық жазғанын осында шешінген бір қыз түсініп жабынса жоғарыда айтпақшы жеңгеніміз!

user profile image
24 Қыркүйек, 2012

дөп басты ойымдағы мына мақаланы жорналист апам! ұяяяятыыыыыыннн-аййй!осыларға неге сөйлемейді тегі... Намысы, ұяты, ары жоқ адамның қылығы. Осы әншісымақтар әсіресе, "Хит тв" дегі бір клип түсірсе қарауға ұяламын ішінде купалник киіп тыр жалаңаш жүргеніне мәз-майрам болған қазақ қыздары жоқ па деп. Әнебіреу апалы-сіңлілі "Бионик" тобы негрді айналсоқтағанымен қоймай қыздарымызды шешіндіріп бейнебаян түсіріп мәз. көзін құрту керек. уланып жатыр айналамыз жалаңаштықпен.

user profile image
24 Қыркүйек, 2012

Уф, шаршатты-ау қыздар...

user profile image
24 Қыркүйек, 2012

40 үйден тый деді ме, тыю керек қой!!!

user profile image
25 Қыркүйек, 2012

Сексен кыздын ишинен козге тусер Балкадиша деуши еди аталарымыз Бирак казир кыздар шала булинди ашак шашык дегендей. албетте иштей куйинемиз амал канша. Аллах журектерине иман берсин баска айтарым жок

user profile image
25 Қыркүйек, 2012

Ал, енді мен мынадай бір қызық сұрақ сұрайын жігіттерден: "Сіздер қыздар ибалы болу керек, жабық киіну керек, ақылды болу керек!" дейсіздер де, өздеріңіз ашық киінген қыздарға көңіл бөлесіздер, сондай қыздарға сыйлық жасайсыздар, сондай қыздарды киноға шақырасыздар,кейін мен осындай қызды алып, түзетемін ғой деп өздеріңізді ақтап аласыздар. Мұны қалай түсінуге болады? Ал, ана тәрбиелі болып жүрген қыздар, сол қалпы жүргені, ақыр соңында олар да өзгереді. Өйткені, оларға ешкім көңіл бөлмейді.

user profile image
27 Қыркүйек, 2012

Хаха, менин пикиримди неге оширип тастагансыздар?

user profile image
7 Қазан, 2012

ия казактын кыздары шешинди бирак жулдени ундистин кызы алганга намыстанып жатырсындар ма. ол кыздар сахнага тырдай жаланаш шыккан неси бар. абуйири жабык. алде оны да сыпырып тастады ма екен. билмедим. ушкары пикирлер айтып не болса соны жаза бергенше не нарсени болса да мойынсыну керек кой. казир агаш уй тигип жаз жайлауда кыс кыстауда отырган ештенемиз жок. саналы омир калыптастырыншейш. адамдар идея ойлап бирнарсе уйымдастырса канымызга синген коре алмаушылыктан аса алмаймыз. олардын идеясы шектен шыккан нарсеге жетсе ол да бир дамудын кориниси шыгар. биз казак не болса соган канымыз караяды. журген док па ундистердин тайпалары омири омырауын ашып. орманда омир сурип бизде айтеуир саналы тирлик бар гой. бир мезеттик байкауга бола атыласындар. стриптизге де. кыз жалдауга да барып жаткан жоксындар ма акшаларынды шашып. осы жерде отырып анасын боктап канагат тапканнан бирдене шыгардай. булинетин елдин кызы сахнага шыкпай ак та ар куыста булинип жур. как будто саинаны билмейтиндей айтасындар. одан да мадениетти булирсин халык. не нарсеге де шынайы козбен карау керек.

user profile image
7 Қазан, 2012

Еу, деңіз...Әбүйірдің не екенін білесіз бе өзі? Үндінің қызы алмақ түгілі чукчаның қызы алсын, тек басқа мемлекетте ашсын алды-артын, біздің қыздарға бұдан үлгі алудың қажеті жоқ дегенбіз..

user profile image
8 Қазан, 2012

Азғынды елдің к... ашық. Ей, ағайын ие болыңдар, ие.

user profile image
8 Қазан, 2012

"Жалпы, біз көп нәрсені аңдамаймыз, аңдасақ та «тырнақ астынан кір іздеген» болмайық деп қоя саламыз. Сөйтсек, насихаттың түрі көп екен. Біз ұлттар достығына малданып жүргенде, қазақ қыздарының үндіге, қытайға, түрік пен арабқа тиюін қайдағы жоқ сұлулар сайысы арқылы да әспеттей беруге болады екен. Экзотика!" Иман жолында журген адамсызгой,сизге адамдардын улты,насили ешкандай киындык тугызбау керек еди,Кудай баримизди бирдей жаратты,озинизге деген куман тудырманыз,айтпесе дурис тусинбей калуымыз мумкин...

user profile image
8 Қазан, 2012

... озин улги болып корши кане,Айсауле,сенин киген киимиин биздин ортага сайма?!мен сенин уркенип-буркенгенине еш карсылыгым жок,тек кишкене талгаммен киинсен типти керемет болар еди...осыны жадына куып кор...жанеде бул коменнти оширме!!!

user profile image

Виктория ханым, 1) менің қалай киінетініме баға беретіндей сіз мені қаншалықты жиі көресіз? Яғни қалай киініп жүргенімді дегенім ғой.
2) Сосын сіздің ойыңызша талғам деген не? Ол қандай критерийлерге жауап беруікерек?
3) Мен коммент өшірумен мүлдем айналыспаймын, қалқам!

user profile image

Тақырып орынды көтерілген, жақсы ашылған. Ашық-шашық "киініп", әбүйірін жаба алмай жүрген қыздарға тосқауыл қою орныны мақала авторына " өзің қалай киініп жүрсің?..." деп тасадан міңгірлеу мен мыңқылдау жараспас дүние. Бұл - кім сәнді киінеді деген тақырып емес, неге жалаңаштанып барамыз, жалпы, киім киетін кыз қалды ма деген тақырып аясындағы туынды. Лағып кеткен оқырмандар үшін айтылған сөз.

user profile image
16 Қазан, 2012

көктөбеде к..н ашқан қазақтар деп тақырып қойғанда дұыс болар еді!

user profile image
16 Қазан, 2012

Қазақтың қызы болып тумай кеткірлер!!! Мынаны ұйымдастырушылардың, қазылардың арасында есті қазақтың бірі болмаған ба? Шетінен мәңгүрт болып кеткен бе? Қазақ қайтсек ұлт болып қаламыз деп жанымызды шүберекке түйіп жүрсек, масқаралап жүрген мына істерің не есуастар?

user profile image
16 Қазан, 2012

Создін қыскасы бүл ақырзаман жақындағанының белгісі...

user profile image
17 Қазан, 2012

осындай қыздар қазақтың ибалы, инабатты, сыпайы қыздарының атына дақ түсіретіні өкінішті-ақ...

user profile image
18 Қазан, 2012

Жалпы МИСС атаулы жоғары лауазымды адамдарға, сырттан келетін үлкен қонақтарға, сосын қазір Эскорт деген бәле сәнге айналды. Сол үшін өткізілетінін баяғыда Время газеті жазып еді. Соның рас екеніне көз жетті. Мына мақалаға да рахмет, толық қосылам.

user profile image
17 Қараша, 2012

биздин ауылдын бир данышпаны айткан екен бурын кыздардын котин кору ушин турсин ашатын едик енди турсин кору ушин котин ашатын болыпты деп рас екен гой

user profile image
17 Қараша, 2012

казир кыздардын кимдери кыскарып бара жатыр гой енди сол кыскарганнан кыскарып заманакыр боларда тарыс етип узиледи сонда коресиндер нагыз жаланашты

user profile image
17 Қараша, 2012

жалпы атам казак кызга кырык уйден тыю деген типти бар гой арыкты аттатпаган қызғыштай қорып мәпелеп өсірген
ал казирги кезде бикини киініп шыгу тыр жаланаш тәнін корсету біздікілерге әжептәуір мактаныш "біздің қыз осы сайыска катысты" деген мактаныш
сайын көшесіндегі кыздарды тілге тиек етіпті бір окырман ол да болса адамдардын әсіресе кыз келіншектердің арсыздыгы желік іздеуінен шыққан нәрсе гой әйтпесем пол жуып та акша табуга болады гой
не керек адамның санасына берсін!

user profile image
17 Қараша, 2012

баги мен жигиттер кауымына дегендер сол котин ашкандардын бири болу мумкин

user profile image
19 Қараша, 2012

мына қыздардан қандай Алматының аруын күтесің, Одан да бәрін жаппай ауру дей салайық, бөліп жармай, есі дұрыс қыз осылай киініп сахнаға шыға ма,
иманы жоқ қой олардың, түйірдей иманы болса, бұлай киініп шықпас еді.

Қайран елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың...
Қайран Абайым-ай, мынаны көрсе жүрегі жарылып өлер еді. Қайтейік, біз әлі тірі жүрміз мынандай сұмдықты көріп,...

user profile image
29 Қараша, 2012

МАСКАРА

user profile image
19 Желтоксан, 2012

Айсұлу менің пікірімше азамат өзін қазақпын десе ол қазақ болып саналады, қарамайсың ба шешесі орыс әкесі қазақ талай балалар орыс болып жазылып кетіп жатыр оны орыстар кеудесінен итеріп жатқан жоқ, тіптен баланың өзі шешесі орыс болса да қазақпын деп тұрса да орыстар оны орыс деп бой бермейді ғой. Бізде солай болу керек бала қазақпын деп тұр ма яғни ол қазақ. Ал тегі үнділік қыз өзін қазақпын деп тұрса одан неге біз теріс айналамыз. Қазақстанда тұрған барлық ұлттарды қазақ деп жазу керек.

user profile image
27 Желтоксан, 2012

Әдеп - деген заң енгізу керек!Көшеде, қоғамдық орындарда,теледидарларда (әсіресе музыкалық) ашық-шашық жарнамаларға тиім салу керек! Жаз бойы DIROL сағызы жартылай жалаңаш қызбен жарнамаланды. Енді сұрақ сол жарнаманың сағызға қатысы қанша????

user profile image
11 Қаңтар, 2013

Айсәуле, өте орынды жазасыз мақалаларыңызды! Ризамын! Ал, тікелей мынаған келсек, сөз жоқ енді бұндайларға! Қазақтан садағасы кетсін!

user profile image
14 Қаңтар, 2013

Қолында билігі бар мына мақұлықтар жыл өткен сайын мұнан өткен азғын жарыстарды ойлап тауып, соны іске асыра береді.
Мына көрініске қанымыз қарайып, атуға оқ таба алмай отырған біздер, алдағы уақытта да дәл осылай "қап, щещеңңді" деп қол қусырып отыра береміз бе?
Әлде бос сөзді қойып, қазақтың еңсесі биік ел болуы үшін нақты іске көшіп, сөзіміз бен ісімізді түзеп, інілеріміз бен қарындастарымызға ие болып, соларды қолдап қуаттап, болашақта "Міне, қазағымның болашағы осылардың қолында! Осылар біздің ар ұятымыз!" деп айта алатындай әрекет жасаймыз ба?

user profile image
16 Қаңтар, 2013

Мәселе, қазақ қыздарының шешінгенінде де емес, бәйге алған қыздың аралас некеден туғандығында бас бәйгені соған беру арқылы аралас неке жарнамаланып отыр ғой мұнда.

user profile image
16 Қаңтар, 2013

Бірінші орын үндіге бұйырғаны дұрыс болған екен. ...Түсіндірейін,бұндай конкурстарда 2-3 орын алдын ала белгіленіп қойылады.90жылдарда бұл конкурстар қалай өтетіні *Комсомольская правда* газетінде егжей-тегжейді жазылған болатын.1орын уәде етілген қыз жеме-жемге келгенде кидайт етіліп,өз бетіне қышқыл құйып,бар сұлулығынан айрылғаны айтылған.Ал уәде алуы ұшін бас жюри ма,әйтеуір авторитетный біреумен... жалпы түсіндіңіздер ғой

user profile image
18 Қаңтар, 2013

Виктория сен олай сойлеуге ваще какын жок, казакша не сайрап отсын

user profile image

Тілге тиек ететін нәрселер көп бірақ ақиқатында Аллах бізге жабық киінуді бұйырды емес пе? Заман талабы деп бәріміз жапырақ байлауымыз керек пе ?

user profile image

сонғы пікір дұрыс айтылған

user profile image
20 Ақпан, 2013

Ерсін, меніңше сіз дұрыс айтасыз. Қыздың анасы қазақ емес пе, бізде неге үнемі жиендерімізге осындай жек корушілікпен қараймыз. Олардың қанында қазақтың қаны болғасын тарту керек емес пе?! Қайткенмен ашық киініп шыққаны сәл артықтау болды ма деп ойлайм..

user profile image
12 Наурыз, 2013

Minau endi tim shekten shikkandik, sumdik suret!
тап мына сурет қыз-базарды қақ төрімізге шығарып, төбемізге көтеріп жатқандай әсер туғызады екен. Tauip aitilgan teneu... Odan artik aitarga sozim jok....
Kudaiim-au, mina kizdin bari ake-sheshesi jok tul jetim emes shigar.... Al eger ata-anasi bolsa, kaida karap otir degen surak tuadi!Mapelep osirip otirgan kizdarin jap-jalanash(jartilai jalanash kiinu turali aitpai-ak koyaik, ondailar tolip jur, ogan kozimiz yurengen abden) el aldina shigaruga kalai gana yialmaidi?!

user profile image
12 Наурыз, 2013

Anirar akirette azap korip,
Kizdarin kizganbagab ata-analar
dep keletin olen joldari eriksiz esime tusip ketti....

user profile image
28 Наурыз, 2013


Малым жанымның садағасы,
Жаным арымның садағасы деп өскен қазақпыз ғой
Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дегендей мына масқара қазақтың қызы деген ғажап атқа дақ түсірді ғой! Жаның мен жүрегің сұлу болмаса, тәніңнің сұлулығынан не қайыр...
Кірпікте арын ілулі
Кетпесін жас боп үзіліп.....
Кетпесін жас боп үзіліп....

user profile image
1 Мамыр, 2013

Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар,
Сөйткен заман кез болар,
Түзелуі қиын болар
(Мөңке би)

user profile image
1 Мамыр, 2013

қайран қазақ қыздары-ай..........

user profile image
19 Маусым, 2013

қазақ қыздарына осылай жүруге болама.

user profile image
1 Желтоксан, 2013

Сұлулық байқауы десе, менің студент кезімдегі бөлмелес дос қызым есіме түсе кетеді..(бұл 1994ж болған оқиға), қызылордалық сұлу еді. аппақтығымен, ажарымен, ақылымен баурап алатын еді, алтыным... Алматыдагы арулар байқауына қатысқысы келіп, ата-анасынан рұқсат ала алмады. өзімен тете ағасы итак институтта оқитын, ол естісе өлтіреді деп айтпады. Байқауы құрсыншы не керек деп шаужайына жабыссақ та ...болмады. Шайтан түртті ме, кім білсін? Мен мұғалімдікті өзім қалап түскенім жоқ едім, модельер болғым келген, ата-анам менің үшін бәрін шешіп отырады. Менің ойларымммен санаспайды, айтатындары сен әлі 20-ға да толған жоқсың" дейді. ИӘ, БІЗ СОЛ КЕЗДЕ 20-ҒА ДА ТОЛМАҒАН АҢҒАЛ ҚЫЗДАР ЕДІК. сОНЫМЕН НЕ КЕРЕК, құрбым қысқы сессиядан соң Шымкенттегі туыскан апасының үйіне кетті, мен Атырауға (гурьевке), баскалары да елдеріне... февральда, мартта құрбымда өзгеріс барын байқадым, менімен салқын сөйлесетін болды, қысқа жауап беріп үндемей жүреді, көбіне өз-өзімен қалғанды жақсы көреді, көңілі бір көтерілсе бәрімізді киноға, кафеге апарады, жеке сұрағанымда "скоро мен жұлдыз боламын" деді. Апрельде емтихандарға дайындық басталып кеткенде ол "ағам мені квартираға алып кетейін деп жатыр" деді. Онда маған да бөлме бар, мына жерде дайындалу киын болып тұр маған" деді... Семьяда қырғын ұлдың ортасындағы жалғыз қыз болғасын қызығатынмын, ағасы да жатақханаға келіп жағдайымызды сұрап кететін. Сол апрельдің ортасында кеткен қыз сабақтарын пропускать етіп келмей жүрді. "Декандармен келісіп, қолына "бірдеңе қыстырып" шаруаны бітіретіндерін білгесін мен қыздың жоқтығына онша мән бермедім. 3май күні жаңбырлатып, ағасы А келіп тұр жатақханаға "қарындасым 1майға ауылға баруы керек еді, бармапты. Қайда?" деп. Мәссаған, ол сіздің қасыңызға көшіп кетті ғо, мында итак 5 кыз едік, сабаққа дайындала алмай жүрмін деді, ағам квартирасына кетем деді дедім.... Қабағы түксиіп тез-тез кетіп калды, ол кезде казіргідей "сотка" (мобильная связь) жок. Бірнеше күннен кейін қыз келді, қасында басқа подругасы бар, мен заочноға ауысамын, переговорныйдан папаммен сойлестім, жаксы деді деді. "сен не істеп жүрсің, ағаң іздеп келді сені, сен ағама кеттім деп едің ғой? -Иә, білемін, ол көп әңгіме, сен араласпай-ақ койшы..."жоқ, араласканда араласпағанда, сен білесіңбе заочноға ауысуға заява жазсаң казір-ақ рухсат береді, бірақ сен мына жарты семестрдің экзамендерін қайта тапсырасың ғой, одан да 1-2 ай шыдап, августтегі приказбен неге ауыспайсың? дедім. мен уже шешіп койдым, быть может даже гос/экз-дерге де келмей, колыма диплом алармын" деп күлді касындагы кызға... жарайды, кетті. менің ішім итак 3-4 айдан бері ырым-жырым мына кыздың менімен дұрыс "общение ұстамағанына", әрі сол кезде новая подрушкасынан да кызгандым :(( ........ Сентябрьде сабаққа келгенде оның қайтыс болғанын естіп (асылып өлген екен), аңырап жыладым, аяп жыладым, ішім парам-парша болды. қалтасына бір парақ хат жазып, өз жанын қиыпты. қысқасы, ...мен арулар байқауына қатыстым, біреулер демеуші болды, февральда ұйымдастыру комитетіне барып сөйлесіп едім, сонда жасайтын бір ағай "май айына дейін уақыт бар, программасы мынау, шынымен бағын сынағысы келетін, бірақ материалдық жағынан кемшін қатысушыларға демеушілеріміз бар деген... Бағымды сынап көру арманым еді, дымым қалмай дайындалдым, дегенін жасадым...бойы 160-қа жетер-жетпес қара қыз бас жүлдені алғанын айтпасам да, маған 1-2-3-інші номинация түгіл, ынталандыру сыйлығы да берілмеді. маған сен алмаған асу болар ма? ару боласың дегеніне 3 й бойы сендім, 51 жасар адамның осындай иттікке баратынын білмедім, алданып қалдым, арым тапталды, бірақ, зорлаған жоқ, есек сияқты өзім келістім ғой...кешіріңдерші өтінемін депті.ХАТТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ ОСЫНДАЙ... СОДАН БЕРІ ДЕ 20ЖЫЛҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ ӨТІПТІ, МИСС БАЙҚАУЫ ДЕСЕҢІЗ КӨЗ АЛДЫМА СОНЫҢ БЕЙКҮНӘ БЕЙНЕСІ ЕЛЕТЕЙДІ............ (жатқан жері жарық болсын)...

user profile image
28 Қаңтар, 2014

жүрегм ауырып кетті, үнім де шықпай... оған біз тосқауыл қоя алмаспыз. Біз деген - желіде айрайтындар.

user profile image

автор сізге ризамын, жақсв сараптама әрі керемет жазылған

user profile image
2 Шілде, 2014

Мына коммент шындықты жазған екен!
Атыраудан | 01.12.2013:
........ Сентябрьде сабаққа келгенде оның қайтыс болғанын естіп (асылып өлген екен), аңырап жыладым, аяп жыладым, ішім парам-парша болды. қалтасына бір парақ хат жазып, өз жанын қиыпты. қысқасы, ...мен арулар байқауына қатыстым, біреулер демеуші болды, февральда ұйымдастыру комитетіне барып сөйлесіп едім, сонда жасайтын бір ағай "май айына дейін уақыт бар, программасы мынау, шынымен бағын сынағысы келетін, бірақ материалдық жағынан кемшін қатысушыларға демеушілеріміз бар деген... Бағымды сынап көру арманым еді, дымым қалмай дайындалдым, дегенін жасадым...бойы 160-қа жетер-жетпес қара қыз бас жүлдені алғанын айтпасам да, маған 1-2-3-інші номинация түгіл, ынталандыру сыйлығы да берілмеді. маған сен алмаған асу болар ма? ару боласың дегеніне 3 й бойы сендім, 51 жасар адамның осындай иттікке баратынын білмедім, алданып қалдым, арым тапталды, бірақ, зорлаған жоқ, есек сияқты өзім келістім ғой...кешіріңдерші өтінемін депті.ХАТТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ ОСЫНДАЙ... СОДАН БЕРІ ДЕ 20ЖЫЛҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ ӨТІПТІ, МИСС БАЙҚАУЫ ДЕСЕҢІЗ КӨЗ АЛДЫМА СОНЫҢ БЕЙКҮНӘ БЕЙНЕСІ ЕЛЕТЕЙДІ............ (жатқан жері жарық болсын)...

user profile image
24 Ақпан, 2015

Жалпы Қазақстанда "мисс" деген байқаулардың өтуіне қарсымын! Қыпшақтар моңғол дәуірінде қыз сынын өткізгенде, арулардың тапқырлығы мен айласын, ат үстінде ойнау, қолөнерін паш еткен. Ұлттық нақыштағы байқаулар көбейсін! Қыздарға престиж, бак, даңқ керек болса, ұлттық мәдениет пен тілге, өнеріне жақын болсын! Қазақша білмейтіндер жезөкшелердей мүшелерін жұртқа көрсетуден жарысу қазақ қыздарын аздырады. Қыз баласы азған ел өзі де құлдырайды!

Пікір қалдыру