«Ақ жол» Демократиялық партиясы «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауын өткізетінін хабарлады. Мақсаты «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын зерделеу, оны қазіргі Қазақстан қоғамына тарату болып келеді екен.
Байқауға қатысуға саяси партияларға мүшелігіне қарамастан студенттер, жас ғалымдар және журналистер шақырылады.
Пікірсайыс 3 кезеңнен, 4 номинация бойынша шығармашылық байқау түрінде өткізіледі.
Номинациялар:
1. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің мемлекет құрылысына және демократиялық құндылықтарға көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
2. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің экономикалық көзқарастары, олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі;
3. «Алаш» көшбасшылары жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік жаңғыруы, еуропалық жолмен дамуы мәселелері және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында биыл жарияланған жоғарыда аталған кез-келген тақырыптар бойынша үздік публицистикалық материал.
Кезеңдер:
1 кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу.
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс
Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың қазылар алқасы 1 айдың ішінде әрбір номинация бойынша 10 үміткерден іріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады.
2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін 3 айдың ішінде өткізіледі.
Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша баяндамалар жасайды, одан кейін бәсекелестерінің сұрақтарына жауап береді және сондай-ақ олардың баяндамаларын талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.
Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 2 үміткерден финалдық сатыға қатысу үшін іріктеліп алынады.
3 кезең: Алаш Орданың (Алаш үкіметінің) құрылғанына 96 жылдығы қарсаңында «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі.
2-ші кезеңнің жеңімпаздары барлық номинациялар бойынша баяндамалармен сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың басты марапаттарының иегерлері анықталады.
Конференция материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.
Байқаудың жүлделік қоры - 3 млн. теңге
Жалпыұлттық пікірсайыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі сыйақылар белгіленеді:
- 1-ші кезеңнің лауреаттары (әр номинация бойынша 10 үздік жазбаша жұмыстар) – 25 мың теңгеден;
- 2-ші кезеңнің жеңімпаздары үшін (әр номинация бойынша 2 үздік үміткер) – 100 мың теңгеден;
- әр номинация бойынша Жалпыұлттық байқаудың жеңімпаздары үшін – 250 мың теңге.
2-ші және 3-ші кезеңдегі бетпе-бет пікірсайыстарға қатысуға шақырылғандар үшін іссапар шығындарын «Ақ жол» партиясы төлейді. 1-ші кезеңге қатысу үшін байқау жұмыстары ««ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000, Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне, «Ақ жол» партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына немесе alash_akzhol@mail.ru электрондық поштамен жіберілсін.
Ал сәттілік, ендеше! Басқасын білмедік, бірақ «Жақсы» порталының біраз жігіттері бұл шараға қатысып, бақ сынаймын деп білектерін сыбанып отыр.
![]()
БҰЛ БӨЛIМНЕН
Бұл шолақ материалды кімге бағыттарымызды білмей басымыз қатты. Павлодар облысының әкімі Ерлан АРЫНға ма, мүмкін Алаш зиялыларының жоқтаушысы болып жүрген Ерлан ҚАРИНге ме? Әй, бірі болмаса, бірі оқыр...бірақ бұған селт етпеу мүмкін еместей көрінеді.
«Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің». Мән-маңызы мәңгі жойылмайтын мәтелдердің бірі осы. Қанша жерден «болашақ тұлғаны мектеп қабырғасы қалыптастырады», «орта өз дегенін істейді», «қоғам бағытынан алыс кету мүмкін емес» делінгенімен, адам баласына тәлім-тәрбиенің түп-негізін қалаушы – ата-ана, отбасындағы ахуал.
«Елеулі өзгеріс болмайды». Кезектен тыс өтетін сайлаудың нәтижесінде ел ішінде елеулі өзгеріс бола қояды деп есептемеймін. Бәрі бұрынғысынша жалғаса береді.
Естеріңізде болса, ғалымдар 2010 жылды «сонау 1880 жылдан бергі ең жылы жыл», ал 2011 жылды «соңғы 16 жыл ішіндегі ең суық жыл болды» деп мәлімдеген-ді.











ПIKIРЛЕР (7)
Сонда жеңімпазға үш миллион теңге бередіма
? Әлде 25 000 тенгема жалпы кететін қаржы 3 миллионба
осы сайыс былтыр ма аргы жылы ма уйымдастырылып еді, Ак жолдын Актау каласындагы представителінің идеясы деп таныстырган.
Жаксы порталының жігіттері білек сыбанып отырса баска журналистерге "армандапсың ақ тоқты, қыстыгүні көк шөпті" болады екен гой)))
ендеше жігіттер іске сәтт!!!
Армысыздар құрметті жамағат қауым!!!Ақ жол партиясының осындай үлкен игі істерді ұйымдастырып отырғанына үлкен рахмет айтамын.Алғысым шексіз.Ақ жол партиясының тасы өрге домаласың дегім келеді.Осындай үлкен байқаулар барша адамзат үшін пайдалы.Осы байқаулардың арқасыңда қазақтың қара көз ұл-қыздары алаш зиялыларын таниды,және үлгі тұтады.Мұның бәрі отансүйгіштікке итермелейді.Алаш қазақ үшін қасиетті ұғым,ар жағында қандай тарих,қандай түсінік бар екеніне қарамастан,бүгінгі жұртшылық тәуелсіздік ұғымын қазақ зиялыларымен байланыстырған жөн.Бұл тұлғалар қазақтың болашағы үшін,аяңбай еңбек етіп,тарихқа мәңгілікке өшпестей із қалдырды...
Жалпы бұл байқауға 3 млн теңге бөлінді.Жеңімпазға 3 миллион емес,250 мың теңге беріледі.Иә Жалпы кететін қаржы 3 миллион теңгеден алынад.
Жалпы бұл байқауға 3 млн теңге бөлінді.Жеңімпазға 3 миллион емес,250 мың теңге беріледі.Иә Жалпы кететін қаржы 3 миллион теңгеден алынад.
ПІКІР ҚОСУ